Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде



Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде
Тобы: Э-17-1М
Орындаған: Аппазова С. М

Жоспары:
Педагогикалық әрекет туралы түсінік
Әрекет компоненттері
Педагогикалық әрекет құралдары

Түйін сөздер: педагогика, әрекет, ғылым, тәрбие,
методика, мотивация, оқушы, мұғалім, құрал
Ключевые слова: педагогика, действие, наука,
воспитание, методика, мотивация, ученик, учитель,
инструмент
Key words:pedagogy, action, science, education, method,
motivation, disciple, teacher, tool

Қарапайым жағдайда «іс-әрекет» ұғымының синонимдері бар - жұмыс, іс, әрекет. Ал, ғылымда іс-әрекет адамның тұрмысы мен байланыста қарастырылады және философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика және т. б. ғылым салаларында оқытылады. Іс-әрекетке философияда былай анықтама беріледі: специфищески, человеческой формы активного отношения окружающему миру, яғни, «қоршаған ортаған адамның белсенділігнің қатынасы».

Б. Ф. Ломов
психолог
«іс-әрекет - көп өлшемді», сондықтан іс-әрекетті бірнеше түрге топтауға болады. (рухани және практикалық, репродуктивті (орындаушылық) және шығармашылық ; жеке және ұжымдық т. б. ) .


Педагогикалық іс - әрекет
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған орай, мұғалім-шебермен қатар практикалық әрекет пен рухани тәжірибенің құпияларымен таныстыратын мұғалім тұлғасы пайда болды, педагогикалық іс-әрекет пайда болды. Педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адам қоғамдағы ерекше орны бар тұлғаға айналды.


Кәсіби іс-әрекет
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім, біліктерді меңгере отырып, теориялық және практикалық педагогикалық меңгеру; іс-әрекеттің жоғарғы нәтеже алу үшін, кәсіпкерліктің жоғарғы деңгейіне жету үшін қажет, білімдермен қарланып шыңдаласыздар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагогок деп атайды. Бұл оқу, тәрбие беру мекемелеріне байланысты: тәрбиеші балабақшада; мұғалім - мектепте; оқытушы техникум, учелище жоғарғы оқу орындарында. Педагог - осы түсініктерге жақын, «туыс»ұғым.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оқушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады. А. Н. Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мұғалімнің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек» дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.

Кәсіби емес іс-әрекет
Жоғарыда педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет отбасында ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ, отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған педагогтар айналысуы мүмкін.

Н. В. Кузмина педагогикалық іс-әрекетті орындаудың мынадай деңгейлерін анықтайды:


Педагогикалық іс-әрекетінің маңызды компоненттерінің бірі-оның мотивациясы болп табылады. Мотив түрінде- қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары, пікірлер, яғни барлық қажеттіліктер көрінісі бейнеленеді. Мотивация төрт компоненттен тұрады: 1. Іс-әрекетінің өзіне қанағаттанарлық; 2. Жеке тұлғаға тікелей оның өзінің нәтижесінің маңыздылығы; 3. Іс-әрекет үшін мадақтаудың мотивациялық күші; 4. Жеке тұлғаға ырықты қысым.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:
1. Оқу материалын іске асыру бойынша оқытушылық жұмыстары;
2. Тәрбие беру жұмыстары;
3. Оқытушылардың өздігінен білім алулары мен өзін-өзі тәрбиелеуі;
4. Басқарушылық әрекет;
5. Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
6. Мектептен тыс жұмыстар;
7. Әдістемелік жұмыстар;
8. Ұйымдатырушылық жұмыстар.

Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары:
1. Диагностикалық.
2. Бағыттылық-болжамдық.
3. Конструктивтік-жобалық.
4. Ұйымдастырушылық.
5. Ақпараттық-түсіндірмелік.
6. Коммуникативтік-ынталандырушылық.
7. Аналитикалық-болжаушылық.
8. Гностикалық.

Мұғалімнің іс-әрекетінің құралдары мыналар болып есептеледі:
1. Ғылыми білімі;
2. Білімді тасығыштар ретінде оқулықтағы мәтіндер, бақылаулар, практикалық сабақтардағы қатысулар, экскурсиялар, және т. б;
3. Көмекші құралдар ретінде: техникалық, графикалық, компьютерлік және т. б.


Қорыта келе, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы әр оқытушының өз ісіне жауапкершілігінен, яғни өз іс-әрекеті мен студенттер іс-әрекетінің мақсат, міндеттерін түсінуінен, мақсатқа жетуге ұмтылдыратын күшті мотивтерінің болуынан басталмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ұлт тағылымы «Мұғалімнің іс - әрекет ерекшеліктері» №4 2006ж. 77-79бет. 2. Мектеп директоры «Педагогикалық іс-әрекеттің праксеологиялық құрылымы». №6 2008ж. 18-20бет. 3. Бұлақбаева М. Педагогика мамандығына кіріспе Алматы, 2005ж. 4. Педагогика Дәріс курсы Алматы, 2003ж. 5. Вестник СГПИ Ж. О. О. педагогикалық іс - әрекетті ұйымдастыру №2(5), 2006ж.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz