Б.Спиноза және оның этикасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Б. Спиноза және оның этикасы
Орындаған: Ист-23 тобының студенті
Н. С Зайнуллина
Тексерген: Оқытушы, магистр Н. Н Майманова

Мазмұны
КІРІСПЕ
1 СПИНОЗА ФИЛОСОФИЯСЫ
1. 1 Барух Спиноза өмірбаяны
1. 2 Құдай-Субстанция-Табиғат
1. 3 Гносеология мәселелері
1. 4 Адам, ерік және сезім қысымы мәселелері
1. 5 Еңбектері және цитаталары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттелу мақсаты мен міндеттері. Деректерді зерттеп саралау арқылы Б. Спиноза туралы мәліметтерді көрсету жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Міндеті:
- Барух Спинозаның өмірбаяның деректемелерге сүйеніп отырып анықтау;
- Құдай-Субстанция-Табиғат туралы ізденіп, зерттеу;
- Гносеология мәселелерін зерттеу;
- Адам, ерік және сезім қысымы мәселелерін талдау;
- Еңбектері және цитаталарын зерттеп, саралау;

1. 1 Барух Спиноза өмірбаяны
Барух Спиноза (1632-1677 жж. ) Амстердам қаласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оқу орнын бітіре алмай қалады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынан шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.

Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы. Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні: 1. Субстанция мәселесі; 2. Таным теориясы; 3. Этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктарина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне басты назар аударады. Негізгі еңбегі - “Этика”.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатты механикалықзаңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап көрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай - табиғаттың өзі.

Ең бастысы - Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ойын тудырады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады.

1. 2 Құдай-Субстанция-Табиғат
Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б. Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады Р. Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондықтан оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы - ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі - бірегей.

Дербес, ештеңеге тәуелді емес
Көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;
Өз-өзінің ішкі себебі бар
Уақыт пен кеңістікте шексіз
Тіршілік етеді
Мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды) ;
Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:
Қозғалыссыз.

Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда “Жаратушы” және “Жаратылған” деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалды. Субстанция, я Табиғат, Б. Спинозаның ойынша, “өзіне-өзі себепті”. Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерімен танылмайды. Осыған орай, Б. Спиноза деизмнің негізгі қағидаларын теріске шығарады, өйткені ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін мойындайды.
Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған “модустары” ретінде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеніннің өзі - ол терістеу.

Спинозаның Субстанция теориясының сызбасы

Құдай-Субстанция-Табиғат:
• Б. Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондықтан оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы - ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі - бірегей.
Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған “модустары” ретінде қарайды.
Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары бар. Олар созылу және ойлау.

1. 3 Гносеология мәселелері
Б. Спиноза нағыз шынайы білімге тек қана ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады деген пікірде. Ақыл-ой арқылы сөздерді жалпы ұғымдық дәрежеге көтеріп, оның мән мағынасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады . Олар бір-бірімен байланысты, жүйелі, сондықтан сезімдік танымға қарағанда анағұрлым биік дәрежеде. Егер Б. Спинозаның ойынша, сезім заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен біз заттың ішкі сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б. Спиноза өзінің “Этика” деген еңбегінде “геометриялық әдісті” пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Таным мәселелеріне келгенде біз Б. Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезімдік танымды ой елегінен өткізген білімнен айыру керек екендігін басым айтқан. Сезімдік таным әрқашанда бұлдыр, көмескі. Тек ақыл-ой ғана айқын білім береді. Ғылымдардың ішіндегі ең айқыны - математика. Сезімдік танымның бұлдырлығы ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің денесіндегі өзгерістермен, әсіресе сезім мүшелерімен байланыстырады.

Б. Спинозаның ойынша, шыңдықты танып-білудің үшінші түрі - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегеніміз - тікелей, сезім мен ақыл-ой елегінен өткізбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкіл Дүниенің біртұтастығын тануға мүмкіндік береді. Адам рухының шығармашылық қасиетінің негізінде біз шынайы аяқталған шексіздің идеясын ашамыз. Ол бізге интуиция арқылы ғана беріледі.
Тағы да бір ерекше атап кететін нәрсе - ол Б. Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс ілімімен (онтология) қосылп жатқаныңда. Оның себебі - субстанция-табиғаттың ойлау қасиеті бар.

1. 4 Адам, ерік және сезім қысымы мәселелері
Б. Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, олай болса, ол толығынантабиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қаситеі өзінің көрінісін табады. Бірақ адамның дене құрылысы толығынан табиғатқа бағынады. Сезімдік идеяларда да адамның денелік, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан дүниесінің өзінен шығатын идеялар, егер олар сезімдік танымнан анағұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза, ақиқатты. Оның ойынша, “дене жан-дүниені ойлауға итере алмайды, ал жан да денені қозғалтып, иә болмас тұрақтата алмайды”. Яғни субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.

Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан кейін, онда сүю, керек қылу, еріктікті аңсау сияқты күрделі құбылыстар болуы мүмкін емес дейді Б. Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде адам бүкіл дүниелік шытырман қарым-қатынастарға кіреді. Соның ішінде ол ең алдымен өзін сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзі оның неше түрлі сезімдері мен іңкәрлерін тудырады .
Оны философ аффектілер дейді. Олардың ішіндегі ең негіздігісі - құштарлық, ол денені сақтап қалу жолында пайда болады. Жандүние саласына кіріп, құштарлық іңкәрлікке айналады. Тағы екі күшті сезім - ол қуаныш пен қайғы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz