Атмосфера, топырақ және су жүйелері: биосфералық функциялар мен антропогенді ластану


Slide 1

Тірі организмдер

Бейсембай Аңсаған

Мсх-по-2-13

Slide 2

Ауаны ластаушы көздері

Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан бүкіл жер шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғандықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін биосфераның құрамдас бөлігі болып табылады. Адам іс - әрекетінің нәтижесіндегі ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлініп шығарылуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор. Атмосфер бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажет ететін газдармен басқа химиялық элементтермен байытады.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өңдеу орындары және т. б өндіріс салалары.

Slide 3

Ауаның ластануы

Slide 4 Slide 5

Ауаның зиян келтіруі

Slide 6

Топырақ

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді.

Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Slide 7 Slide 8

Топырақтану

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.

Slide 9

Топырақ

Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар. Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.

Slide 10

Топырақта тіршілік ететін организмдер

Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары) ;

геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae) . Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер) . Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:

микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыд

балдырлар (Cyanophyta), бактериялар (Bacteria), саңырауқүлақтар (Fungi) және қарапайымдар (Protozoa) жатады.

мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.

макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т. б. ) .

мегафауна - топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т. б.

Slide 11

Су қасиеттері және тірі зат

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі - су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.

Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн.

Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдей бастайды, 20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды. Адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді.

Су - түсі, исі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, беткі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық (жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойына «сорып» алып күн көруі үшін өте қолайлы.

Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарату жүйелерінде көп пайдаланады. Қоршаған ортаның жылуын су өзіне жинап алатын болғандықтан өнеркәсіпте жылу алмасатын орталықтар жұмыс істейді.

Көптеген өндірістік процестерде құрал-сайман тез қызбау (темір немесе тас кескенде) және кептіріп жылыту (кептіргіш қондырғыларда) үшін су қолданады. Су электр энергиясын алуға, жүк тасуға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық қажетті өтеу үшін керек.

Slide 12

Жер асты сулары

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.

Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. [3]

Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында - су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады - жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адамшаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.

Slide 13

Өлі табиғаттан тірі организмдерді өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер:

химиялық құрамының біркелкілігі,

заттар мен энергияның алмасуы,

құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,

көбею,

тұқым куалаушылық,

өзгергіштік,

өсу мен даму,

тітіркенгіштік,

дискреттілік (оқшаулану),

өзін-өзі реттеу,

ырғақтылық қасиеттер де тән.

Slide 14

Тірі организмдер дүниесі


Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның антропогенді әсері: радиоактивті қалдықтар мен радиоактивті ластану
Түркістан облысының экологиялық проблемалары: ауыр металдармен ластану, топырақ деградациясы және Сырдария су ресурстарының жағдайы
Топырақ және атмосфера микроорганизмдері: құрылымы, экологиялық рөлі және санитарлық-микробиологиялық бағалау әдістері
Ғаламдық экологиялық мәселелер: су, ауа және топырақ ластануы, озон қабатының жұқаруы мен қышқыл жаңбырлар
Топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдар: ластану, физиологиялық әсерлері және залалсыздандыру әдістері
Су сапасының негізгі көрсеткіштері, ластану себептері және тазарту әдістері
Топырақ қоршаған орта нысаны ретінде: ластану, деградация және қорғау шаралары Қазақстан жағдайында
Ластаушы заттар мен токсиканттар: токсикология және ауа, су, топырақ ластануы
Қазақстандағы су ресурстарының ластану көздері, түрлері және сапасын бағалау
Санитарлық-экологиялық және биосфералық мониторинг: мақсаттары, әдістері мен құжаттық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz