Кәріс ұлты


Slide 1

Тақырыбы: Кәріс ұлты

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

Орындаған: Ист-23 тобының студенті

Зайнуллина Н. С.

Тексерген: т. ғ. к., аға оқытушы

Мухангалиева Ж. К.

ОРАЛ, 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Slide 2

Мазмұны

КІРІСПЕ

Кәріс туралы мәліметтер

1 КӘРІС ҰЛТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ

1. 1 Кәріс ұлтының тарихы

1. 2 Кәрістердің наным-сенімдері

1. 3 Ұлттық нақыштағы киім үлгілері

1. 4 Әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

1. 5 Тағам дайындау өнері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

КІРІСПЕ

Зерттелу мақсаты мен міндеттері. Этнографиялық деректерді зерттеп саралау арқылы кәріс ұлты туралы мәліметтерді көрсету жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Міндеті:

- Кәріс ұлтының тарихын деректемелерге сүйеніп отырып анықтау;

- Кәрістердің наным-сенімдері туралы ізденіп, зерттеу;

- Ұлттық нақыштағы киім үлгілерді зерттеу;

- Әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін талдау;

- Тағам дайындау өнерін зерттеп, саралау;

Slide 4

1. 1 Кәріс ұлтының тарихы

Қытай жазбаларында моңғолдардың шығысында “Шығыс шетел тұрғындары” деп аталатын тайпалар мекендеген. Бұл қазіргі - Корея.

Қытайлықтар оларды “дуньм”деп те атаған.

Қытайлықтардың деректеріне қарағанда, дуньмдер осы күнгі Корея жерін неолит дәуірінде, тіпті одан да ертерек кезде мекендеген. Біздің дәуіріміздің I мыңыншы жылдарында корейліктер өзара соғысып, көп бүліншілікке ұшырады.

Нәтижесінде Х ғасырда барлық Корея елі Ко-ре династиясына біріккен. Сол династияның атынан Корея атауы пайда болған. Алғашқы кезде жазу сызулары иероглиф негізінде болған.

Slide 5

"Корей" атауы "коре" деп аталынған орта ғасырлык мемлекеттің атынан пайда болған екен Егер "Чосон" деген сөздің иероглифтік жазбасының аудармасына көңіл бөлсек, онда "коре"-"Таң самалы елі" деген ұғымды білдіреді Кәріс - Кореяның негізгі халқы.

ХХ ғасырдың басында ұлт болып қалыптасты. Антропологиялық жағынан моңғол тектес нәсілдердің шығыс азиялық тармағына жатады. Кәріс тілінде сөйлейді. Кореяның этногенезі әлі күнге дейін шешілмей келеді. Шамасы олар әр түрлі тектегі этникалық топтардан қалыптасқан болуы керек.

Slide 6

1. 2 Кәрістердің наным-сенімдері

Діни нанымы жағынан бағзы заманнан шаманизмге сеніп, табиғат құдіретіне табынды. 3-4 ғасырда Кореяға буддизм кірді. Кейінгі орта ғасыр заманында Кореяға конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғасырда Кореяға христиан діні енді.

Slide 7

500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді. Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29, 3% құрайды (18, 3% - протестанттар, 10, 9% - католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі - 22, 8% құрап отыр. Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2, 5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сияқты мектептердің шәкірттері.

Slide 8

1. 3 Ұлттық нақыштағы киім үлгілері

Slide 9

Ерлер киімі - кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан (қыста мақта салып) тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады.

Slide 10

Әйелдер киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен байлап қоятын кең етегі тігілген юбкадан тұрады. Ұлттық киім үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Әйелдері мереке күндері киетін киімдердің бояуының түрлі-түсті болуына мән берген. Қыз балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті кофтадан тұрады.

Slide 11

1. 4 Әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері

Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т. б. тойларын атап өтуге болмайды.

Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.

Slide 12

Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады.

Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады.

Slide 13

Үйлену тойы міндетті түрде сенбі, жексенбі күндері өткізіледі. Корейлердің салты бойынша ұзатылған қызды оның шешесі күйеу жігіттің қолына өзі әкеп береді. Қалыңдық бұған үнсіз көнуге тиіс. Келін күні бұрын дайындалып қойылған айнаны жігіттің шешесіне береді. Жігіттің шешесі оны күріш салған қаптың ішіне тығады. Бұл ырым келін мен ененің тату болуын, ас-суға иелік етуін меңзеу. Ал келінді үйге кіргізгенде оның жолына ақ мата жайып, үстіне күріш төгеді. Ол келіннің жолы ақ және ырзықты болсын деген тілекті білдіру.

Slide 14

Корейлер отбасындағы қарт адамдарды құрметтеп, балалары олардың мерейтойларын тойлайды. Соның ішінде ең маңыздысы балалардың ата-анасының 61 жасқа толу мерейтойын тойлауы болып табылады. Бұл мерейтой егер отбасындағы балалардың барлығы ер жетіп, отбасын құрып, олардың тойлары жасалып, отбасында ешқандай қайғылы жағдай болмаса ғана тойланады. Егер ондай болмаса, мерейтой кейінге қалдырылып 2, 4, 6 жылдан кейін тойланады.

Slide 15

1. 5 Тағам дайындау өнері

Корейлердің ұлттық тағамдары - қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс.

Корейліктердің дәстүрлі тағамдары өсімдік тағамдар - жарма мен көкөністен жасалған тағамдар басым болып табылады.

Корейліктердің тағамдары Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген басқа халықтары сияқты күріш басым өнімді құрайды, күріштен (пап, паби) буға тұзсыз пісірілген ботқалар пісіріледі.

Slide 16

Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады.

Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады.

Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс -жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады.

Slide 17

Нори жапырақшалары

Піскен күріш

Балық, көкіністер: қияр, қызанақ, орамжапырақ.


Ұқсас жұмыстар
Өріс типтері
Деректер базасын басқару жүйесі туралы ақпарат
Геннадий Геннадьевич Головкин
Қазақ жеріне телевизия 1958 жылы келсе, 1960 жылы
Азиядағы мемлекет
Қамырдың ашуы
Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасы
Корей халқының тамақтану ерекшеліктері
Тү йіндеме
Өмірбаян қандай құжат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz