Тұлға әлеуметтік жүйе
Презентация қосу
Тұлға әлеуметтік
жүйе
Жоспар:
1) Тұлға ұғымы және мазмұны.
2) Тұлғаның әлеуметтік
тұрпаттары.
3) Тұлғаның әлеуметтенуі.
4) Жеке тұлғалар.
Тұлға проблемасы кешенді проблема. Оны барлық
қоғамдық ғылымдар (философия, психология,
педагогика, саясаттану т.б.) зерттеуде.
Әлеуметтану ғылымында зерделенетін барлық
проблемалар тұлға мәселесіне келіп тіреледі.
Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен
қатынастардың бірінші өкілі. Тұлға дегеніміз кім
екенін анықтау үшін әуелі “ адам ” , “индивид” ,
“индивидуалдық” деген ұғымдарды түсініп алу
керек.
Тұлға ұғымы әлеуметтік институттар мен
ұйымдарда әрекеттестік түсіп, бірге қызмет атқару
және басқа адамдармен байланыс орнату
барысында қасиеттері қалыптасқан индивидтер
туралы қолданылады.
Адам - homo sapiens қалыптасқаннан
беріде пайдаланылып жүрген жалпы
түсінік.
Адам – биологиялық индивид, жердегі
тірі организмдердің жоғарғы сатысы,
күрделі және ұзаққа созылған
биологиялық эволюцияның жемісі,
эволюциялық мәдениеттің алғышарты
және субьектісі. Адам биологиялық
тіршілік иесі болғандықтан, осыдан
бастап оның индивидуалдығы
қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі
“ индивид” деген ұғыммен байланысты.
“ Индивид” дегеніміз халық, қоғам, тап,
әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік
қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке
өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі,
қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік
қатынастардың жүйесі қалыптасады. Индивидтің
басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік
ерекше қасиет сипатын, бір индивидті екінші
индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығы.
Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерін
айрықша көрсету үшін қолданылатын атау. Тұлға
әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші
өкілі. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-
мағынасын айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның
әлеуметтік бастауларын айқындайды. Тұлғаның әлеуметтік
мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы
көріністерін зерттейтін жекеленген қоғамдық ғылымдар үшін
өте маңызды. Тұлға көбіне қоғамдық, әлеуметтік
қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Тұлғаның
әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде
оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
Тұлғаның әлеуметтік тұрпаттары әрбір қоғам
болмысына, талаптарына сай келетін мінез-құлқы бар
тұлғаларды қалыптастыруға тырысады. Бірдей объективтік
жағдайда қалыптасқан тұлғалар әртүрлі тұрпатта болып
шығады. <<Әлеуметтік тұрпат>> деген санатпен белгілі бір
әлеуметтік қауымдастыққа енген тұлғаларда
қайталанатын әлеуметтік мәні бар қасиеттердің
жиынтығының жалпылама бейнесін атайды. Бір-біріне
ұқсас әлеуметтік сипаттары бар адамдарға тән
қызығушылықтар , ой, сезімдері, қажеттіліктері, құндылық
бағыттары тұлғаны әлеуметтік тұрпаттарға бөлуге негіз
болады.
Әлеуметтануда тұлға
тұрпаттарын сипаттайтын үш
ұғымды бөліп көрсетеді:
Тұлғаның модальды
идеалдық тұтрпаты
нормативті ұрпаты
Р.Мертон тұлға тұрпаттары негізі ретінде
әлеуметтік бейімделуді алады да, қоғамның
мақсатын қабылдап, оны қоғам мәдениетіне
сәйкес қолдайтын белсенді тұлға үлгісін
жасайды. Бұл тұлғалар өзінің де, қоғамның
да мақсатын қолдау табатын жолмен жүзеге
асырады. Бейімделу мен тұлғаның негізгі
тұрпатымен қатар Р.Мертон бейімделудің
ауытқыған бес түрі мен оларға сәйкес
келетін тұлғалардың ауытқыған
тұрпаттарын ажыратып көрсеткен:
аның әлеуметтенуі – нақты бір қоғамда әлеуме
ерді тиімді орындауды қамтамасыз ететін білім
лері, нормалар мен құндылықтарды индивидтің
еру үрдісі. Әлеуметтенудің басты маңызы – адам
огиялық мәнінен әлеуметтік мәнге өтуі, оның өз
ше жеке шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болы
мда өзінің орнын анықтауы, әлеуметтік мәні бар
ттерін өзіндік менінің қалыптасып, басқалардан
шелігін сезінуі. Рөлдік теория бойынша әлеумет
ғалардың арасындағы әрекеттестіктер негізінде
меттік рөлдерді меңгерулерінің үздіксіз үрдісі.
Әлеуметтенудің үш
кезеңі:
Имитация
Ойын
Ұжымдық ойын
Әлеуметтенудің психологиялық
тетіктеріне:емістеу, сәйкестену мен кінә және ұят
сезімдерін жатқызамыз. Емістеу (имитация)
балалардың белгілі бір мінез-құлқы үлгілеріне ата-
анасына, туыс-туғандарына, дос-жолдастарына
еліктеуі. Сәйкестену немесе ұқсастыру
(идентификация) өзінің нақты бір қауымдастыққа
жататынын ұғыну тәсілі. Сәйкестену арқылы
балалар қауымдастықтың құндылықтарын,
нормаларын, мінез-құлық үлгілерін қабылдайды.
Емістету мен сәйкестену, мінез-құлық үлгілерін
бойына сіңіруге бағытталғандықтан, әлеуметтену
үрдісінің жағымды механизмдері болып
есептеледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz