Бұршақ тұқымдастар



Бұршақ тұқымдастар
Орындаған:
Қабылдаған:

Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ - дәнді - дақылдар тобына жататын біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Отаны - Оңтүстік-Батыс Азия деп саналады. Бұршақ - ерте заманнан өсіріліп келе жатқан дақыл, оның тұқымы тас дәуіріндегі үңгірлерден табылған. Бұршақтың түрлері өте көп. Бір гектар жерден 15-30 центнерге дейін өнім алынады. Бұршақтың құрамындағы ақуыз басқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан тұрады. Бұршақ құрамында аскорбин қышқылы көп - 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1, 5-2 есе артық.

Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.

Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады.
Көп жылдық шөлтер топырақты органикалық заттар-мен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды қүртады. СолтүстікҚазақстанның қүрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөп-терді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп қырты-сындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танап-қа қарағанда гектарына 2, 3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда гектарына 0, 7 ц жо-ғары.

Дәнді бұршақ дақылдары
Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге нитрагинді жұқтырудың тиімділігі
Бақылау вари-
Қосымша
ӨНІМ
Егепке алын-
Тәжірибе
Тиімді тәжі-
антындаш ор-
Дақылдар
ған өнім
Саны
рибелер %
таша өнім
Гектарына
есебімен
(гектарына ц есебімен)
ц есебімен
%
1
2
3
4
5
6
7
Бұршақ
көк балаусасы
8
75
123, 2
29, 1
23, 5
Люпин
көк балаусасы
14
100
232, 9
154, 1
66, 1
дәні
9
100
10, 5
2, 2
20, 9
Соя
көк балаусасы
2
100
79, 5
15, 5
19, 1
дәні
26
70
12, 9
1, 6
12, 3
Ноқат
дәні
6
100
13, 4
2, 1
14, 9
Беде
пішені .
4
100
45, 7
12, 4
26, 9
дәні .
3
100
1, 9
1, 1
57, 9
Эспарцет
пішені
4
100
35, 9
11, 2
31, 1
дәні .
3
100
6, 0
2, 8
46, 6

Бұршақ тұқымдастар
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1, 5-2, 0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т. б. ) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т. б. ) жапырылғыш, тұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т. б. ), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ) . Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады. Жемісі - әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т. б. ) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz