Әлеуметтік бағыттағы шығындардың қалыптасу. Жалпыэкономикалық бағыттағы шығындардың қалыптасуы



Тақырыбы: Әлеуметтік бағыттағы шығындардың қалыптасу. Жалпыэкономикалық бағыттағы шығындардың қалыптасуы
Орындаған:
Тексерген:


Білім беруге арналған шығындардың
қалыптастырылуы.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы мен әзірленуі
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге үкімет қүзырына білім беру жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың да жүзеге асуы мен әзірленуі жатқызылады. Бұл саясатты жүзеге асыруға үкіметпен бірге білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, жергілікті атқарушы органдары мен білім беру басқармасының жергілікті органдары да жүргізеді.

Мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы негізгі қағидаларына мыналар кіреді:
• ҚР барлық азаматтарының білім алуға қүқықтарының тепе-теңдігі;
• әрбір азаматтың интеллектуалдық даму, психофизиологиялық және жеке тұлғалылық ерекшеліктерін ескере отырып, барлық деңгейдегі білімнің тұрғындар үшін қол жетерлігі;
• білімнің зайырлы сипаты;
• жеке тұлғаның сауаттылығы мен дарындылығы дамуын ынталандыру;
• білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үдерісінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің біртүтастығы;
• меншік түрі, оқыту мен тәрбиелеу түрі, білім бағыттары бойынша білім беру ұйымдардың әртүрлілігі;
• білім беру, ғылым мен өндірістің интеграциясы;
• білім алушылардың кәсіби бағдары;
• білім беру жүйелерін ақпараттандыру.



Білім беруге арналған шығындардың құрамы бюджеттік жіктелімге сәйкес қалыптастырылады, өз кезегшде бүл білімге жүмсалатын шығыдардың функционалдық тобы болып табылады. Аталған функционалдық топтың республикалық бюджеттегі үлесі жыл сайын көбейіп отырады және бюджетгің барлық шығындарының 30% пайызынан астам мөлшерін қүрайды. Білім мен ғылымға арналған шығыстар 2016 жылы - 399, 3 млрд. теңге болса, бұл қаражат 2016 - 2018 жылдары 1 165, 4 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелеріне жұмсалатын қаржы ағымдарының құрылымы бюджет деңгейлеріне байланысты жіктеледі. Орталық республикалық деңгей қаражаттың үш бағытта жұмсалуын қамтамасыз етеді: орталық(республикалық) деңгейдегі мекемелерді қамтамасыз ететін; республикалық білім беру бағдарламарын жүзеге асыру үшін арналған қаржы; қаржылық көмекті қажет ететін аймақтарға арналған трансферттер түріндегі білім субвенциялары.

Білім беру саласының қаржыландырылуы келесі қосымша қаржыландыру көздерін тарту арқылы да жүзеге асуы мүмкін:
• білім беру мекемесінің өз кәсіпкерлік қызметі;
• білім беру мекемесінің пайдасына қайырымдылық қызмет көрсетуге қабілетті заңды және жеке түлғалармен қарым-қатынас жасау (демеуші ретінде көмек көрсету) .
ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес ақылы болып бюджеттен қаржыландырылатын сол мекеме бағдарламасы бойынша негізгі емес білім беру қызметтері ғана саналады. Негізінен мектепке дейінгі, мектеп жэне қосымша білім мекемелеріне тән келетін қосымша ақылы білім беру қызметтерінен басқа, кәсіби білім беру мекемелеріне бюджеттен тыс қаржы тартудың негізгі нысандары қатарына мыналар да жатқызылады:
• ғылыми-зерттеу, өндірістік, консалтингтік, сертификаттық қызмет, сараптық, ақпараттық жэне т. б. қызметтер көрсету;
• мемлекеттік тапсырыстан тыс мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару, барлық жекеменшік түрдегі кәсіпорындар мен ұйымдар, басқа заңды жэне жеке тұлғалар келісімі бойынша қызметкерлер құрамын дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру;
• шетелдік студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және тәжірибешілерді оқытудың ұтымды жэне табысты жүйесін қалыптастыру;
• оқу орындарының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын кезең-кезең бойынша ақьшы пайдалануға көшу.

Республикалық бюджетте білім беру саласына ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде барлығы 1 401, 8 млрд. теңге сомада, оның ішінде 2014 жылы - 474, 0 млрд. теңге, 2015 жылы - 448, 8 млрд. теңге, 2016 жылы - 479, 0 млрд. теңге қаражат көзделген. Жалпы 2014-2016 жылдарға арналған білім және ғылым жүйесін дамытуға арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:
Мемлекеттік білім беру бағдарламасының іс-шараларын іске асыру
оқытушылардың еңбегіне ақы төлеуді жетілдіру;
жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білімі бар мамандарды даярлау және қызметін ұйымдастыру және «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ны дамыту, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы салым бөлу арқылы дамыту;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ дамыту (12- кесте) ;
білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау, оның ішінде облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларын дамыту және білім беру объектілерін салу және реконструкциялау;
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ балабақшалар салу

Мемлекеттік білім беруді дамыту жөніндегі 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға арналған республикалық бюджет шығыстары

Қазақстан Республикасының Конституциясы заңмен бекітілген көлемде азаматтарға ақысыз медициналық көмек алуына құқылы болуына кепілдік береді. Республика азаматтарының денсаулығы мен амандығы «Қазақстан-2030» Стратегиясының ең бір аса маңызды ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде анықталады. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңына сәйкес денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының қаржымен қамтамасыз етілуі мемлекеттік бюджет, медициналық сақтандыру қаражаттары, ақылы медициналық қызмет көрсетуден түсетін қаржы, басқа да Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін қаржыландыру көздері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекетік денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру көздері:

Бағдарлама міндеттері ретінде келесі бағыттар таңдалған:
1) санитарлық-эпидемиологиялық саулықтың қамтамасыз етілуі мен азаматтар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық жэне ведомствоаралық өзара әрекеттерді нығайту;
2) денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін дамыту жэне жетілдіру;
3) медициналық жэне фармацевтикалық білімді жетілдіру, медициналық ғылым мен фармацевтикалық қызметті дамыту.
Бағдарламада көзделген мақсатты индикаторлар:
халықтың 70 жасқа дейін өмір сүру болжам жасалған ұзақтығын арттыру;
100 мың тірі болып туылғандардын 24, 5 дейін ана өлімін қысқарту;
1000 мың тірі туылғандардын 12, 3 дейін нәрестелер өлімін кыскарту
100 мың адамның туберкулез ауруына шалдығыуын 94, 7 дейін қысқарту;
15-49 жас аралығында топ арасында АҚТҚ инфекциясының таралуын 0, 2- 0, 6% шеңберінде ұстап қалу.
2014-2016 жылдар кезеңінде денсаулық сақтау жүйесіне республикалық
бюджеттен медициналық қызметтерді алуда азаматтардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында 2 027, 5 млрд. теңге, олардың ішінде 2014 жылы - 645, 6 млрд. теңге, 2015 жылы - 660, 3 млрд. теңге, 2016жылы - 668, 7 млрд. теңге бөлінетін болады.


Денсаулық сақтауға арналған шығындардың жалпы көлемінің ішінде ең үлкен үлес салмақты емдік-профилактикалық мекемелерді үстауға арналған шығындар алады. Мұндай шығындарға келесілер жатады::

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2016 - 2018 жылдары 2 198, 8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2016 жылы 700 млрд. теңгеге жетеді деп болжамдануда. Республикалық және жергілікті бюджеттер шығындарынан тұратын денсаулық сақтауга арналган мемлекеттік бюджет шыгындары 2014 жылы 436, 2 млрд. теңге астам болатын, 2015 жылы - 563, 4 млрд. теңге, ал 2016 жылы 697, 7 млрд. теңгені құрады. 2014-2016 ж. ж. аралығында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен қолдауға, орталық және жергілікті деңгейде қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік шыгындардың көлемі 1, 5 есеге көбейді.


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі ауқымды көлемде әрі қарай қүрылымдық реформа мен қаржыландыру жүйесінің жетілдірілуін аса қажет етеді:
• денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттік үлгісі бөлінген ақша қаражаттарының аздығына байланысты республика заңдарында белгіленген кепіл берілген көлемде түрғындардың тегін медициналық көмекке деген қажеттілігін өтей алмай отыр;
• халықтың басым көпшілігі үшін медициналық көмектің қол жетімділігі мен көрсетілетін қызмет сапасы төмендеді;
• кепілдік берілген көлеммен азаматтарға ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет арасында айқын шектеу болмау салдарынан тегін медициналық көмектің ақылы негіздегілермен алмастырылуы орын алуда;
• медициналық қызметтердің «сатып алушы» (кім төлейтіні) жэне медициналық қызметтерді «жабдықтаушы» (медициналық үйымдар) санаттары ажыратылмаған;
• өзінің түрғылықты жерінен тыс азаматтардың тегін медициналық көмекті алу мүмкін еместігі;
• көрсетілген медициналық көмек үшін бірыңғай тарифтік саясаттың жоқтығы.

Осыған байланысты медициналық қызмет көрсету сапасы мен қол жетімдігіне кепілдік беретін, денсаулық сақтауды қаржылай қамтамасыз ету үлгісі мен оңтайлы ұйымдастыру құрылымын жасау мақсатында үш деңгейлі қаржыландыру үлгісі ұсынылады:
• бірінші деңгей - мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі;
• екінші деңгей - міндетті медициналық сақтандыру;
• үшінші деңгей - міндетті медициналық сақгандыру бағдарламасы мен
гегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемінде қарастырылмайтын
қызметтердің еркін медициналық сақтандырылуы, сондай-ақ ақылы қызметтер.
Келтірілген іс-шаралардан басқа, республикалық бюджеттерден дамуға арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын денсаулық-сақтау нысандарының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл ретте, қаражаттар, ең алдымен, туберкулезге қарсы ауруханалар, перзентханалар мен орталық аудандық ауруханалар құрылысы мен жөндеулерге бағытталады.
,

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтардың еркін дамуы мен лайыкгы өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті әлеуметтік құқықтық демократиялық мемлекет болып табылады.
Әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретіндегі Қазақстанда түрлі қазіргі жағдайларға сай келетін элеуметтік салалар институттары қызмет етеді. Олардың барлық жиынтығы тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін айқындайды. Бұл институттар өз қызметінің барысында мүгедектерге, қарттарға, көпбалалы және толық емес отбасыларына түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Олардың қызметі тиісті заңды және нормативтік актілер ережелеріне негізделеді.


Республикалық бюджеттің жалпы шығыстарында әлеуметтік саланың шығыстары
негізгі үлесті құрайды. Мәселен, әлеуметтік қамсыздандыруға (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт) жалпы сомасы 8 754, 6 млрд. тг, оның ішінде 2014 жылы - 2807, 2 млрд. тг қаражат көзделген, бұл республикалық бюджеттің жалпы шығыстарының 39, 4%-ын немесе ЖІӨ-нің 7, 1%-ын құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2014 жылға
арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде 2014 жылдан бастап
көтеруді ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақылық
төлемдердің мөлшерлерін 14%-ға дейін және әлеуметтік төлемдерді 12%-ға
дейін көтеруге қосымша 53, 4 млрд. теңге көзделгенін атап өту қажет.
Жоғарғы көрсетілгеннің нәтижесінде ортақ зейнетақының орташа
мөлшері 36 145 теңгені құрады, ең төменгі зейнетақы мөлшері - 21 736 теңге,
базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге.
Зейнетақы төлемі көлемінің динамикасы

Республикалық бюджеттің «Мәдениет, спорт, туризм жэне ақпаратгық кеңістік» атты функционалдық топ бойынша шығындары мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салаларының қажеттіліктерін өтеу үшін көзделеді. Олар сол салалардағы мекемелер қызметінің шығындарын қаржыландыратьн басты дереккөзі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің рөлі мен маңызын айқындайды. Аталған функционалдық топ бойынша жұмсалатын қаражаттардың басты мақсаты жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жузеғе асыруы, қоғамның ізгілендірілуі, халықтың өзіндік ерекшелігін дамыту жэне сақтап қалу, тұрғындардың дене шынықтырумен, спортпен айналысуға жағдай жасау жэне оларды дамыту, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің жасалуы мен нығайтылуы, елде заманауи туристік кешеннің жасалуы.

Бюджет кодексіне сәйкес «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша республикалык бюджеттен мынадай бағыттарға қатысты қаржы бөлінуі көзделген:

Қазақстанда өмір сүретін барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз ететін үйлестірілген тіл саясатын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзірленген (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) .
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 2014-2016 жылдарға республикалық бюджетте 10, 2 млрд. теңге (2014 жылға - 3. 4 млрд. теңге, 2015 жылға - 3. 4 млрд. теңге, 2016 жылға - 3. 4 млрд. теңге) сомасындағы шығыстар көзделген.


Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014-2016 жылдарға арналған шығыстарын іске асырудан күтілетін нәтижелер:
1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру:
2014-2016 жылдар аралығында дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25, 0%, 26, 0% және 27, 0 % сәйкесінше;
2014-2016 жылдар аралығында балалар мен жеткіншектердің жалпы санына қатысты дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектерді қамту 12, 0%, 12, 6% және 13, 0 % сәйкесінше;
2014-2016 жылдар аралығында оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында шұғылданатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі 27, 5%, 28, 5% және 29, 5 % сәйкесінше;
2014-2016 жылдар аралығында, ауыл халқының санындағы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын жалпы санына ауыл халқының үлесі 20, 5%, 21, 0% және 21, 5 % сәйкесінше.


2016 жыл Салалар бойынша республикалық бюджеттің шығыстары

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын шығындар;
қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке жұмсалатын шығындар;
өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға жұмсалатын шығындар;
көлік және коммуникацияға жұмсалатын шығындар;
ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына және табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалатын шығындар.

Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz