Ферменттік препараттар


Slide 1

Ферменттік препараттар

Дайындаған:Жиенбекова Эльмира

Slide 2

Өсімдік текті препарат

Нигепан®

Slide 3

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: натрий гепарині 1000 ХБ (8, 3 мг)

бензокаин 50 мг,

қосымша заттар: тазартылған су, қатты май (Витепсол H-15, W-35 маркасы 1 : 1 арақатынаста, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы 1 : 1 арақатынаста), дистилляцияланған моноглицеридтер .

Құрамы:

Slide 4

Сипаттамасы:

Пішіні торпеда тәрізді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер.

Пішіні торпеда тәрізді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер

Slide 5

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Көктамырдың варикозды кеңею синдромын емдеу. Құрамында гепарині бар жергілікті қолдануға арналған препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.

Қан плазмасындағы гепариннің Cmax ректальді енгізгеннен кейін 30 минуттан соң жетеді.

Фармакодинамикасы

Тромбозға қарсы, қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері бар біріктірілген препарат. Гепарин - тікелей әсер ететін антикоагулянт, жергілікті қолданған кезде тромбтардың түзілуіне кедергі жасайды және пайда болған тромбтың өсуін тоқтатады, қабынуға қарсы әсері бар. Бензокаин жергілікті ауыруды басатын әсер береді.

Slide 6

Қолданылуы:

сыртқы және ішкі геморроидальді түйіндер тромбозында

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ректальді. Суппозиторийді ішек өздігінен босағаннан кейін немесе тазарту клизмасынан кейін тік ішекке енгізеді. 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет қолданады. Емдеу курсы - 10-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері;

Аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

Препарат компоненттеріне жекелей аса жоғары сезімталдық

жүктілік және лактация

Slide 7

Панкреатин

Slide 8

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0, 24 г панкреатин ұнтағы, белсенділігі кем дегенде: 8000 липолитикалық Ph. Eur. U., 5800 амилолитикалық Ph. Eur. U., 380 протеолитикалық Ph. Eur. U.,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза М 102, натрий хлориді, поливинилпирролидон (коллидон СL), кремнийдің коллоидты қостотығы (аэросил), магний стеараты,

ішекте еритін қабықтың құрамы: коликоат (Collicoat МАЕ 30 DP Coating), тальк, макрогол (полиэтиленгликоль), титанның қостотығы.

Slide 9

Сипаттамасы

Қызғылт түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек таблеткалар. Сындырған кезде екі қабат көрінеді.

Slide 10

Фармокотерапиялық тобы

Ас қорытуды жақсартатын препараттар. Ас қорытатын ферменттік препараттар.

Таблетканың қышқылға төзімді қабығы ферменттерді асқазан сөлімен әсерсізденуден қорғайды. Қабығы жіңішке ішектің бейтарап немесе сілтілік ортасының әсерімен ғана еріп, ферменттер босап шығады. Панкреатиннің құрамына кіретін ас қорыту ферменттері сіңбейді, тек ішек кеңістігінде ғана әсер етеді.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-45 минуттан кейін препараттың ең жоғары ферментативтік әсері білінеді.

Ферментті препарат. Ұйқы безі ферменттерінің (липазаның, амилазаның және протеазаның) тапшылығының орнын толтырады, олар тиісінше өсімдік және жануарлар майын (глицеринге және май қышқылдарынан дейін), полисахаридтерді (декстриндерге және моносахаридтерге дейін) және ақуыздарды (дипептидтерге және амин қышқылдарына дейін) гидролиздеп, олардың жіңішке ішекте толық сіңуіне мүмкіндік береді. Ұйқы безінің ауруларында препарат оның сыртқы сөлініс қызметін компенсациялайды және ас қорыту үдерісінің жақсаруына мүмкіндік береді.

Slide 11

Қолданылуы

- ұйқы безінің сыртқы сөлініс бөлу қызметінің жеткіліксіздігінде (созылмалы панкреатитте, муковисцидозда, Ремхельд синдромында (гастрокардиальді синдромда), панкреатэктомияда, диспепсияларда, сәулеленуден кейінгі жағдайда

- астың қорытылуы бұзылып, метеоризммен, диареямен қоса қабаттасқанда (асқазан немесе жіңішке ішек резекциясынан кейін)

- дұрыс тамақтанбағанда (қорытылуы ауыр майлы және дағдыдан тыс тағамдарды қолданғанда, тамақты көп ішкенде, ретсіз тамақтанғанда)

- шайнау қызметі бұзылғанда

- тамақтың ішек арқылы өту қызметі жылдамдаған кезде

- құрсақ қуысының ағзаларын рентгенологиялық және ультраздыбыстық зерттеуге дайындауға.

Slide 12

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас қабылдау кезінде, шайнамай, сұйықтықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Доза ұйқы безі қызметінің жеткіліксіздігі дәрежесіне және астың құрамына байланысты әр адамға жекелей таңдап алынады.

Тамақтану кезінде әдете 2-4 таблеткадан (ол липаза бойынша 16000-32000 Ph. Eur. U. сәйкес келеді) күніне 3-4 ретке тағайындайды. Қабылданған астың түріне және ас қорытудың бұзылуының ауырлығына байланысты тәуліктік доза арттырылуы мүмкін.

Ересектер үшін тәуліктік дозасы 6-18 таблеткаға дейін, ол липаза бойынша 48000-15 Ph. Eur. U. сәйкес болады. Дене салмағының 1 кг-на шаққанда липазаның 15000-2 Ph. Eur. U. дозасын арттырмау керек.

Емдеудің ұзақтығы жөніндегі мәселе әр адамға жекелей шешіледі.

Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен (ас қорыту бұзылғанда, диета сақтамағанда) бірнеше айға дейін, тіпті жылға дейін (ұдайы орнын алмастыру емі қажет болғанда) созылуы мүмкін.

Slide 13

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- жүректің айнуы, диарея, іш қату, іш тұсында жайсыздық сезімі (алайда осы жағымсыз әсерлердің препаратты қабылдауға байланысты себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ, өйткені аталған реакциялар ұйқы безінің сыртқы сөлініс қызметінің жеткіліксіздігі симптомдарына жатады)

- ішек бітелісінде және илеоцекальді бөлімінде, жоғары қарай кететін шеңберлі ішекте стриктураның дамуы (муковисцидозда ұсынылған дозаны арттырып жіберген жағдайда)

- гиперурикозурия, гиперурикемия (препаратты ұзақ уақыт жоғары дозаларда қолданғанда)

Slide 14

Ликопид

Slide 15

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1, 0 мг немесе 10, 0 мг (ГМДП),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, қант (сахароза), картоп крахмалы, метилцеллюлоза, кальций стеараты.

Slide 16

Сипаттамасы

Кертігі бар ақ түсті дөңгелек жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар (1 мг доза үшін) . Кертігі және бөлетін сызығы бар дөңгелек жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар (10 мг доза үшін) .

Slide 17

Фармокотерапиялық тобы

Ликопид таблеткасының әсер етуші заты - (ГМДП) - бактериялық жасушалар (пептидогликан) қабығының құрылымдық фрагментінің синтетикалық аналогі. іштен туа біткен және жүре келе пайда болған иммунитеттің белсенділендіргіші болып табылады, организмді вирустық, бактериялық және зеңдік жұқпалардан қорғауды күшейтеді; иммунологиялық реакциялардың пайда болуында адъюванттық әсер береді.


Ұқсас жұмыстар
Ферменттңк препараттар өндірісі
Малшаруашылығында ферменттер
Ісікке қарсы дәрілік зат
Ферментті препарат
Ферменттік препараттардың әсер ету механизмі
Әртүрлі фармакологиялық топтарға жататын препараттарды бөліп алу үшін эқстракциялық препараттардың өндірісінде өсімдік және жануарлық шикізатты кешенді түрде пайдалану
Жануарлардан және минералдардан дайындалатын дәрілік заттар
ДЕЗИНФЕКТАНТТАРҒА ГАРДНЕРЕЛЛАЛАР
Аминқышқылдарды алу әдістері
Жануартекті шикізаттан алынатын дәрілік препараттар технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz