Кроссинговерді дәлелдеудің цитологиялық негіздері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының
 Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Кроссинговерді дәлелдеудің цитологиялық негіздері

Орындаған:Қуатұлы Бағжан
Тобы:БТ-507
Тексерген:Мадыбекова А.С
Кроссинговер (ағылш. crossіng-over – айқасу)
– гомологтық хромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы
ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу.
Кроссинговер І-ші мейоздың профазасында жүреді және әр түрлі
гендердің аллельдерінің жаңа комбинацияларының түзілуіне
әкеледі. Мейоз процесінде гомологты хромосомалар әр ядро ға
ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы
уақытта екі гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар
осы хромосомалардың басқа бөліктерімен айқасып қайта
жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір
түрі болып саналады, соның нәтижесінде ұрпақтардың генетик.
әр түрлілігі артады. Кроссинговер – популяциядағы комбинативті
өзгергіштікті қамтамасыз ететін және табиғи сұрыптауға
материал бола алатын маңызды механизм. Сондай-ақ құрамында
бір немесе бірнеше гендер орналасқан хромосоманың үлкен
бөліктерінің қайта комбинациялануына немесе бір ген ішіндегі
комбинацияларға әкелуі мүмкін. Гендер арасындағы
кроссинговер жиілігі олардың хромосомадағы
арақашықтықтарын көрсетеді. Хромосомада гендер бір-бірінен
неғұрлым алшақ орналасса, олардың арасында айқасудың болу
мүмкіндігі соғұрлым көбейеді.
Кроссинговер кұбылысының ашылуы Т.Морган және оның
шәкірттеріне хромосомалардың генетикалық картасын
жасауға мүмкіндік туғызды. Картаны жасауға
хромосоманың ұзына бойына гендердің тізбектеле
орналасуы негіз болды. Генетикалық карталар гомологтік
хромосомалардың әр жұбы үшін жасалады. Тіркесу тобын
нөмірлейді. Картаны құрастыру үшін көптеген гендердің
тұқым қуалауын зерттеп білу кажет. Мысалы, дрозофила
шыбынының төрт тіркесулер тобына жинақталған 500-
ден астам гендері, ал жүгері өсімдігінің 10 тіркесу тобына
жинақталған 400-ден астам гендері зерттелген. Мысалы,
бір тіркесулер тобына A және В гендер кіреді. Осы гендер
арасындағы кроссинговер жиілігі 10% делік, онда осы
хромосомада орналасқан А жөне В генінің бір-бірінен
қашықтығы 10 сантиморганга тең. Осы тіркесу тобына С
генін де жатқызайық. Оның хромосомадағы орнын
анықтау үшін А жөне В гендер арасындағы айқасудың
жиілігін білу кажет. Мысалы, егер С гені мен А генінің
арасындағы кроссинговердің жиілігі 3% болса, онда С гені
А және В гендерінің аралығында орналасканы немесе А
гені С жәнө В гендерінің аралығында болғаны.
Хромосомалардың генетикалык картасының, картаға
түсірілмеген белгілердің тұқым қуалауын болжап айтуда

Ұқсас жұмыстар
Теореманы логикалық дидактикалық талдау және теоремамен жұмыс істеу әдістемесі
Ғылыми мәтіндерде кестелер мен сызбалардың қолданылуы
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі
ҚЫЗМЕТТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Ісік клеткаларын зерттеу әдістері
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы. Хромосомалардың морфологиясы және көлемі
Орта мектепте геометрияны оқытудың жалпы әдістемелік мәселелері
Сомалық будандардың ядролық геномының генетикалық құрылысы
Баға жане баға жасау жайлы
Пәндер