Астық дақылдарының тұқымына қойма зиянкестерінің тигізетін зиянын зерттеу



«Астық дақылдарының тұқымына қойма зиянкестерінің тигізетін зиянын зерттеу»

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәнді дақылдардың ішінде астық дақылдары ең негізгілерінің бірі болып саналады. Жоғары сапалы тұқыммен себу-күздік бидайдан мол өнім алудын маңызды шарттарының бірі. Сондықтан осы мақсатта өткен жылы өнімнен дайындалған бірінші класты пайдаланған дұрыс. Мұның себебі күздік бидайдың жинау мерзімі мен себудің арасы тым жақын, жаңа өнімнің тұқымы тыныштық күйін өтіп үлгермейді де лабораториялық өнгіштігі 70-80% аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке егін жинағаннан 20-30 күннен соң жетеді. Жаңа тұқымның егін көгі әркелкі, кешігіп шығады, далалық өнгіштігі төмендейді, егістік сирек болады, өнімі аз болады. Ал өткен жылғы астықтың өнімінен әзірленген тұқымнан егін жаппай және тез көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді әрі ойдағыдай қыстап шығады және жаңа тұқымға қарағанда 3 ц/га және одан да жоғары қосымша өнім береді. Бұл ерекшелік шаруашылықтарда ауыспалы тұқым қоры болуын қалайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік Қазақстанның аймағында тұқымдық астық дақылдарының негізгі қойма зиянкестерін анықтап, олардың тигізетін технологиялық және экономикалық әсерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- астық дақылдарының тұқымдарына зиян келтіретін қойма бунақденелілерінің биологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- қойма зиянкестерінің астық дақылдарының тұқымына әсерін анықтау, экономикалық шығынын есептеу;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан өңірінде астық дақылдарында кездесетін негізгі қойма зиянкестерін анықтау жолдары қарастырылып, олармен күресу жолдарын ұйымдастыру. Сондай-ақ зиянкестің ерекшеліктеріне қарай биологиялық және даму заңдылықтарын ескере отырып, олардың астық дақылдарының тұқымына әсерін анықтау.

Ұн қоңызы - Tenebriomolitor L.
Қатты қанаттылар (Colcoptera) отрядының қара денелілер (Tenеbrionidaе) тұқымдасына жатады. Қоңыздың ұзындығы 12-16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара-қоңыр, үстіңгі қанаттарында көптеген нүктелерден тұратын бойлық айғыздар орналасқан. Мұртшалары кысқа, олардың үш жағы аздап жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ. Жұмыртқасы сопақша келген, ұзындығы 1, 6-1, 8 мм, түсі сүттей ақ, жылтыр. Личинкасын «ұн құрты» деп атайды. Олардың ұзындығы 25-30 мм жетеді, түсі қошқыл сары, алдыңғы аяқтары ортаңғы және артқы аяқтарына қарағанда ұзын. Қуыршағының ұзындығы 16-18 мм, түсі сарғылттау, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында тарақ тәрізді төрт бұрышты қосалқылары және денесінің артқы жағында мүйіз тәрізді екі есінді болады.
Қоныздардың өздері де, личинкалары да зиян келтіреді. Личинкалар ұнды және ұнтақты, (әсіресе өте дымқыл және жатып калған ұнды) сонымен қатар жармаларды, піскен нанды, кептірілген нанды, темекіні және т. б. зақымдайды.
Сурет 1. Ұн қоңызы - Tenebriomolitor L.
Астық тұқымдас дәнді дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілер

Қойма зиянкестерінің бидай тұқымына тигізетін зиянын анықтау
Тәжірибе нұсқалары
Қоңыздар саны, дана/кг
Дәннің зақымдануы, %
1000 тұқым салмағы, г
Тұқым салмағының зақымдануынан төмендеуі
Тұқымдар
Өну қуаттылығы%
Өнгіштігі, %
Бақылауға қарағанда өнгіштігінің төмендеуі, %
г
%
І
5
1, 7
40, 7
1, 9
4, 4
88, 3
90, 3
3, 8
ІІ
10
3, 2
39, 8
2, 8
6, 6
86, 7
89, 6
4, 5
ІІІ
15
4, 6
38, 4
4, 2
9, 9
85, 7
87, 4
6, 7
Бақылау
-
-
42, 6
-
-
92, 3
94, 1
-
1- кесте
Үлкен ұн қоңыздың бидай тұқымын тигізетін зияны)

Қазақстан аймағындағы қоймаларда ғалымдардың зерттеулері бойынша 100-ден астам бунақденелілер мен кенелердің түрлері белгіленген. Олардың ішінде негізігі түрлері 60-тан астам. Бірнеше зиянкестердің биологиясы, экологиясы, зияндылығы анықталып, химиялық пепараттардың тиімділері өндіріске ұсынылды. Сонымен, бұл зерттеулер Қазақстанның оңтүстігінде жүргізілген. Ал елімізде астық өнімдерін өндіретін ірі өлкенің бірі - Оңтүстік Қазақстан. Қойма зиянкестері астық дәндерімен және олардан жасалған өніммен қорекектеніп, дәннің салмағын азайтып, тұқымның өнімділігін және сапасын төмендетеді. Осыған байланысты 2002 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан қоймалардағы астық және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерін зақымдайтын бунақденелер мен кенелердің түрлерін және олардың ішінде жиі кездесетін бірнеше түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, күрес шараларын дұрыс жүйеде жүргізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Лабораториялық жағдайда( температура 20-25° С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60-70 %) негізгі зиянды бунақденелілердің - үлкен ұн қоңызының (Tenebrio molitor L. ), кіші ұн қоңызының (Tribolium confusum Duv. ), ұн кенесінің (Acarus siro L. ) . тіршілік ету ерешеліктері және олардың астыққа тигізетін зияндылығы анықталды.
Үлкен ұн қоңызы ( Большой мучной хрущак. Tenebrio molitor L. ) қара денелілер (Tenebrionida) тұқымдасына жатады. Бұл зиянкес Қазақстанда кең таралған. Қамба зиянкестерінің ішіндегі жиі кездесетін негізгі түрлерінің бірі. Мұнара қоймаларын, ұн диірмендерін, сыра, құрама жем зауыттарын және тәтті тағамдар фабрикаларын мекендейді. Зиянкес - бидай, жүгері, арпа, күріш дәндерімен, ұнмен т. б қоректенеді. Ұн қоңызы жұмыртқаларын қорегенің, еденнің жарықтарына, қоректенген өнімнің ішіне шашыратып немесе топтатып салады. Өсімталдығы 68-182 жұмыртқаға дейін, ал әдебиеттердегі мәліметтер бойынша 500-ден астам [25] . Ұрықтық дамуы 12 күнен 20 күнге дейін тіршілік етеді. Дернәсілдер қоршаған орта жағдайларына байланысты 280 күнен 600 күнге дейін тіршілік етеді. Суыққа өте төзімді келеді. Дернәсілдері қыстайды. Қыстаудан шыққанан соң дереу қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 10 күн. Қоңыздардың өздері де дернәсілдеріндей көбіне астықтың үгітілген үгіндісімен, кептірілген нанмен, жармалармен қоректенеді. Үлкен ұн қоңызымен зақымдалған дәннің салмағы 4, 4-9, 9 %, тұқымның өнгіштігі 3, 8-6, 7%, өну қуаттылығы 4, 0-7, 2 дейін төмендейді (1-кесте) .

Кіші ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv.
Бұл да қара денелілер (Tenebrionidaе) тұқымдасына жатады. Ұзындығы 2, 6-4, 4 мм, қара немесе қоңырқай түсті кішірек қоңыз. Личинкаларының түсі сарғылт-қоңыр, ұзындығы 6-7 мм, денесінің артқы жағында үшбұрышты ілмек тәрізді екі өсіндісі болады. Қуыршақтарының ұзындығы 2, 7-3, 5 мм, ақшыл сары, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында ұшында қылшықтары бар өсінділер болады.
Қоңыздар және олардың личинкалары ұнмен, ұнтақ жарма және басқа жармалармен, ұннан жасалған тағамдармен, астық дәндерімен және басқа дақылдардың тұқымдарымен, кептірілген жеміс және көкөністермен, темекі және оның өнімдерімен қоректенеді. Зақымдалған ұн иленіп, кесек-кесек немесе түйір-түйір болып қалады, дәмі және исі ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа және мал жемі үшін пайдалануға жарамайды.
Сурет 2. Кіші ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv.

Тәжірибе нұсқалары
Қоңыздар саны, дана/кг
Дәннің зақымдануы, %
1000 тұқым салмағы, г
Тұқым салмағының зақымдануынан төмендеуі
Тұқымдар
Өну қуаттылығы%
Өнгіштігі, %
Бақылауға қарағанда өнгіштігінің төмендеуі, %
г
%
І
5
2, 2
38, 8
2, 3
5, 5
87, 2
89, 1
5, 9
ІІ
10
4, 6
38, 4
2, 7
6, 5
86, 5
88, 5
6, 7
ІІІ
15
8, 7
37, 3
3, 8
9, 3
84, 4
86, 3
16, 3
Бақылау
-
-
41, 1
-
-
90, 5
96, 1
-
2- кесте
Кіші ұн қоңызының бидай тұқымына тигізетін зияны

Кіші ұн қоңызы (Малый мучной хрущак. Tribolium confusum Duv. ) қара денелілер (Tenebrionidae) тұқымдасына жатады. Астық өнімдерін зақымдайтын негізгі зиянкестердің бірі. Біздің зерттеулеріміз бен әдебиет мәліметтері бойынша кіші ұн қоңызы еліміздің барлық аймақтарында тегіс таралған. Бұл қоңыз ұн диірмендерін, наубайхана, сыра, жарма және құрама жем зауыттарын, мұнара қоймаларын, ауыл қамбаларын мекендейді. Бидай ұнымен, кебекпен, басқа жармалармен, кепкен жемістермен қоректенеді. Зиянекстің өсіп өнуіне қолайлы жағдай - жылылығы 25-30°С, дәннің дымқылдығы 14 %. Қоңыздары қыстайды. Қыстап шыққан ұрғашы қоңыз жұмыртқаларын қоректенген өнімдердің үстіне бір-бірлеп салады. Өсімталдығы 350-370 жұмыртқаға дейін жетеді.
Ұрықтық дамудың ұзақтығы 6-15 күн, дернәсілдердікі 20-30 күн, ал күннің суық кезінде ұзағырақ болады. Дернәсілдер 5-12 рет түлеп, қоректенген жерінде қуыршаққа айналады. Қуыршақтың даму ұзақтығы 5 күннен 30 күнге дейін. Жалпы бір ұрпақтың өсіп-өнуі - 56 күн, ал тіршілік ұзақтығы 108-110 күн. Жылына 2-3 ұрпақ береді.
Бұл зиянкестің зияндылығы - астық дәнінің ұрық бөлігін қатты зақымдайды. Кіші ұн қоңызы дәннің салмағын 5, 5-9, 3 %, тұқымның өнгіштігін 7, 2-10, 1 %, ал тұқым өнуінің қуаттылығын 3, 3-6, 1%-ға кемітеді ( 2-кесте) . Зақымдалған ұн иленіп, кесек-кесек немесе түйір-түйір болып қалады, дәмі және ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа және мал жемі үшін пайдалануға жарамайды.

а - ұн кенесінің еркегі; б -ұн кенесінің активті гипопусының арқа жағынан көрінісі, в - оның бауыр жағынан қарағандағы көрінісі;
г - кәдімгі түкті кененің әрекетсіз (қимылдамайтын) гипопусы
Сурет 3. Қамба кенелері

3- кесте
Ұн кенесінің бидай тұқымына тигізетін зияны
Тәжірибе нұсқалары
Қоңыздар саны, дана/кг
Дәннің зақымдануы, %
1000 тұқым салмағы, г
Тұқым салмағының зақымдануынан төмендеуі
Тұқымдар
Өну қуаттылығы%
Өнгіштігі, %
Бақылауға қарағанда өнгіштігінің төмендеуі, %
г
%
І
10
2, 8
40, 2
1, 6
3, 8
3, 8
87, 4
5, 9
ІІ
20
5, 1
39, 3
2, 5
6, 1
83, 1
89, 3
6, 7
ІІІ
30
11, 2
38, 6
3, 1
9, 3
78, 1
79, 7
16, 3
Бақылау
-
-
41, 8
-
-
91, 8
96, 1
-

Ұн кенесі (Мучной клещ. Acarus siro L. ) астық кенелері (Acaridae) тұқымдасына жатады. Бұл көп қоректі кене - бидай, арпа, күріш, ұн, кепкен жеміс және тағы басқа өнімдермен қоректенеді. Аса қауіпті зиянкестердің қатарына жататын астық кенелерінің ішінде кең таралған түрі. Зерттеулеріміздің нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан астық қоймаларынан, сыра, жарма және құрама жем зауыттарынан, диірмендерден, мұнара қоймалардан және басқа жабық жайлармен қатар қырмандарда, жиналған сабандар, төгілген дәндерде, қоқыстардың арасынан табылды.
Кененің өсіп-өнуіне қоршаған орта температурасы, ылғалдылығы, дәннің дымқылқығы көп әсерін тигізеді. Кененің дамуына ең қолайлы жағдай ауаның ылғалдылығы 65-80 %, температурасы 21-27°С, дәннің дымқылдығы 16-17%. Егер дәннің дымқылдығы 13%-дан төмен, ал температура 40-55°С болған жағдайда дамуы тоқтап, кенелер өліп қалады.
Кенелер өзінің даму кезеңінде мынандай сатыдан өтеді; жұмыртқа, дернәсіл, бірінші нимфа, гипопус, екінші нимфа, ересек кене.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz