Үшінші әлем елдері



«Үшінші әлем елдері»
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби
Филосовия және саясаттану факультеті
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
Тақырыбы:
Орындаған:
Қабылдаған:

Артта қалған елдер - «үшінші әлем елдері» -Азия, Африка, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдағы бұрынғы колония немесе жартылай колония болған елдердің шартты түрдегі жиыны. Бұл мемлекеттер: Тропиктік Африка (Гвинея, Эфиопия, Чад, Того, Танзания, Сомали, Батыс Сахара), Азия (Камбоджа, Лаос), Латын Америкасы (Гаити, Гватемала, Гвиана, Гондурас т. б. ) . 40 жуық мемлекет БҰҰ есептеуі бойынша артта қалған елдер категориясында. Бұған аталған елдермен қосымша Ауғанстан, Бангладеш, Лаос, Гаити кіреді.
Дүние жүзі бойынша ең кедей - 48 мемлекет, оның 33 Африкада орналасқан.

“Үшінші Әлем” - әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 - 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды. 1989 - 1991 ж. Оңтүстік-Шығыс және Орталығы Еуропа мен КСРО-дағы социалдық жүйе ыдырағаннан кейін екі лагерьге бөліну өз-өзінен жойылды. Оның орнына аса жоғары технол. жетістіктерге жеткен мемлекеттерде (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, т. б. ) постиндустриалды елдер деген атау орнықты (қара Постиндустриалды қоғам) . Ал дамушы елдерде “Үшінші Әлем” деген түсініктер қалып қойды. Қазіргі кезде “Үшінші Әлемге” негізінен Азияның, Африканың, Латын Америкасының артта қалған дамушы елдері жатқызылады.

«Үшінші әлем елдері» әлі күнге әлеуметтік, экономикалық, шаруашылық, даму барысы туралы мәселелер шешілмеген елдер тобы болып табылады.

120 мемлекет құлдық бұғауынан шыққанымен, экономикалық жағынан әлі де болса, тәуелді, қосымша саяси жағынан да қорғансыз елдер болып табылады.
Елдерде туу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, халық санының өсуі өте төмен. Шаруашылықта ауыл шаруашылық секторы өте жоғары (80-90%) болса да, тамақ өнімдері мен шикізатты өз елдерінде толық қамтамасыз ете алмайды. Неге? ….

Ауылшаруашылығы тек жергілікті халықты еңбекпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, қосымша алынған өнімдерді сыртқа экспортқа шығару арқылы ЖІӨ көлеміне түсетін валюта мөлшерін де реттеп отырады .

Бұл елдерде қалаларда негізгі транспорт - велотакси. Бангладеш. Себебі, бензин жоқ. …
«Үшінші әлем» елдерінде халық өте көп қоныстанған;
Территорияларында табиғат байлықтарының қоры өте көп.
Бірақ өз байлықтарының өнімдер күйінде шығаруы 18%, оның басым бөлігі - ауылшаруашылық өнімдері.
Кейбір елдерде жеке адам басына шаққан кезде өнім құны өте төмен, тіпті жоқ деп айтуға болады. Сондықтан олардың тұрмыс-тіршілігі өте төмен

Экономикалық жағынан бағыныштылық қаржы тапшылығына байланысты өсіп келеді
Жүз миллиондаған адамдар аштық күйін кешуде; жылына 1, 5 миллиард адам медициналық көмек ала алмайды; бала өлімі дамыған елдермен салыстырғанда өте көп. Сауатсыз адамдар саны 900 миллион адамнан артық. Дүниежүзі бойынша энергоресурстардың 1/5 ғана пайдаланады.

Бангладеш немесе Бангладеш Халық Республикасы (Bānglādesh - «бенгальдықтар елі» ) - Азияның оңтүстігіндегі 1971 ж. құрылған мемлекет.
Бұл елге жалпы сипаттама берсек:


Қазіргі кезде Бангладеш экономикалық өсудің “бастапқы нүктесінде” тұр деп айтсақ болады және де бұл ел үнемі әлемдік қолдауға зәру мемлекеттердің бірі болып отыр. Бангладешке ішкі ресурстар, ғылыми-техникалық саясат және экономикалық дамудың тактикасы мен стратегиясын жүзеге асыру бойынша мобилизация қажет. Бангладеш-өзенге бай ел, бұл жерде Оңтүстік Азияның ірі өзендері - Ганг, Мегхна и Брахмапутра - Бенгал шығанағына суларын құяды. Наурыз бен қыркүйек айларының аралығында бұл өзендер арнасынан тасу себебінен, көптеген аумақты алып, қиратулар мен қайғы-қасірет алып келеді.

Чад Республикасы
Чад Республикасы Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Нджамена. Ашық мұхитпен шектеспейді. Батысында Нижер, Нигерия, Кәмерун, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасы, шығысында Судан және солтүстігінде Либиямен шектеседі.
1960 жылдың 11 тамызында Ташад тәуелсіздігін алды. Ташадтың президенті және премьер-министрі болып Прогрессивті партиясыныңбасшысы Франсуа Томбалбай болды.
Мемлекет басшысы - президент, сонымен қатар қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. 2005 жылдың 6-маусымда Конституцияға еңгізілген өзгертулерге сай, президент жалпы тікелей және құпия дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Президенттікке ұсыну шектелмеген. Қазіргі президент - генерал-лейтенант Идрис Деби.
Заң шығару орган - Ұлттық жиналыс. Құрамы - 155 депутат, жалпы тікелей және құпия дауыс беру арқылы 4 жылға сайланады. Конституциядағы соңғы өзгерістерге сәйкес парламенттің жоғарғы палатасы Сенат қызметі тоқтатылған.

Көршілес елдермен қатынастары әртүрлі. Ташад үкіметі Ливия және Суданмен шекараларын қорғауға көп көңіл бөлуде. 1987 жылдың 2 қаңтарында Фаду үшін соғыс болып өтті, бұл ливия-ташад соғысындағы шешуші ұрыс болған. Бірақ та Ливиямен келісімге тек 1997 жылы ғана қол қойылды. Осыған қарамастан екі ел арасындағы қақтығыстар болып тұрады. Орталық Африка Республикасымен де проблемалар туындап отырады. 2002 жылы осы елдер арасында шекараның бірнеше жерлерінде қақтығыстар орын алды.
Ташадтың Вашингтондағыелшілігі



Гвинея Республикасы

1865 - 76 ж. Бұл өңірде француздар бірнеше қамалдар тұрғызып, Англия мен Германияны елден ығыстырып шығарды. Олар елдің ең құнарлы жерлерінде кофе, банан, ананас, мақта өсіруді жолға қойды. Алғашқы өндіріс орындары (тау-кен саласында) 1930 ж. ғана пайда бола бастады. 1958 ж. 28 қыркүйекте өткізілген референдумда Гаусс халқы Франция конституциясын қабылдамай, ел тәуелсіздігіне дауыс берді. Сол жылы 2 қазанда Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Француздар колониясын жоғалтып алғаннан соң, ел ішінен барлық француз дәрігерлерін, шенеуніктерін, мұғалімдерін, онымен қоса елдегі басқарудағы барлық архивтерді алып кетті. Бұл ел жағдайын қиындата түсті.
Гвинея демократиялық партиясы және оның жетекшісі А. Секу Туренің басшылығымен жер, өндіріс орындары, шетелдік компаниялар мен банк жүйелері мемлекет меншігіне алынды. 1984 ж. қантөгіссіз мемл. төңкерісі болып, алдыңғы конституция күшін жойды. Мемл. монополия шектеліп, елге шет ел капиталының енуіне жағдай жасалды. 1991 ж. өткізілген жалпы ұлттық референдумда жаңа конституция қабылданып, елде президенттік басқару, бір палаталы парламент қызметі енгізілді. 2008ж 22желтоқсанда президент Лансана Конте қайтыс болған соң, Демократия және даму бойынша Ұлттық Кеңес деп жариялаған тұлғалар ертесіне мемлекеттік төңкеріс жасап басқаруды қолына алды. Мусса Дади Камара президент болды, 2009ж желтоқсанда оған қастандық жасалды. Оппозиция билікке келіп, 2010ж 21 желтоқсаннан Альфа Конде ел президенті сайланды.

Қоғамды демократияландыру шаралары жүзеге асырылуда. Экономикасының негізі - тау-кен өнеркәсібі (боксит, алтын, алмас), қымбат ағаштар, т. б. экспорттың 96%-ін құрайды. Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Халықтың 70%-і а. ш-нда (мақта, темекі, кофе, банан, күріш, мал ш. ) жұмыс істейді. Дегенмен, азық-түлік өнімдері тапшы болғандықтан, сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Жапония. Гаусс БҰҰ-ның, Африка Бірлігі Ұйымының, Ислам конфедерациясы ұйымының, т. б. халықар. және аймақтық ұйымдардың мүшесі.

Мадагаскар Республикасы

Халқы 16, 4 млн. (2003), негізгі тұрғындары малагасийлер (98%) .
Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%) .
1993 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді президент басқарады.
Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент (ұлттық жиналыс пен Сенат) .
Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді.
1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше.

Табиғаты
Мадагаскар аралының шығыс және батыс жағалаулары аласа, жайпақ келеді; шығыс жағалаулары құм төбешіктер, батыс жағалауы - маржан рифтері. Солтүстік-батысы мен қиыр солүстігіндегі жағалауы биік жартасты, қатты тілімделген. Аралдың климаты тропиктік; солтүстік-батысында - экваторлық муссон климаты; шығыс жақ теңіз жағалауындағы ойпаттар мен үстіртті климатты ыстық әрі ылғалды. Айлық орташа температура 13 - 20ӘС-тан 27 - 33ӘС-қа дейін, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 мм-ден асады, ал кей жерлерінде 3000 мм-ге жетеді. Елдің шығысында тропиктік мәңгі жасыл ормандар өседі.

Экономикасы.
Мадагаскар - ауыл шаруашылығы дамыған ел. Күріш, картоп, жүгері, қант қамысы, темекі, т. б. өсіріледі. Балық аулау мен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ауыр өнеркәсібі мешеу қалған. Өндірістік салалар ауыл шаруашы - лығын өнімдерін өңдеуге мамандаған. Сыртқы кофе, қант, балық өнімдері, түсті металдар шығарылады. Сыртан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы, т. б.
Ауылшаруашылығы тек жергілікті халықты еңбекпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, қосымша алынған өнімдерді сыртқа экспортқа шығару арқылы ЖІӨ көлеміне түсетін валюта мөлшерін де реттеп отырады .

Жер аумағы 462840 км².
Халқы 5 млн. (2001) .
Астанасы - Порт-Морсби қаласы
Ресми тілі - ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады.
Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.
Мемлекет басшысы - Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор.
Үкімет басшысы - премьер-министр.
Жоғарғы заң шығарушы органы - Ұлттық парламент.
Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді.
Ұлттық мейрамы - Ұлт күн - 16 қыркүйек (1975) .
1975 жылдан БҰҰ-ға мүше.
Ақша бірлігі - кина.

Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б. з. б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.
1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
1906 ж. Австралия неміс протекторатының жерін басып алды.
Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Австралия Одағына берілді.
1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
1973 ж. желтоқсанда Папуа - Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.
1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.

Экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі.
Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучук өсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі.
Ет өндірісі үшін мал ш. жолға қойылған. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған.
Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі.
Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді.
Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшемі 2390 АҚШ долл. (1997) .
Негізгі сауда серіктестері: Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея.

Бурунди
Бұл мемлекет әлемдегі ең кедей ел болып саналады. Адам басына есептегенде ЖІӨ 177 доллар.

Бурунди, Бурунди Республикасы - Шығыс Африкадағы кішігірім мемлекет, әлемдегі неғұрлым аз дамыған елдер қатарына кіреді. Руандамен солтүстікте, батыста - Конго Демократиялық Республикасымен және шығыста және оңтүстік шығыста - Танзаниямен шектеседі. Теңіз шыға алмайтын мемлекеттер қатарында. Оңтүстік батысында Танганьика көлімен шайылып жатыр.
Саяси жүйесі:
Мемлекет басшысы - 5 жылға сайланатын президент. Саяси жүйесі көп партиялы. Атқарушы билік те президенттің қолында. Заң шығарушы билігі екі палата - Ұлттық Ассамблея және Сенаттың қолында. Тәуелсіздікке дейін 23 партия тіркелген болатын, лардың ішінде екеуі - Ұлттық прогресс және бірлік партиясы УПРОНА, Халық партиясы. Ал қазір ең беделділері Бурунди фронтының Демократиялық партиясы және УПРОНА
Мемлекеттік тілі - рунди және француз тілі

Бурунди - әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Халқының жартысынан астамы кедейшілік деңгейде. Жерінің 50%-ы егістік, 36%-ы жайылым, қалғаны орман және жарамсыз жерлер. Халқының 90%-дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істиді. Өнімнің көпшілігі ішкі нарықта қалады. Экспортының 54% кофе, сондай-ақ шай, мақта, тері өнімдері.
Импорты 429, 6 млн АҚШ доллары. Негізгі жеткізушілер Саудовская Аравия (12, 6 %), Бельгия и Люксембург (11, 7 %), Кения (8, 2 %), Япония(7, 8 %), Россия (4, 7 %), Великобритания (4, 6 %)
Экспорты 58, 6 млн АҚШ доллары. Негізгі экспорттаушылар: Швейцария (34, 4 %), Великобритания (12, 3 %), Пакистан (7, 8 %), Руанда (5, 1 %), другие страны ЕС (24, 6 %)
Мемлекет теңізге шыға алмайды және теміржол мүлде жоқ. Автомобиль жолының 7%-ы ғана асфальтталған
Әр 1000 адамға 20 ұялы және 4, 1 қозғалмайтын телефон

Халқы 8, 8 млн және өте тығыз орналасқандықтан ( 323, 4 адам км2), жеке адам басына шаққан кезде өнім құны өте төмен, тіпті жоқ деп айтуға болады. Сондықтан олардың тұрмыс-тіршілігі өте төмен. Қала Халқы 10 %. Туу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, халық санының өсуі өте төмен. Шаруашылықта ауылшаруашылық секторы өте жоғары болса да, тамақ өнімдері мен шикізатты өз елдерінде толық қамтамасыз ете алмайды.

Мозамбик
Мозамбик Мозамбик Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801, 6 мың км². Астанасы - Мапуту қаласы Халқы - 19, 1 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі - португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады.
Саяси жүйесі: Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - үкімет. Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні - 25 маусым (1975) . Мозамбик 1975 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша бірлігі - метикал.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz