Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері


Slide 1

Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері

Орындаған:Кидралин Наурыз

Slide 2

Жоспар:

1. Аграрлық қатынастардың мәні. 2. Аграрлық қатынастардың ерекшелігі. 3. Ауыл шаруашылығының дамуы.

Slide 3

Аграрлық сала - бүкіл халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып табылады. Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді) .

Жерді иелену және қолданумен байланысты

әлеуметтк- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз .

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.

Slide 4

Аграрлық қатынастар

Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т. б. ) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты.

Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Slide 5

Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда, көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс- әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты

Бүкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде

болады. Жер, сондай-ақ Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін » ( 6 бап, 3-ші пункт ) .

Осындай заңға 1995-ші жылы 25-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңын жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және жерді қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған. Алдымен кез келген шаруашылық субъектілерін (ұжымдық немесе жекелеген) қызықтыратын нәрсе ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайының ерекшеліктері.

Slide 6

Осы ауыл шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіп

өндірісінен біршама ерекшеліктері бар.

Slide 7

Өсімдік шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының салалары

Мал шаруашылығы

Slide 8

Балық аулау

Аңшылық

Омарта шаруашылығы

Slide 9

Ауыл шаруашылығының маңызы

Дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді

Slide 10

басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра, орман, тау, құм, су бассейндері, қала және ауылдық тұрғындар қонысы, өнеркәсіп пен транспорт объектілері алады.

Жер - бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Жер

Slide 11

Ауыл шаруашылығы экономикасы - экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997) . Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді.

Slide 12 Slide 13

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Еңбек өнімділігін арттыру туралы ақпарат
ФАО
Азаматтық құқық жайлы
Заң ұғымы мен оның түрлері
Қайта өрлеу философиясы
Халықаралық құқық
Мәдениет және өркениет ұтымдарынын жалпы аныктамасы
Әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері мен сипаттамалары
Қоғам дамуының сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz