Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі


Slide 1

Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі

Тобы: Э-17-1М

Орындаған: Тасболатов Олжас

Slide 2

Жоспары:

Әдіснама ғылым дамуының негізі ретінде.

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы туралы түсінік.

Әдіснама деңгейлері.

Педагогикалық зерттеу әдістері.

Педагогикалық зерттеу кезеңдері мен құрылымы.

Slide 3

Кілт сөздер: ғылым, педагогика, әдіснама, плюрализм, зерттеу, даму, әдіснама деңгейлері, педагогикалық зерттеу.

Ключевые слова: наука, педагогика, методология, плюрализм, исследование, методологический уровень, педагогические исследования.

Key words: science, pedagogy, methodology, pluralism, researches, methodological level, pedagogical research.

Slide 4

“Методология” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны білдіреді. “Метод” - “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталды, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология- зеттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты.

Slide 5

Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Георгий Вильгельм Фридрих Гегель

Slide 6 Slide 7

Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу.

Біріншісі - біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса, бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім - эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.

Slide 8

Ғылымның екінші белгісі - зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі - білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі.

Slide 9

Үшінші белгі - танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.

Slide 10

Соңғы белгі, яғни төртінші - терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, зомбылықпен бір мәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің - дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде - автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі тұрғыда қолдануға оның құқығы жоқ.

Slide 11

Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық үдерісінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет

Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады және басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.

Әдіснама:

- ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;

- әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын

неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;

- жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;

- белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.

Slide 12

Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:

Slide 13 Slide 14

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері


Ұқсас жұмыстар
Жалпы әдіснама
Әдістанымның жалпы сипаты
Педагогика әдіснамасының деңгейлері
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері
Глоссари
Музыкалық – педагогикалық білім беру әдіснамасы
Педагогикалық теория
Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz