Жетекшілік қызмет және оның әлеуметтік психологиялық негіздері


Slide 1

Тақырыбы: Жетекшілік қызмет және оның әлеуметтік психологиялық негіздері

СӨЖ

Slide 2

Жетекшілік - бұл басқару іс-әрекетінің бір ғана бөлігі, мұнда әр түрлі басқару сұрақтары бағынушыларға әсер ету арқылы шешіледі.

Жетекшілік - бұл адамдарға әсер ету процессі, жүйелі формальды емес қарым-қатынастың жемісі.

Жетекшілік кенеттен, стихиялы, жартылай саналы психологиялық қалаулар дәрежесінде қалыптасады.

Жетекші қызметте жоғарлаудың әртүрлі жолдарын өтеді. Жетекші, тіпті ол алғашында басқа біреу арқылы ұсынылса да, оны топ мойындайды, қабылдайды, нәтижесінде сайлайды. Бұл мағынада жетекші «астынан» демократиялық түрде ұсынылады.

Бұл тағайындау саяси немесе әкімшілік сипатқа ие болғандықтан оны сайлаушылар оған деген қарым-қатынастарын әртүрлі білдіруі мүмкін, тіпті оған тосқауыл қоюлары мүмкін. Онда жақын арада басқа кандидат «жоғарыдан» тағайындалатын болады. Образды түрде айтқанда, жетекшілікті төменнен жоғарыға бағытталған вектор деп айтуға болады.

Slide 3 Slide 4

Жетекшіні, басқаларды бағыттау мақсатында өзін бақылайтын, бірегей дара адам ретінде қарастыруға болады.

Барлық жетекшілер ұқсас, оларда:

мақсат;

идея;

қажетті процестерді жүргізуге мүмкіндік беретін, жеке басының билігі бар.

Slide 5

БАСШЫЛЫҚ ПЕН ЖЕТЕКШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН КЕЛЕСІДЕЙ ТҮРДЕ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ:

Жетекші топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты реттеп отырады, басшы - топтың ресми қарым-қатынасын реттеп отырады;

Жетекшілікті микроорта жағдайында белгілеуге болады, басшылық - макроорта элементі.

Жетекшілік стихиалы түрде пайда болады, ал басшылықты тағайындай стихиялы құбылыс емес, басшылықпен салыстырғанда жетекшілік анағұрлым тұрақты, көп жағдайда топтағы көңіл-күйге байланысты болады.

Басшылықтың қолында жетекшіде жоқ бағынушыларға қатысты белгілі бір санкциялардың әртүрлі жүйесі бар;

Басшының шешім қабылдау процессі күрделі әрі топтың қатысуынсыз жүзеге асырыла береді, ал жетекшінің шешім қабылдауы шартты түрде топпен бірге жүреді;

Жетекшінің іс-әрекет аумағы негізінен шағын топтар, басшының іс-әрекет аумағы - әлдеқайда кең әлеуметтік жүйе.

Slide 6

Р. СТОГДИЛ ЖЕТЕКШІ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІН СИПАТТАДЫ:

Физикалық қасиеттері - белсенді, батыл, екпінді, сау, мықты.

Тұлғалық қасиеттері - тез дағдыланушылық, өзіне деген сенім, беделділік, жетістікке деген ұмтылыс;

Интеллектуалды қасиеттер - ақыл, қажет шешімді қабылдай алушылық, интуиция, шығармашылық бастау.

Қабілеттіліктері - оңай тіл табыса алушылық, қарым-қатынастағы жеңілдік, әдептілік, сауаттылық.

Slide 7

Жетекші беделділігі басшыға қарағанда төменірек.

Сендіру және иландырумен қатар оған жиі жағдайда әрекетке өз мысалы арқылы итермелеуге тура келеді.

Ережеге сай, оның ықпалы топтың тек жартысына ғана жайылады.

Күйгелек жетекші нақты бір жағдайда ғана: ұжымдағы салтанатты оқиға, спорттық іс-шараларда және т. б. маңызды болып табылатын тұлғалық қасиеттерге ие.

Slide 8

Критерий бойынша топтың негізгі іс-әрекетіне қатысты жетекші конструктивті және деструктивті болуы мүмкін.

Конструктивті жетекші топ алдына қойылған мақсаттың орындалуына бар күшін бағыттайды.

Деструктивті жетекші топтық мақсатқа қарсы келетін өз мақсаттарына бағдарланады немесе ол жетістікке өзі дұрыс деп санайтын жол ғана алып келеді деп қатты қателеседі.

Бұл жол айқын есеппен емес эмоциялар арқылы анықталады, ол тиісінше топтың кейбір мүшелерін осындай ойларды тудырып, деструктивті жетекшінің соңынан еруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Мұндай жетекшілер жиі жағдайда қозған топты қиратушы әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Мұндай әрекеттерге барушылар әдетте соңында өкініп жатады.

Slide 9

Табысты жетекші болу үшін:

данышпандық;

батырлық;

қайсарлық;

қажырлы еңбек;

талдамалы қабілеттері;

шыдамдылық;

игі ниеттілік талап етіледі.

Slide 10

Жетекшілік типтері - жетекшінің өз қарамағындағыларына шешім қабылдау уақытында берілетін еркшелігі. Бұл еркіндік деңгейі нөлден (катаң диктатура) жоғарылап өсе береді.

1944 жылы К. Левин жетекшіліктің үш үлгісін ұсынған.

Олар:

Авторитарлық;

Демократиялық ;

Либералдық;

Slide 11

Автократ - бұл ашық деспот.

Ол барлығын өзі біледі және қарсылыкқа көнбейді. Өз қарамағындағыларға тек кішкене ғана ақпарат береді. Ол ешкімге сенбейді және өзінің қабылдаған шешімі туралы ешкімге айтпайды. Қарамағындағыларға қатал, тез шешім қабылдай салады.

Автократ өз саясаты мен бағытын жиі өзгертіп отырды. Ол үнемі жағымпаз адамдардың арасында жүреді. Бұл жағдайда бастығына жағына білген адам ең жақсы болып саналады. Бұл ортада өсекке, сөз тасуға жол берілген.

Сонымен қатар қызметкерлер, орынбасарлар, көмекшілер, басқармалар өздері ешқандай сұрақ шешпейді, қандай жағдайда болса да бастыққа жүгіреді.

Slide 12

Жетекшіліктегі демократиялық стилі "ересек адам" - "ересек адам" деңгейіндегі қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.

Жетекші мен қызметкерлер арасында бұл жағдайда өзара сенім мен өзара түсінушілік сезімі туындайды.

Жетекші бұл жағдайда топ мүшелерінің бірі ретінде қызмет етеді, әрбір қызметкер әртүрлі сұрақтар бойынша өз пікірін, ойларын еркін келіп айта алады. Топты басқару бір орындаушыны өзгертіп отыруға болады.

Егер қандайда бір сәтсіздіктер болса топ жетекшісі топпен бірдей көтереді. Коллектив алдында тұрған көп мәселелер топ жиналысында шешіледі.

Slide 13

Жетекшіліктің либералдық стилі кандайда бір жұмыска немесе процеске араласпауымен сипатталады.

Либерал жоғарғы басшылықтың нұсқауымен ғана жұмыс істейді және оны шешу жауапкершілігінен бас тартады. Көбіне мұндай орында отырған адамдар өздеріне-өздері сенбейді, жалтақ болады.

Либералдар принципиалды емес, әртүрлі адамдардың ықпалынан олар өз шешімдерін өзгертуі мүмкін.

Жетекші либерал ұйымдарда маңызды сұрақтар оның қатысуынсыз шешіледі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психология
Психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Имиджінің түсінігі және басқарудағы оның ролі
Басшылық, адамдарды және топтарды басқару
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұлғаның теориялары
Саяси жетекшілік
ЛИДЕР ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗДІК
БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz