Тұлға әлеуметтенуі: индивидтің дамуы, құндылықтардың қалыптасуы және әлеуметтік бейімделу

Тұлға әлеуметтенуі
Адам
Жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі
Сондай-ақ адам-жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде “жалпы” дегеніміз жалпы адамзаттық, “ерекшелік” дегеніміз қоғамдық таптық, ал “жеке өзіндік” дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл белгілері.
Индивид
Халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың жеке алғандағы, дараланған мүшесі.
Индивидтердің біріккен қызметі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде “индивид” ұғымы “нақтылық адам” мағынасында қолданылады.
Тұлға
Индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамға тән сапалар мен неғұрлым толық көрініс табады.
Тұлғаның сипаттамалары болып:
Өзіндік ерекшеліктер
Сана
Бағалы бағдарламалар
Әлеуметтік қатынастар
Қоғамға деген біршама дербестік
Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік
Өзіндік сана
Индивидтің өзіндік менінің қалыптасуының нәтижесінде әлеуметтік ортадан өзін бөліп көрсете алуы және де олармен тығыз байланыс
Өзін-өзі бағалай алуы
Басқа адамдар арасындағы өзінің алатын орнын, мүмкіндіктерін, қабілетін өзінің аңықтауы. Бұл қасиеттің атқаратын басты қызметі-тұлғаның тәртібін ретке келтіру. Осының арқасында тұлға өзінің қылығын өзі түзете алады.
Белсенділік
Тұлғаның өз бетінше әлеуметтік мәнді қызметтер атөара алуы.
Қызығушылықтар
Тұлғаның үнемі қажеттіліктер мен мақсаттарына сай өзгеріп отыруына түрткі болатын, жаңалықтарды танып, білуге итермелейтін танымдыө механизм.
Бағыттылық
Тұлғаны белгілі бір мақсатқа жетуге талпындыратын түрткілердің тұрақты жиынтығы.
Құндылық бағыттарының қалыптасуы
Өмірдің негізгі мақсаты болып саналатын және оған жетудің негізгі құралы ретінде танылатын, сондықтан адамның тәртібін реттеу қызметін атқаратын, әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы.
Сәйкестену
Индивидтің саналы түрде өзін басқа адамдармен, әлеуметтік қауымдастықтармен сәйкестендіруі. Соның нәтижесінде тұлға өзін белгілі бір этникалық, саяси, территориялық, діңи, тілдік қауымдастықтардың жиынтығы.
Адамдардың бүкіл іс жүзіндегі қызметі-объективтік жағдайлардың көрінісі мен қажеттіліктерді қанағаттандыру.