Ортағасырлық Батыс философиясы



Ортағасырлық Батыс философиясы
Орындаған:

Кіріспе
Орта ғасырларда іс жүзінде философия дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, геіздеуі тиіс болды.
Ортағасырлық философиядағы негізгі күрес, айтыс “универсалий” деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелер төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді.
Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді.

Реализм мен номинализм

Ортағасырлық философияның ілімдері

Апологетика б. з. II ғ.

Патристика

Схоластика

Аврелий Августин
Аврелий Августин (354 - 430 ж. ж. )

Пьер Абеляр
Пьер Абеляр
(1079 - 1142 ж. ж. )
Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ.
Негізгі еңбегі - “Бар мен жоқ”.
Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол - құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

Фома Аквинский
Фома Аквинский (1225 - 1274 ж. ж. )
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы.
Дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі.

Дунс Скотт
Дунс Скотт (1265 - 1308 ж. ж. )
Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты.
Құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі - игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі.

Роджер Бэкон
Роджер Бэкон (1214 - 1294 ж. ж. )
Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі.
Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы - тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді.

Ансельм Кентерберийский
А. Кентерберийский
(1033 - 1109 ж. ж. )
Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі - Италияда өмір сүрген архиепископ.
Оның ойынша жақсылық, әділеттілік, ақиқат ұғымдары адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүреді. Ол құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысады.

Уильям Оккам
Уильям Оккам
(1285 - 1349 ж. ж. )
Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы.
Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.
Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т. б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат) .

Қорытынды
Ортағасырлық философия тұтас алғанда идеалисттік сипатта болғанымен, онда да Платон мен Демокриттің бағыттарының арасындағыдай күрес жүріп жатты. Ол күрес көбінесе логикалық терминдер төңірегінде болды. Универсалийдің табиғаты жайындағы орта ғасырлық пікір таластары логика мен гносеологияның одан әрі дамуына, әсіресе жаңа заманның ірі философтарының іліміне айтарлықтай әсерін тигізді.

Пайдаланылған әдебиет
Тұрғынбаев Ә. Х. Философия: Оқулық. - Алматы: “Білім”, 2005 ж., - 304 б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz