Алабота (Atriplex) және алабота тұқымдастары: морфология, таралуы және қолданылуы


Slide 1

Алабота

Орындаған: Исламова Ж.

Тобы: АП-12-2к

Қабылдаған: Есентуреева Г.

Slide 2

Алабота

Алабота (лат. Atriplex) - біржылдық шөп текті өсімдік.

Биіктігі 20-80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.

Slide 3 Slide 4

Алабота

Емдік ролі

Бауырды қуаттандырып, көзді нұрландырады.

Өзге ролдері

Сабын жасайды, жер тыңайтады, маңызды мал шаруашылық қоректік шөбі.

Slide 5

Алабота тұқымдастар

Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Алабота тұқымдастарға қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.

Slide 6 Slide 7

Ақ алабота

Ақ алабота - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі - ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы - Т4А4Ж1 Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.

Slide 8 Slide 9

Сексеуіл

Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты.

Slide 10

Қызылша

Қызылша - алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туысының 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына, өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды. Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл - екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша - қызылшаның мәдени түрі. Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады.


Ұқсас жұмыстар
Алабота тұқымдастары (Chenopodium): морфологиясы, негізгі түрлері және шаруашылық маңызы
Көкнәр және алабота тұқымдастары: ерекшеліктері, түрлері және маңызы
§24 Көкнәр және алабота тұқымдастары: морфологиясы, түрлері және шаруашылық маңызы
Алабота, сексеуіл және қызылша: биологиялық сипаттамасы, таралуы және экономикалық маңызы
Ақ алабота (Chenopodium album): таксономиясы, морфологиясы, экологиясы, биологиясы, шаруашылықтағы қолданылуы және күресу шаралары
Пияз тұқымдастары мен сарымсақтың морфологиясы, таралуы және қолданылуы
Жаңғақ, бұршақ және раушангүл тұқымдастары: морфологиялық ерекшеліктері, таралуы және қолданылуы
Тауқалақай, айлаулық, сабынкөке және алқа тұқымдастары: сипаттамасы, таралуы және фармакогнозиялық маңызы
Түркістан доланасы (Crataegus turkestanica): морфология, таралуы және емдік қасиеттері
Шәмшаттар, қайыңдар, талдар және асқабақтар тұқымдастары: морфологиясы, түрлері және Қазақстандағы таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz