Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайлы


Slide 1

Табиғи сипаттағы

төтенше жағдайлар

Slide 2

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады.

Slide 3

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы

Техногендік сипаттағы

Slide 4

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Slide 5

Су тасқыны

Су басу

1) жер бетіндегі ағын сулардың немесе жер асты сулары деңгейінің көтерілуі; 2) өзен маңындағы жер аумағын су тасу немесе тасқын кезінде (табиғи cу басу), не өзен арнасы мен аңғарына жасанды түрде бөгет салу кезінде (жасанды су басу) судың қаптай жайылуы;

3) гидротех. ғимараттар салудан және жер беті суын тежеуден, сондай-ақ а. ш. жерлерін дұрыс суармаудан ыза деңгейінің көтерілуі. Негізінен белгілі бір алаптағы қар мен мұздың күрт еруінен және жауын-шашынның көп мөлшерде түсуінен болады.

Slide 6

Дауылдар

Slide 7

Дауылдар

Дауыл - теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы-20 м/с) . Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.

Дауылды жел - күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20-30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.

Slide 8

Құйындар

Slide 9

Құйындар

Құйын- атмосферадағы құйын - диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы.

Slide 10

Цунами -мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын.

Slide 11

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8, 9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 метрден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Цунамидің жойқын күшінен 3 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

Slide 12

Сел

Сел (арабша сайль - жойқын тасқын) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

Slide 13

Сел болған жерлер

1887 жылы жер сілкіну әсерінен Алматы қаласында нда көлемі 440 млн. м3 болатын ірі тастарды ағызып әкелген күшті, лайлы сел болды.

1928 жылы қатты нөсер жауын салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде 20-дан астам сел болып өтті.

Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы.

Текелі өзендерінде жойқын селдер болды.

Slide 14

Қар көшкіні Қар және мұз көшкіні- тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының шінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Slide 15

Джомолоунгма шыңындағы қар көшкіні

Slide 16

Өрттер

Slide 17

Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т. б. ) бар объектілерде болады.

Slide 18

Жанартау

Жанартау, вулкан - Жер қабатының тереңдегі жарылыдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.

Slide 19

Жер сілкінісі

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Slide 20

Жапониядағы Хонсю аралының шығыс жағалауындағы жер сілкінісі (магнитудасы 9, 0-ден 9, 1-ге дейінгі) 2011 жылдың 11 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 14:46-да болған жер сілкінісі. Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елдімекендер жермен-жексен болған. Елдің геологиялық қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркелген. Біреунің күші 7, 9 балл, екіншісі 8, 9 - ға дейін жеткен.


Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері және классификациясы
Төтенше жағдайлар көрсеткіші 2009 - 2010 жылдар
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Қарапайым қарулар
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Бақылау және қадағалау органдарын басқару қызметтері мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz