Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар




Презентация қосу
Топырақтың негізгі
типтеріне шолу. Тундралық
топырақтар.
Жоспар:
1. Топырақ туралы түсінік.
2. Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар.
3. Топырақ жамылғысының түрлері.
4. Арктикалық және тундралық зоналардың топырақтары
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында
алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулерді ң деректері
бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде
пайда болған.Топырақтану ғылымының негізін қалаған 1866ж орыс ғалымы
В.В. Докучаев.
Топырақ типтері дегеніміз – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар

Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары
бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың
әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының
беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.
Абиогендік фактор
Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ
геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар су ға
шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы
жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың е ң негізгі
қасиеті табиғи құнарлылығы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші
жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қыш қылдар шы ғарады.
Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда бол ған. Шірінді
үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен.
Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің
нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді
мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен
органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап
өзгертіп, өңдеп шығарады.
Климат
Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске
қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа
байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде
баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сия қты, топырақты ң ендік
зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.
Жер бедері
Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне
байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың
топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге
түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады.
Антропогендік фактор
Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан
топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып,
батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне
пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым
топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.
Топырақ жамылғысының түрлері
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона
Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп
жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының
солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар
жерін (9,5%-ын) алып жатыр.
Қара топырақты зона 3 зона аралығына бөлінеді:
1) сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана
бөлігін алып жатыр;
2) кәдімгі қара топырақ
3) оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән.
Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара
шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топыра қты ң қара
шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген
жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы
Бұл зона қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан.
Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы
ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан
облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл –
республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы)
және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе
республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара
қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына
бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр
топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр
топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр
топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы
оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара
қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр
топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал
шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ,
3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде
астық өндіру мен мал шаруашылығымен
айналысады.
Шөлді топырақ зонасы

Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе
республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем
аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы —
шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң
жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын
мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi
қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр
топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен
эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га.
Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм.
Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта
құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл
жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік
суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Тундралық зона топырақтары
Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінін барлық жер көлеміні ң 8,1%-
ін алып жатыр. Бұл көлемге негізінен Сібір өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы-
тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялы қ д әуірі
жағынан алып қарағанда, бұл аймақ мұз дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.
Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетін
ыдырамалы, батпақты-күлгінді болып келеді.
В.В. Докучаев тундра топырақтарының генетикалық типтерін ажыратып
жазған болатын.
Н.М. Сибирцев 1900 жылғы классификасында тундра топырақтары
зоналық топырақтар деп көрсетілген.
Тундралық глейлі топырақтардың 4 тип
тармағына бөлуге болады:
тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар

тундралық глейлі гумусты топырақтар

тундралық глейлі торфты топырақтар

тундралық глейлі күлгіндеген топырақтар
Тундралық әлсіз глейлі гумусты топырақтар негізінен
Солтүстік-сібір провинциясы жерлерінде таралған. Топырақтың
қабатты беткі жұқа торфты төсеніштен (2-3 см), гумусты қабаттан
А1 (3-5 см) және татты дақтары бар минералды қабаттан түрады.
Топырақ қабатының қалыңдығы 40 – 60 см, ал жоғарғы қабаттағы
гумус мөлшері , ол В қабатында 1,5 – 3,5 %. Негіздерге жақсы
қаныққан.
Тундралық глейлі топырақтар арктикалық тундраның европалық
бөлігінде және Солтүстік-сібір провинциясының өте ылғалды
жерлерінде кездеседі.Торфты төсеніш қабатының қалыңдығы А0 – 2 -3
см. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60- 80 см. Топырақ ортасы
қышқыл, негіздерге қанығуы 20-50%.
Тундралық глейлі торфты топырақтарына Оңтүстік және орманды
тундра топырақтары тән. Топырақ қабатының жалпы қалыңдығы 60-
100 см. Беткі торфты төсеніш қабатты.

Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ
Тундра мен орман тундрадағы индикациялық заңдылықтар
ТОПЫРАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Топырақ ортасының реакциясы
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Топырақ жайлы
Шымды топырақтар Шымды - күлгінді
Топырақтың маңыздылығы, қасиеттері
Қара топырақтар
Тірі организмдер
Пәндер