Қазақстан Республикасының құрылымы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
құрылымы.

Орындаған: Мысырова Д.Д.
Тексерген: Өтеулі М.С
Қазақстан
Қазақстан Республикасы — президенттік
Республикасы — президенттік басқару
басқару формасы
формасы бар демократиялық,
бар демократиялық, құқықтық, унитарлы,
құқықтық, унитарлы, зайырлы
зайырлы мемлекет.
мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа
конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция
бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш
билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті
президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған
және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5
жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47
депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті
соттар жүйесі атқарады.
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын белгілейді, барлық билік органдарының келісімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде
тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр.
Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы
жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент
болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның
президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999
жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік
сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
• Атқарушы билік
• Үкімет
• Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент
тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын
қамтамасыз етеді. 
• Қазақстан Республикасы;
• Сергей Терещенко (1991—94);
• Әкежан Қажыгелдин (1994—97);
• Нұрлан Балғымбаев (1997—99);
• Қасым-Жомарт Тоқаев (1999—2001);
• Иманғали Тасмағамбетов (2001—03);
• Даниал Кенжетайұлы Ахметов (2003—07);
• Кәрім Мәсімов (қаңтар 2007 ж. - 24.09.2012);
• Серік Ахметов (24.09.2012 ж.-2.04.2014 ж.);
• Кәрім Мәсімов (2.04.2014 ж. - 8.09.2016 ж.);
• Бақытжан Сағынтаев 8.09.2016 ж бастап
• Заң шығарушы билік
• Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан
тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл,
оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланады. Мәжіліс (107
депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады.
Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер
енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін
бекітеді, заңдарды қабылдайды, соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын
шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді
ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің
ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған
бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын
бекітеді, жергілікті үкіметтік органдарды таратады.
• Сот билігі
• Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы
сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда
Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар
қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін
(әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының
келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті
соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың
қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді.
Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен
парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды.
Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.
• Жергілікті билік органдары.
• Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық
маңызы бар 2 қалаға (Астана, Алматы) бөлінеді. Олардың
әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті
органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде
жергілікті халық сайлайды.
• 1991 жылға дейін елде тек жалғыз
коммунистік партия болды. Ол 1991
жылы таратылған КОКП құрамына
кірген болатын. Қазіргі таңда елде
конституцияға сәйкес көппартиялық
жүйе енгізілген.

Ұқсас жұмыстар
Республикасының мемлекеттік құрылымы
Қазақстан Республикасының конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы
Республика Үкіметінің құзыреті
Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
Қорғаныс министрлігі
Ақша айналымын басқару
Ұлттық Банктің негізгі функциялары
Азаматтық қорғанысының азаматтық ұйымдары
Пәндер