Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы


Slide 1

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы

Дайындаған:Жиенбекова Э

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу.

Slide 3

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қ. Р. «Техникалық реттеу туралы» заңының жалпы мазмұны

2. Заңда бекітілген негізгі ұғымдар. 3. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық реттеу саласындағы құқықтары мен міндеттері.

4. Осы Заңның қолдану саласы.

II. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған. Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді. «Техникалық реттеу туралы» заңы 8 тарау 47 баптан тұрады.

Slide 5

Тараулары

1. Жалпы ережелер- бұл тарау 16 баптан құралған; 2. Техникалық регламенттер - тарау 3баптан құралған(17-18-19баптар) ; 3. Стандарттау. Жалпы ережелер - тарау 8 баптын қосындысы(20-21, 1-21, 2-22-23-24-25-25, 1 баптар) болып табылады; 4. Сәйкестікті растау - тарау 12 баптын(26-27-27, 1-27, 2-28-29-30-31-32-33-34 баптардын) қосындысы; 5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу - тарау 2 баптан(35-36 баптардан) тұрады 6. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау - тарау 7 баптан (37-38-39-40-41-42-43 баптардан) құралған; 7. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы - тарау 2 баптан(44-45) тұрады; 8. Қорытынды және өтпелі ережелер - тарау 2 баптан(46-47 баптардан) тұрады.

Slide 6

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына бірнеше рет яғни, 2008, 2012, 2014 жылдары өзгерістер еңгізілді.

Slide 7

Негізгі ұғымдар:

аккредиттеу - уәкiлетті орган сол арқылы заңды тұлғаның белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi нақты жұмыстарды орындау құзыреттігін ресми танитын рәсiм;

техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесi - өзiнiң құзiретi, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар және басқа құжаттар шегiнде жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалар жиынтығы;

өнiм (қызмет көрсету) - процесс немесе қызмет нәтижесi;

процесс (жұмыс) - өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң процестерiн қоса қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және жүйелi iс-қимылдар жиынтығы;

Slide 8

техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің тiзiлiмi (қағаз, электронды) - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар және басқа құжаттарды, стандарттау жөнiндегi техникалық комиссияларды, сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларды, сәйкестiктi растау жөнiндегі аккредиттелген орындарды, зертханаларды, сарапшы-аудиторларды есепке алу құжаты;

сертификаттау - сәйкестіктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер талаптарына, стандарттардың ережелерiне немесе келiсiмдердiң шарттарына сәйкестігін растау нысаны;

стандарттау жөнiндегі техникалық комиссия - мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде олардың ұсыныстары негізiнде бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілер және басқа да нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн салаларда ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультативтік-кеңесу органы; уәкiлетті орган - техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды заңға сәйкес басқаруға және стандарттау, сәйкестігін растау және аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге уәкiлетті мемлекеттік орган;

Slide 9

Техникалық реттеудiң негізгі мақсаттары: 1) өнiмдердiң және процестердiң азаматтар өмiрi мен денсаулығы, оның мүлкi мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 4) өнiмдердiң қауiпсiздiгiне және оның функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларға терiс мағлұмат беретін iс-әрекеттердiң алдын алу; 5) өнiмнiң бәсеке қабiлетiн қамтамасыз ету, саудадағы техникалық кедергiлердi жою болып табылады.

Slide 10

Осы Заңның қолдану саласы


Ұқсас жұмыстар
Қолданысқа енгізілген техникалық регламенттердің мерзімі және талаптары
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу
Дәрілік заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
Ақпараттық жүйелер
ҚАУІП-ҚАТЕР ТҮСІНІГІ
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz