Зигмунд Фрейдтің классикалық психоанализі


Slide 1

Зигмунд Фрейдтің классикалық психоанализі

Slide 2

ПСИХОАНАЛИЗ - Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы.

Зигмунд Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншалық, психологиялық құбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын.

Slide 3

Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан басталды. Ол кезде Фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін Фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң Фрейд басқа амалдарды қарастырды.

Slide 4

ПСИХОАНАЛИЗДІҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі көшірмесі белгілейді.

Адамзаттың ісін, көшірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады

Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.

Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.

Сана мен астар сана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.

Осынау тосылған, тұйықталған астар саналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады.

Slide 5

Жеке бас құрылымы;

Сана және санасыздық;

Қорғаныс механизмдері ;

Ығыстыру реактивті құрылым;

Проекция;

Рационализация;

Сублирование;

Регрессия;

Интроекция;

Идентификация;

Компенсация және т. б. )

ПСИХОАНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗІГІ ТҮСІНІКТЕРІ:

Slide 6

З. Фрейдтің аты Блейлермен бірге 1895 жылы «Исследование истерии» атты кітабын шығарған кезде атақты болды.

Slide 7 Slide 8

Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді.

Slide 9

Ид (лат. тілі «оно») -тұлғаның тума, инстинкті аспектілері. Әдетте: эрос (өмірге, сексуалды қанағаттануға ұмтылыс ) және тонатос (агрессияға, өлімге, сөнуге ұмтылыс) Ежелгі Грецияда эрос -махаббат деген мағынада. Ал Платон бойынша эрос-эстетикалық сезім, мейірімділік, әдемілік болса, танатос-өлім құдайы.

Slide 10

Астар сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды.

Slide 11

Эго (лат. тілі «мен») -шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың бөлігі. Ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.

Slide 12 Slide 13

Адамның саналы Мені - Өз бен (Астар сана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты - адамның астар санасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады.

Slide 14

Суперэго (лат. тілі «жоғарғы-мен») - әлеуметтік, қоғамда қалыптасқан ереже нормаларды сақтау.

Slide 15

Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді.

Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.

Slide 16

Зигмунд Фрейд бойынша тұлғаның топографиялық моделі:

1. Бейсана - ид пен оған қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы орны.

2. Сана алды-әдетте білінбейтін, бірақ белгілі бір жағдайдың болуында сезіледі. Бұнда эго мен суперэго қатысты.

3. Сана-қоршаған ортамен байланыс. Эго мен суперэго қатысты.

Slide 17

Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды.

Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады.

Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.

Slide 18

Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты.

Ол жыныстық инстинкт - либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады.


Ұқсас жұмыстар
Зигмунд Фрейд өмірбаяны
Жеке тұлғаның дамуы туралы теориялар
Фрейд бойынша тұлға
Психоанализдің басты ережелері
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшелігі
Екінші элемент - жоғарғы немесе суперэго
Тұлға теориялары
ӘСЕРІ ДІН
ПСИХОАНАЛИТИК АЛЫҚ БАҒЫТ
Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz