АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ МАҢЫЗЫ


Slide 1

Ауыл шаруашылығындағы және адам өміріндегі атмосфералық ауаның маңызы

Орындаған: Шырынбек М.

Нурахметова М.

Тобы:АП-12-1к1

Slide 2

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Ауа райы - атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т. б. ) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.

Slide 3

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Агрометеорологиялық байқау - арнайы бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы үшін маңызы бар метеорологиялык элементтердің және олардың ауыл шаруашылығы нысандарымен өзара байланыстарын күнделікті қадағалап отыратын метеорологиялық орындардың (бекеттердің) жүргізетін жұмыстары.

Slide 4

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Ауа райының жергілікті белгілері - жергілікті метеорологиялық бақылауларға сүйеніп, ауа райының жуық арада (бірнеше сағат ішінде) өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін атмосфералық құбылыстар. Олар жай көзбен (бұлттың қоюлығы, жылжу бағыты және оның аспан күмбезіндегі мөлшері, ашық түнде жер бетіне шықтың түсуі, т. б. ) және аспаппен байқалатын метеорол. құбылыстар болып бөлінеді. Қолайлы ауа райы ұзақ уақыт өзгермейтін болса, онда сол аймақтағы атмосф. қысым көтеріліп, түнде тымық, күндіз жұмсақ жел еседі, ауа темп-расы күндіз жоғарылап, түнде төмендейді, кейде кешке қарай болмашы жауын-шашын себелейді. Мұндай ауа райы антициклонның ықпалы тиетін аймақтарға тән. Атмосф. қысымның төмендеп, желдің жылдамдығы мен ауа темп-расының бір қалыпта болуы, аспанды түгелдей бұлт торлап, жауын-шашын толассыз, ұзақ жаууы қолайсыз ауа райының белгілеріне жатады. Ондай ауа райы циклон тараған аудандарда басым келеді.

Ауа райының жергілікті белгілері - байқаушының көкжиек ауқымындағы болжамдық маңызы бар атмосфераның дамуындағы ерекшеліктері. Бұларға бұлттардың сипаты, көрінімнің алыстығы, атмосферадағы оптикалық құбылыстар, жергілікті атмосфералық кысым мен желдер және тағы да басқалары жатады.

Slide 5

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Slide 6

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Агрометеорология, ауыл шаруашылық метеорологиясы - ауыл шаруашылығы үшін маңызы бар метеорологиялық, климатологиялық және гидрологиялық жағдайларды, олар мен ауыл шаруашылығы өндірісінің нысандары мен процестері арасындағы өзара байланысын зерттейтін ғылым. А. биология, география, физика, топырақтану, т. б. ғылымдарымен тығыз байланысты. Жеке ғылым саласы ретінде 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. А. ауа райы мен климаттың а. ш-на тигізетін қолайсыз әрекеттеріне қарсы шара қолдану әдістерін белгілеп, егістен түсетін өнімнің мол және сапасының жоғары болуын, күздік дақылдардың қыста жақсы сақталуын, а. ш. дақылдарын егіп өсіру технологиясын және климат пен агрометеорол. жағдайларды ескере отырып, а. ш. зиянкестерімен күресу жолдарын жетілдіру әдістерін зерттейді. А-ның ең маңызды зерттеу әдістері: далада гидрометеорол. жағдайларды а. ш. дақылдарының, жайылымдағы өсімдіктің, бағудағы малдың күйімен байланыстыра бақылау; өсімдіктерді әр түрлі жерге егіп байқау; микроклиматтық жағдайларды картаға түсіру; матем. -статистик. талдау жасау. Кейінгі жылдары А-да егін мен шөптің өсу дәрежесін зерттеу үшін авиа және автомаршруттық зерттеулер, жауын-шашынды өлшеу үшін радиолакаторлар қолданылады. Агрометеорол. бақылауды агро және гидрометеорол. ст-лар жүргізеді.

Slide 7

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Slide 8

Ауа райы және оның ауыл шаруашылығына маңызы

Ауыл шаруашылық алдағы ауа райының дақылдардың өсуіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындауға, әр түрлі агротехникалық әдістерді қолдануға қолайлылық дәрежесін баяндап отыратын болжам. Агрометеорологиялық қызмет агрометеорологиялык мекемелердің ауыл шаруашылығының қалыпты жұмысын камтамасыз ету мақсатында республика, облыс, аудан көлемінде басқару орындары мен ауыл шаруашылығын ауа райының өткен, ағымдағы және алдағы жағдайлары туралы ұдайы хабардар ету қызметі. Агрометеорологиялық станса жалпыторлық бағдарлама бойынша жүргізілген метеорологиялық байқауларға қоса арнайы жасалған бағдарлама бойынша байқаулар жүргізетін, сондай-ақ аймақтық агрометеорологиялық жағдайлар мен олардың ауыл шаруашылығына әсерін зерттеп отыратын мамандандырылған станса.


Ұқсас жұмыстар
ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
АТМОСФЕРА ҚҰРАМЫ
Ауа райы, қабаттардың әсері
Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы – атмосфералық қысымның, электрлік жағдайы мен радиоактивтілігі. Қолайсыз әсерлерінің алдын-алу
Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсері
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Өсімдік өміріндегі судың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz