Митохондрия мен пластидтердің пайда болуы




Презентация қосу
Митохондрия мен
пластидтердің пайда
болуы.
Жоспар:

Митохондрия дегеніміз не?
Олардың пайда болу тарихы.
Пластидтер дегеніміз не?
Олардың пайда болу тарихы.
Пластидтердің түрлері
Митохондрия мен пластидтердің
клеткадағы маңызы.
Митохондрия ( гр. «митос»-жіп, «хондрион»-
түйіршік) – жіпше және түйіршік тәрізді органоид.
Ол автотрофты және гетеретофты организмдердің
цитоплазмасында кездеседі.
Митохондрия – қос мембраналы
органоид. Олардың көлемі тұрақты емес,
сондықтан да олардың сыртқы пішіні әркез
өзгермелі келеді. Көп жасушаларда
олардың қалыңдығы тұрақты 0,5 мкм, ал
ұзындығы тұрақсыз 7-10мкм-ге дейін
жетеді.
Пайда болу тарихы.
Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы Р.А.Келликер
жәндіктердің бұлшықеттерінен байқап, оларға “ сарқасома” деген
термин берді.
Альтман 1890 жылы арнаулы бояулар арқылы
митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды
“биопластырлар” деп атады.
1898 жылы Бенде бұл органоидқа митохондрия деген ат берді.
Михаэлис тірі жасушалардағы митохондрияларды жасыл янус
бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен
байланысты екендігін атап көрсетті.
Пластдтер – өсімдік жасушаларында
кездесетін ерекше, фотосинтез процесі
жүретін органоид.
Пластидтерді пигменттерінің құрамына
қарай хлоропластар, хромопластар,
лейкопластар деп үш түрге бөледі.
Олар бір түрден екінші түрге ауысып
отырады.
1903 жылы К.А.Тимирязев хлоропалстың
құрылысы бірыңғай емес, гетерогенді гранулды
екендігін эксперимент арқылы дәлелді.
Пластидті қант ерітіндісіне салып және оған
аздап су құйып отырғанда хлоропластың
сыртқы жасыл қабаты ортаңғы түссіз қабатынан
ажырағанын байқаған. Тимирязев хлорофилл
хлоропластың ішінде емес, оның сыртқы
қабатындағы грнаула да бірыңғай таралған
деген қорытындыға келген. Кейіннен
А.АТабенцкий 1948 жылы Тимирязевтің бұл
пікірін мақұлдады.
Митохондрияның маңызы:
Негізгі қызметі: энергия синтездеу. Олар
жануар мен адам жасушаларында көп болып,
белсенді қозғалысына қажетті энергия бөледі.
Митохондриялардың құрамындағы ақуыздар
– тотығу процесін қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар митохондрияның құрамындағы
ферменттер жасушалардың тыныс алуына да
қатысады. Митохондрияда органикалық
субстраттардың тотығуы және АДФ
фосфорлануы нәтижесінде АТФ синтездеу.
Сондықтан да митохондрияны «күш беретін
энергия станциясы» деп те атайды.
Пластидтердің маңызы:
Өсімдік жасушаларының кейбіреулерінде
митохондрия кездеседі, бірақ өте аз. Себебі,
өсімдіктреде митохондрияның кейбір
қызметтерін арнайы пластидтері атқарады,
соның ішінде хлоропласт- күн сәулесінің
әсерімен фотосинтез реакциясына қатыса
отырып, бейорганикалқ заттардан органикалық
заттар синтездеу арқылы өсімдік азығын
қалыптастырады. Бұл екі органоид та өзінің
құрылысы, ерекшелігі, атқаратын қызметтері
арқылы жасушаның маңызыд органоидтары
болып есептеледі.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Жалпы биология. Жалпы білім беретін
мектептің жаратылыстану бағытындағы 11-
сыныбына арналған оқулық.
2. Биология. Оқу-әдістемелік құралы.
3. Шың кітап. ҰБТ-ға дайындық кітабы.
4. Интернет желісі: www.wikipedia.org
www.biology.kz

Ұқсас жұмыстар
Клетка органоидтары
Қосмембраналы органоидтар
Қос мембраналары органоидтар. Пластидтер. Ядро. Митохондрия
Жасуша қабық
Жасуша құрылымы мен қызметі
Жасуша орталығы
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ ЖАНУАР ЖАСУШАСЫ
ЖАСУША ЯДРОСЫ
Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы морфологиясы
Саңырауқұлақтардың митохондриялық геномы
Пәндер