Соққы толқын. Өткір радиация. Радиацияға қарсы қорғаныс




Презентация қосу
Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институт

Соққы толқын.
Өткір радиация. Радиацияға
қарсы қорғаныс.

Тексерген:Калкашев.С.Ғ.
Орындаған: “Жас экологтар”тобы.
Болат Меңдікөл,Алтаева
Айғаным,Нуруллаева
Дина,Мысырова Диана
Жоспар:
1.Соққы толқын.
2.Өткір радиация.
3.Хиросима мен Нагасаки
қаласына тасталған атом
бомбасы.
4.Радиацияның әсерінен
сәулеленуге ұшыраған адамға
алғашқы көмек.
ы
л
т
ы
қ
Соққы толқыны — атом бомбасының жарылыс , қуатының тең жартысы
жұмсалатын ең күшті зақымдаушы фактор Ол жарылыс болған жерден жан-жаққа
С бірдей шапшаң жылдамдықпен тығыз ауа толқыны түрінде таралады, жолындағы
үйлерді, құрылыстарды зақымдайды. Соққы толқынының жылдамдығы жарықтың
жылдамдығынан едәуір кем (2 секундта 1 км, 5 секундта 2 км, 8 секундта 3 км)
өтеді. Сондықтан жарылыс жарқылын көрген адам дереу жасырынып үлгеруіне
болады. Жарылыс болған жер қашықтаған сайын зақымдау күші де әлсірей
береді. Адамдар паналайтын құрылыстар болмаған жағдайда шұңқырларға,
жыраларға, темір жолдар мен тас жолдардың жиегіне т.б. сол секілді табиғи
Соққы толқынның сырттай көрінісі
Соққы толқынның таралу
жылдамдығы
Бастапқы жағдай
Өткір радиация — ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер
(гаммасәулелер мен нейтрондар). Ядролық жарылыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа
тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны.
Тротнлді эквиваленті 20 мың тонна ядролык бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден
600 м қашыктықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге,
1,5 км қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да)
өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияның әсері жабулы
блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің кабырғаларынан, кемелер мен
танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында
немесе су астында жасалған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір
азайтады, қауіпсіздендіреді. Мыс., 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш
Өткір радиацияның күшін екі еседей кемітеді. Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы
орындарга жасырынган адамдар бірдей кашықтыкта түрғанның өзінде радиацияның
мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды.
Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының10-15 пайызы кетеді. Өткір
радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм
клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен
тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады.
Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқьшы біледі,
оны рентген көрсетеді.
Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын
тасталуы

Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын
тастау — Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ-
тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы.
АҚШ авиациясы 1945 жылы 6 тамызда Жапонияның
Хиросима қаласына бірінші атом бомбасын тастады.
Қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт
тұрғын қаза тапты, жарымжан болды.
1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом
бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың бөлігі
қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды. 
Хиросимаға тасталған атом бомбасының жарылысы
кезінде 1 км аймақта жер бетіндегі құрлыстардың бәрі
тып-типыл болған, ал 2 км жердегілер қатты
зақымданған, 3 км жердегілер одан сәл аздау, ал 10 км
қашықтықта — үйдің әйнектерінің қирағаны байқалған.
Хиросимадағы атом Нагасакидағы атом
жарылысы жарылысы
1945 жылы 6 тамыз 1945 жылы 9 тамыз
Атом бомбасы тасталғаннан кейінгі көрініс.(Хиросима қаласы).
Хиросимаға тасталған атом бомбасы.
Видео үзінді.
СӘУЛЕЛЕНУ ШАРПУЫНА ТҮСКЕН
АДАМДАРҒА КӨРСЕТЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға
радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену
шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық
жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен
сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады
және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті
түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау
қояды, т.б.).
Сонан соң зардап шеккенді залалданбаған жерде
орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа
апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле
ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады.
Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда
оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды
қолданады.

Ұқсас жұмыстар
Ядролық қару қолданған кездегі төтенше жағдайлардағы емдеу-эвакуациялық шараларды ұйымдастыру
Ядролық қару
Жарықтық сәулелену
Радиациялық күйіктер
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары
Атмосфералық ауаның радиациямен ластануы
Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР КӨЗДЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ
Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
Радиациялық қауіп
Пәндер