Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Білімді, іскерлікті,
дағдыны меңгеру процесі.
БІЛІМ :
ҚОҒАМДЫҚ-ТАРИХИ
ТӘЖІРИБЕДЕ ДАҒДЫ:
ТЕКСЕРУДЕН ЖАТТЫҒУ
ӨТКІЗІЛГЕН АҚИҚАТТЫ
ТАНУ ПРОЦЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
НӘТИЖЕСІ. АВТОМАТТАНДЫР
АҚИҚАТТЫҢ АДАМ ЫЛҒАН ӘРЕКЕТ.
САНАСЫНДА ҰҒЫМ,
ПІКІР, ТЕОРИЯ
ТҮРІНДЕГІ АДЕКВАТТЫ
БЕЙНЕСІ.
ІСКЕРЛІК:
ҚАМТЫЛҒАН БІЛІМ
МЕН ДАҒДЫ
БІРЛІГІНДЕ АДАМ
ТАРАПЫНАН
МЕҢГЕРІЛГЕН
ӘРЕКЕТТІ ОРЫНДАУ
ТӘСІЛДЕРІ.
Білім - адамзаттың жинақтаған
тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану
нәтижесі.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау
негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны
қалыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік
тәжірибеде қолданылады, меңгерілген
білім көмегімен адам жаңа білімдер
жасауға қатысады, еңбекке
дағдыланады, қоғамдық-материалдық
байлықтың артуына, рухани
мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады.
Осылайша жеке тұлға сапалы білім
керектігін, оның пайдасын көреді.
Білім сапасы- білімді меңгеру
нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын
іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті ж ұмыс
тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану,
адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу
қабілеті. Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар
жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі.
Дидактиктер іс-әрекетке байланысты
теориялық және практикалық (өлшеу,
есептеу, энергия көздерін, реактивтерді
қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі.
Ал психологтар психикалық процеске
керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін
атайды.
Олар:
арнайы іскерлік;
оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру
іскерлігі;
ақыл-ой іскерлігі.
Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай,
жасауға мүмкіндік береді. Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-
қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде
қайталау.
Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза
сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау.
Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс.
Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу.
Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу.
Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.
Білім, дағды және іскерлік беріктігі
- практикада еркін қолдануда,
оқушылардың жадында тұрақты
бекітуді, оқу материалын игерудегі
тыңғылықты білдіретін дидактиканың
ұстанымы.
Мұндай игеру жаңа білімдерді
табысты меңгеруге мүмкіндік береді.
Мектептің дамуы, оның жұмысының
жекелеген жақтарындағы жетістіктер
тек инновациялық процесс ретінде
жүзеге асырылады, яғни ескірген
және тиімді емес құралдарды сол
жағдайда жаңа және тиімдіректерімен
ауыстырып, жаңа идеяларды,
технологияларды қолдану.
Білімді меңгеру — белгілі уақыт аралығын талап ететін үрдіс.
Білімді меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің мазмұнын жан-
жақты, әрі терең ұғынады.
Білімді меңгеруге ұмтылдыратын түрткілер (мотивтер) адамны ң жас
ерекшелігіне байланысты өзгеріп дамып отырады. Жасы өскен сайын
мотивтерінің түрлері мен мазмұны да дамиды.
Білімді меңгеру адамның танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға да
тәуелді
ДАҒДЫНЫҢ ЖАСАЛУ ДЕҢГЕЙІ Н.А.БЕРНШТЕЙН БОЙЫНША :
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның
қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза - «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес
түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни
автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз
етілуі.
Дағдыны меңгеруде ықпал етуші факторлар:
Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу
кезінде дағдының өріс алуы графикалық
сызықтармен өлшенеді.
Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі
жоспарын, принципін түсінуі;
Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;
Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан
дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі.
Оқушының үйреншікті дағдысы екінші нәрсені
меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны
дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар
бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін
тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі.
Мұны дағдының интерференциясы деп атайды.
Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара
қатысы.
Іскерлікті меңгеру. Іскерлік түрлері:
Заттың негізгісін қосымшасынан бөліп алу іскерлігі;
Зат мен қоршаған ортадағы құбылыстардың қатынастарындағы басты
байланысты табу іскерлілігі;
Өз пікірінің ақиқаттығын дәлелдей алу және жалған ой
қорытындысын жоққа шығару іскерлігі;
Өзінің ойын мағыналы және дәлелді жеткізу іскерлігі;
Іскерлікті тудыру:
Ойлау операциясы мен тәсілдерін бір алаптан екіншісіне тасымалдауын
жүзеге асыру;
Құбылыстың дамуын алдын-ала көре білу;
Дәлелді тұжырымдар жасау.
БІЛІМ, ІСКЕРЛІК, ДАҒДЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
ЖҰМЫСТАРЫ:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл
кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау;
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдану ға
рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Москва,
ВЛАДОС, 2002
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология,- М.: Логос;
Алматы, 2005.
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. - М.: Академия,
2006.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz