Мәдениет әлеуметтануы




Презентация қосу
Мәдениет
әлеуметтануы
Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі
“Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру,
әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты
мағыналарды білдіреді. Ғылыми
әлеуметтану мәдениетті, оның алуан
түрлерін адамның қолымен істелген және
ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған
еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті
саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы
болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам
әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет
қоғамдағы барлық құбылыс,
процестермен тығыз байданысты.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде
болады: Материалдық және рухани.

Материалдық -
бұл өндірістегі
құрал- Рухани- бұл
саймандар, ғылым,өнер,
техника, әдебиет,;
құрылымдар,
т.б.;
Мәдениет-
адам құндылықтарының жиынтығы.
Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-
әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет,
жұмысының, тәжірибесінің негізінде
жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің,
ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып,
салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың,
т.б. мұраттардың жиынтығы.

Адамдардың
шығармашылық іс-қызметінің
тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр
түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс
ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ
нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға,
әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы
күресін жоққа шығаруды айтады.
 
К. Маркс айтқандай, мәденит адамның
мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның
мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске
асырып орындауды, оның өзін-өзі
қалыптастыру және жан-жақты дамуын
қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде
қолдануды білдірмек.
мәдениет дегеніміз, жеке адам
бойындағы қасиеттердің дамуы және
қоғамдағы құндылықтармен
ұштастырылып, әлеуметтік
процестермен біте қайнасуы болып
табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы
жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының
сапалық сипаттамасы ретінде
субъектінің қоғамға, табиғатқа
қатынасының деңгейін білдіретін
категория.
мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:

1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның
табиғатты өзгерту, қайта құру
процесімен байланысты;
2) рухани мәдениет. Бұл адамның

дүниесін және оның әлеуметтік өмірін
өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттіжалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы
– мәдените әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің
қоғамдағы атқартын қызметінің заңдылықтарын,
нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің
алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және
әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени
қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл
топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара
халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті
тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік
институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып
жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің
жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени
әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр
түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым,
этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен
мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар)
дамуын болжап, жоспарлайды.
мәдениет әр уақытта адамның әлеуметтік қызметінде оның
тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатыны
көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:

б) адамдардың
материалдық
және рухани
а) адамның
болмыс-бітімі
нақтылы іс-
өндіріс
қызметінің
процесінде
тәсілі, оның
олардың іс-
шығармашылы
қызметінің
қ мазмұны;
затқа айналу
процесі ретінде
көрінеді.
Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі-
мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның
қоғамда атқаратын қызметінің шығармашылық
заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің
шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда
жаңа маөмұндағы мәдени және рухани құнды
мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени
әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни
жүзеге асуы міндеттеоген іс-қызметтің
(жұмыстың)орындалу мазмұндарын анықтайды.
Мысалы, жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір
көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік
тапсырысты орындауға қандай факторлар
кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды
жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім,
кеңес, ұсыныстар береді.
Мәдениеттің
мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз
байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр
түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі
элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты
атқаратын қызметі таным, яғни таңба-символдық элемент
болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.
Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы

қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл-адамзаттың
білімі мен тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.
Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен
байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба,
символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың
әрқайсысы жоқ объектілердің қарама-қатынастары болған
уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып
саналады. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие
прцестерінде біліп ұүйренеді, сонан кейін оларды жаңа
мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін
қолданады.
Мәдениеттің екінші элементі-ол
құндылық, танымдылық жүйесі.
Құндылық деп, әрбір қоғамдағы
әлеуметтік субъектінің (адамдардың
немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар
мен жіктердің, бірлікткрдің) мұң-
мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін,
қажеттілігін қанағаттандырытын
құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін
айтамыз.
Мәдениеттіңматериалдық саласы: еңбек
мәдениетін оқып білу, зерттеу(оның ішінде еңбек,
еңбек процесі, өндірісті басқару және әр түрлі
еңбекшілер тобының мәдени-техникалық
дәрежелердің көтерілу жағдайлары );
тұрмыстық- материалдық мәдениеті, оның ішінде
тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы,
әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-
ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды
сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін,
қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің
территориясын мекендейтін халықтардың
экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр
жынысты адамдардың өндірістегі мәдени
қатынастарын, т.с.с. кеңінен зерттеу.
мәдениеттің саяси (оған құқықты
мәдениетті кіргізе отырып) саласында:
қоғамның барлық салалрында
еңбекшілердің қоғамды, өндірісті
басқаруға белсенді қатынасуын,
демократияның барлық түрлерін дамыту,
адамдардың алуан түрлі топтарының,
жіктерінің саяси және экономикалық
білімін көтеру, олардың саяси
белсенділігін арттыру, т.б. (Бұл жерде
мәдени әлеуметтану саяси
әлеуметтанумен тығыз байланысты).
экономикалық мәдениет саласында
нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің
экономикалық білімдерін, олардың
нарықтық қатынастардың принциптерін
толық игеріп, меңгеруі басты мәселе
ретінде зерттеледі.
мәдениеттің
рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір
топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени
дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (терроториялық)
бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің
жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр
түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем
әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің,
олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей,
кітапхана, т.б.) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі
мәдени өқызметін (оқу, мамандырылған емес
техникалық және көркемдік шығармашылықпен
ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен
ауыл-селолардың, облыстардың, жалпы
республиканың мәдени дамуының әлеуметтік
және болжам жоспарларын зерттеу, т.б. жатады).
Орындаған:
Жакупова Ү.
Группа:11ҚТОМ

Ұқсас жұмыстар
Пайдаланылған әдебиет
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымының түсінігі
Әлеуметтік өзгеріс
Саяси әлеуметтану
Профильдік мектептер
Тұлға күші
Жастар әлеуметтануы
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Отбасы әлеуметтануы туралы
Пәндер