ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК ОРТАДА ӨСЕТІН ӨСІМДІК КЛЕТКАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯСЫ




Презентация қосу
ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК
ОРТАДА ӨСЕТІН
ӨСІМДІК
КЛЕТКАЛАРДЫҢ
БИОЛОГИЯСЫ

ОРЫНДАҒАН:КӨШЕРБАЕВА А.
ҚАБЫЛДАҒАН:МЫРЗАБЕКОВА М.
ЖОСПАР:

• Кіріспе
• Жасушаларды қолдан өсіру
• Жасушалардың In vitro жағдайында
өсуі.
• Каллусты алу және оны қолдан өсіру.
• Каллустың түзілуі
• Сұйық ортада жасушаларды қолдан
өсіру.
• Жасушалардың аэрациямен қамтамасыз
етілуі
• Қорытынды
КІРІСПЕ

• Өсімдіктен эксплантты бөліп алуды және оны қоректік
ортаға отырғызуды ламинар боксінде өткізеді.Бұл
бокстің ішіне фильтрден
өткізіліп,микроорганизмдерден тазартылған ауа
беріліп тұрады.Әр түрлі тәсілмен
залалсыздандырылған және дистилденген суда
бірнеше мәрте жуылған объектілерден керекті
улпалар бөлініп алынады. Оларды стерильденген
катты немесе сұйық ортаға отырғызады. Стерильдеу
үшін автоклавты колда-нады. Сөйтіп, өсімдіктердің әр
түрлі үлпалары мен мүшелерін өсіруге болады.
Олардьі ойдағыдай өсіру үшін ең алдымен қолайлы
коректік орта керек. Өсімдіктің әрбір түрі, тіпті сол бір
түрінің кез келген мүшелері мен үлпалары жақсы өсу
үшін белгілі коректік ортаны талап етеді.
ЖАСУШАЛАРДЫ ҚОЛДАН
ӨСІРУ
• Жасушаларды қолдан өсіруге әсер етуші сыртқы факторлардың бірі
– жарық. Қазіргі уақытқа дейін фотоавтотрофтылық тек 16 өсімдіктің
түріне ғана тән екені сипатталып жазылған. Қалғандары
фотоавтотрофтылық өсуге қабілетсіз, оларды қараңғыда немесе
әлсіз түскен жарықта өсіреді. Хлорофилдерінен айырылған
ұлпаларға жарықтың әсер етуі фитохромды жүйемен қамтамасыз
етілген. Екіншілік қосылыстарды алу үшін қолдан өсірілетін
жасушаны қолданатын эксперименттерде жарық пен
фотопериодтың белсенділігі мен сапасының әсері нақты
тағайындалған. Жасуша технологиясында жасушаларды жарықпен
қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі.
ЖАСУШАЛАРДЫҢ IN VITRO
ЖАҒДАЙЫНДА ӨСУІ.
• Лайықты коректік ортада кейбір клеткалар бөліну арқылы көбейіп
каллус үлпасына айналады. Каллус дедифференциаланған жасушалардан
тұрады. Олай болудың себебі-әлдеқашан бөлінуін тоқтатқан,
дедифференциаланған клеткалар In vitro жағдайында қайтадан бөліне
бастайды.Бөліну қабілетінен айырылған мұндай жасушалардың жаңадан
пролиферация жолына түсіп бөліне бастауы, олардың
дедифференциаланғанын көрсетеді.

• Жасушалардың құрылымы мен қызметі гендердің активтілігіне
байланысты жасушалардың құрылымы мен атқаратын қызыметі өзгеруіне
себепші болатын, әртүрлі гендердің (эксптессиясы) әрекеттесуіне
байланысты организмнің барлық жасушаларында гендері бірдей болса да
олардың бәрі бір мезгілді әрекет-тенбейді. Әдетте гендердің 5%-ғана
активті болады. Ал осы актвфті-гендерге биологиялық түр белгілерін
анықтайтын және жасушалық метаболизмді іске асырушы гендер кіреді.
Бұдан басқа, олардың қатарына тек қана осы мүшеде, ұлпада, жасушада
активті болатын гендер және белгілі бір кезеңде активтелетін гендер
мен өзгерген сыртқы жағдайлардың әсерімен активтелген гендер кіреді.
• Жасушаларда атқаратын қызметіне байланысты физиологиялық
және құрылымдық айырмашылықтардың пайда болуын
дедифференциалану процесі деп атайды. Дедифференциалану
деген ұғым меристемалық жасушаның маманданған жасушаға
айналуын көрсетеді. Құрылымы және қызметі біртектес
меристемалық жасушалар әртүрлі даму жолдарына түсіп,алуан
түрлі маман-данған жасушалар түзеді.Сөйтіп,жасушалардың бір-
бірінен айырмашылығы, оларда әртүрлі гендердің жұмысқа
қосылуына байланысты болады. Бірақ өсімдіктердегі
дедифференциалану процесі шешімі табылуы қиын процес.

• Жаңадан пайда болған жасушаның одан әрі даму мүмкіндіктері
әр қилы. Әрбір жасушаның белгілі тип бойынша дамуының
генетикалық бағытын д е т е р м и н а ц и я деп атайды. Ол
даму физиологиясының негізі болады. Жасушаның белгілі бір
даму жолына түсуі ерекше белоктардың жиынтығының түзілуіне
байланысты.Маманданған жасушада тек өзіне тән белоктар
синтез-деледі.Бұл гендердің дифференциалды активтілігіне
байланысты бұл кезде біреулері экспрессияға
ілінше,кейбіреулері репрессияланған күйінде қалады. Сөйтіп
оның фенотипі, оның қызметі белоктармен белгіленеді.Ал
белоктар-дың құрылымы РНҚ мен байланысты.
• Дедифференциалану мен каллустың пайда болуының механизмдерін
темекі сабағының өзекті паренхимасындағы жасушаларында
жүргізілген.Р.Г.Бутенко-ның зерттеуі бойынша темекінің паренхима
жасушаларында In vitro өтетін дедифференциалану процесі қордағы
заттарды пайдалануынан және кейбір органеллалардың бөлінуінен
басталады.Дедифференциалану басталғаннан соң 6-12 сағаттан кейін
жасуша қабығы жұмсарып ісіп, органоидтардың саны артып, көлемі
өседі.Тасмалдаушы РНҚ-ның және рибосомалық РНҚ-ның синтезі
күшейіп,ДНҚ-ның синтезі басталып, жаңадан синтезделген белоктар
көбейеді.Жасушадағы пайда болатын процестің бәрі ауксин мен
цитокининнің қатысуымен жүзеге асады.Ал 48-72 кейін жасуша бөліне
бастайды. Егер жасушада тек қана ауксин болса РНҚ мен ДНҚ синтезі
күшейіп, бірақ жасушалар бөлінбейді.Ал цитокинин болған кезде нуклеин
қышқылдарының синтезі өзгермеген.Демек жасуша бөліну үшін екі
фитогормон қажет екендігі дәлелденді.Бұл процес былай
өтеді.Ауксиннің ықпалымен жасуша мембранасы плазмалеманың
өткізгіштігі артады және қасиеттері өзгереді.Одан кейін бұрыннан бар
РНҚ-ларда немесе жаңадан синтезделген РНҚ-да цитоплазмалық
белоктар цитоплазмадан ядроға өтіп гистондармен ерекше
байланысады.Соның арқасында рибосомалық және тасымалдаушы РНҚ-
ларды синтездейтін гендер репрессияланған жағдайдан активті күйге
көшеді. РНҚ мөлшері жасушада белгілі бір деңгейге жеткен соң ғана ДНҚ-
ның репликациясы басталады.Ал кинетин жоқ кезде митоздық циклдің өтуі
тежеледі.Клеткаға митозды бастауға және бөлінуді аяқтауға қажет арнайы
РНҚ мен белоктардың синтезін тек цитокинин бақылайды.Жасуша бөліну
үшін митоз басталмай тұрып өзінің РНҚ-дан синтезделетін ерекше бір
белоктың болуы жануар жасушасында көрсетілген.
КАЛЛУСТЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ
ҚОЛДАН ӨСІРУ.
• Каллус – жасушаның қалыптаспаған
пролиферациясынан пайда болған ұлпа.
• Каллус (лат. callus – тірі тері, мозоль) –
өсімдікте жарақаттанудың нәтижесінде
пайда болған ұлпаның ерекше түрі.
Жараның орнын
қорғайды

Жараланған Каллусты Қоректік заттар
мүше қайтадан
қалыптасады ң түзілуі жинайды

Қорғаныш қабатын
түзеді
КАЛЛУСТЫ АЛУ

• Каллусты алу және оның ары қарай
өсуі стерильдікті талап етеді.
Жақсылап жуылған өсімдік
материалы құрамында белсенді хлор
(кальций мен натрий гипохлориті,
хлорамин, хлорлы әк), сынап
(сулема, диоцид), сутегі диоксид,
этанол бар әртүрлі заттармен
стерилденеді. Осындай мақсатта
бромды, күкірт қышқылын, фенолды
және ерекше жағдайларда
антибиотиктерді сирек қолданады.
Стерилдеуші заттың түрі,
концентрациясы әсерт ету ұзақтығы
стерилдеуге дайындаған өсімдік
объектісіне байланысты болады.
ЖАСУШАЛАРДЫҢ АЭРАЦИЯМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
• Жасушалардың аэрациямен қамтамасыз етілуі ортаны
араластырудың немесе шайқалуының немесе сұйық ортаның
таза ауамен желдетуінің әсерінен болуы мүмкін. Жеке
эксперименттерде жасушаларды инкубациялау үнемі қоректік
ортамен қамтамасыз етіліп тұрмайды, керісінше сұйық ортамен
және ауамен біртіндеп қана қарым-қатынас орнатады. Мұндай
жағдайда газ алмасу жақсарады. Суспензиядағы жасушаны
агаризонды жазықтықта статистикалық тәсілмен өсірілген
жасушамен салыстырғанда ерекшеліктері болады: жасуша
популяциясы біртүрлі қоректік ортада, аэрацияда болады;
экзогенді факторлардың жасушалардың өсуіне және
метаболизміне әсер етуін о ңай бақылауға болады; олар
биохимиялық және молекулалық-биологиялық зерттеулер
жасауға қолайлы болып келеді; олардан қалыпты жасуша
популяцияларын алу мүмкіндігі жоғары.
СҰЙЫҚ ОРТАДА ЖАСУШАЛАРДЫ
ҚОЛДАН ӨСІРУ.
• Сұйық ортада
қолдан өсірілген
өсімдік жасушысын
суспензионды
культура деп
атайды.
ҚОРЫТЫНДЫ

• Өсірілетін жасушаларды негізгі түрі каллус жасушалары.
Каллустық ұлпалар өсу циклінде бөлінуден кейін жасушаға
тән онтогенезге өтеді, яғни өсе бастайды, содан кейін ескі
каллустық жасушалар сияқты дифференциалданады,
қартаяды, тіршілігін жояды. Өсіп келе жатқан каллуста
барлық жасушалар бөлінбейді, бұл қою тығыз цитоплазмасы
бар және вакуольсіз меристема жасушаларына ұқсас
болады. Өсіру жағдайына байланысты популяциядағы
жасушалар қатынасы өзгеріп отырады. Мысалы, каллусты
жаңа қоректік ортаға жиі көшіріп отырса, олардың ішінде
қарқынды бөлінетін майда жасушалар әрдайым басым
болады. Каллустық жасушалардың морфологиялық
жағынан, биохимиялық құрамы бойынша, физиологиялық
жағдайы және генетикалық жағынан айырмашылықтары
болады.

Ұқсас жұмыстар
Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың артықшылықтары
Өсімдіктерден экономикалық маңызы зор заттарды алу
Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР
Өсімдіктердің биотехнологиясы өсімдік жасушаларын мәдени өсіруі
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Қоректік орта
Микроорганизмдерді қоректік ортада өсіру
Биотехнологиялық объект ретінде өсімдік жасушаларын өсіру. Өсімдік жасушаларының биосинтездік қасиетін өңеркәсіпте пайдалану
Өсімдік клеткаларын өсіру
Пәндер