ОҚО, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау



«ОҚО, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау»
Орындаған: Бекенова З.
Тобы: АП-10-1к2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді:
Жүгері өсімдігінің биологиялық қасиеттерін анықтау;
Дақыл өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылдың ерекшеліктерін ескере отырып өнімді бағдарлау;
Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша дәндік жүгері өсіру технологиясын жасау
Практикалық бағалылығы. Жүгері дақылын өсіретін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып өсіру технологиясын жасалды, мұнда ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілді.

Жүгерінің ботаникалық сипаттамасы
Өсіп-өну және даму. Жүгері дәнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко мәліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7-8 күнде жүгері тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.
Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда әсіресе, шашақтану кезінде бір тәулікте 10-12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды. ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды.
Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер ететін 2-3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер ететін 6-7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979) .
Жүгері дақылының
сыртқы құрылысы

Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
Ылғалға талабы. Топырақ құрамында ылғал неғұрлым көп болса, июнь-август айларыңда жаңбыр неғұрлым көп жауса, өсімдік солғұрлым ылғалды тиімді пайдаланады және жедел өседі. Қуаңшылық жылдары, жаңбыр аз жауған да жүгері өсімдігі бір өлшемдік құрғақ затын құрау үшін көп су жұмсайды.
Топыраққа талабы ерешелігі. Жүгері егістігінен алынатын жоғары өнімдер топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерімен қатар топырақтың органикалық және қоректі заттарға бай болуына байланысты. Қышқылды ортасы 5, 5-7 аралығында болса жақсы өнім алынады. Егер қышқылды ортасы рН-5-тен төмен болса, ондай топырақтарда жүгері өспейді. Жүгері дәні топыраққа түскеннен бастап, оттегін көп керек етеді. Жақсы өнім алу үшін топырақ құрамында 18-20 процент оттегі болуға тиісті, егер ол 10 процентке түсіп кетсе жүгерінің тамыры есуін баяулатады, 5 процентке төмендесе тіпті өспейді. Топырақ тығыздығы 1, 1-1, 3 г/см аспау керек. Мұның бәрі сөзсіз жүзеге асырылуға тиісті агротехникалық шаралар қатарына жатады.
Жылуды қажет етуі. Ауыл шаруашылығының көптеген басқа дақылдарына қарағанда жүгері жылылықты сүйеді. Өніп, өскеннен кейінгі ауа температурасының күрт төмендеуі жүгеріге өте зиянды. Жүгері тұқымының өнуі үшін топырақ жылылығы 8-10 градус болса жеткілікті. Кейбір суыққа төзімді сорттар сынап бағанасы 6 градусты, тіпті одан да төмен температураны көрсеткеннің өзінде өне береді. Ауаның температурасы төмен болған сайын тұқым баяу әрі сирек өнеді. Соның салдарынан өсімдік ауруға шалдығады немесе топырақты жарып шыға алмай, өледі. Демек, жүгерінің өніп шығуы үшін топырақтың температурасы тұқымның өнуіне қажетті жылылықтан 2-3 градус жоғары болуға тиіс. Жүгері өсірілетін аудандардың пайдалы температурасының жиынтығы 1700°-3120°С аралығында болады

Дақылдың ауыспалы егістегі орны
Зерттеулер нәтижесінде жүгері дақылы көпжылдақ бұршақ тұқымдас шөптен соң (жоңышқа), астықты дақылдардан және отамалы бұршақ тұқымдастардан кейін өсіргенде мол және сапалы өнім алуға болатыны анықталған. Дегенмен өсіру технологиясын ғылыми негізделген технологиялық үлгісін жүйелі түрде уақтылы, сапалы жүргізгенде органикалық және минералды тыңайтқыштарды топырақ құнарлылығының көрсеткіштеріне байланысты және жүгері өсімдігінің биологиялық даму ерекшеліктерімен байланыстырып қолданған кезде бірнеше жыл ауыстырмай бір жерде жылма-жыл үзбей егуге болатынын және өнімділіктің көп төмендемейді.
Обылыс көлемінде көп қолданылатын дәндік жүгерінің төмендегідей ауыспалы егістігін қолдану оңтайлы деп есептеймін.
1. Дәнді дақыл +жоңышқа 1 жыл
2. Жоңышқа 2 жыл
3. Жоңышқа 3 жыл
4. Дәндік жүгері
5. Дәндік жүгері
6. Сүрлемдік жүгері мен май бұршақтың аралас егісі

Топырақ өңдеу жүйесі
Ауыспалы егістің аты алғы дақылдар
Топырақты әзірлеу және тұқым себу алдында өңдеу әдістері
Қажетті машиналар және құрал -жабдықтар
Жұмысты жүргізу мерзімі
Сапалық көрсеткіштері
Сыдыра жырту
ЛДГ-10
Алғы дақыл жинап болғанда
8-10 см тереңдікке
Аудара жырту
ПЛН -4-35
Күзгі суықтар басталғанша
28-32 см тереңдікке
Тырмалау
БИГ-3, БМШ3, 5
Көктемде топы-рақ физикалық пісіп жетілгенде
6-8 см тереңдікке
Культивациялау
ЧКУ-3, 0
Арамшөптердің шығуына орай
8-10 см тереңдікке
Культивациялау
ЧКУ-3, 0
Егін себуден 2-3 күн бұрын
10-12 см тереңдікке

Тұқымды себуге әзірлеу
Жоғары сапалы тұқым - мол өнім алудың негізі. Тұқым сапасынан тұқымның бір мезгілінде өнуі, өркенінің жиі болуы ең соңында өнімнің жоғары болуы байланысты. Жүгерінің өнгіштігі 92% кем (II класты) болмауы керек, егер өнгіштік 96 болса (I класты) тіпті жақсы болады. Өйткені өнгіштік аталған көрсеткіштерден төмен болса егін көгі өте сирек болады, ол міндетті түрде алынатын өнімге теріс әсер етеді. Себуге дайын жүгері тұқымы еленген және дәріленген болуы тиіс.
Реттік қатары
Тұқымды себуге әзірлеу шаралары
Шараның алға қойылған мақсаты
Препарат тың мөлшерінің шығыны
Ауылшаруа-шылық машиналары маркалары
Жүргізілетін мезгіл (агро күнтізбек
Сапасына қойылатын талаптар
1
Елегіштен өткізу
Тұқымнан біркелкі егін көгін алу үшін
-
ЗАВ-40
Тұқымдық материал жиналғаннан соң
Біркелкі 4 және 5 № електен өткізу
2
Дәрілеу
Аурулардан, зиянкестер-ден қорғау
ТМТД препараты
2 кг/т
КП-1, 0
Себуден бір ай бұрын
Бірыңғай

Тұқым себу мерзімі, мөлшері және әдістері
Жүгерінің тұқымын себу нақты жағдайға, топырақ күйінее, арамшөптермен ластануына және ең бастысы ауа райына байланысты жүргізіледі. Топырақ температурасы 100С төмен болса, жүгері себіліп болғаннан соң тұқым ұзақ уақыт көктемей жатып алады, нәтижесінде саңырауқұлақ ауруларына ұшырап 30-40% кейде одан да көп мөлшері егін көгін бермейді. Сондықтан курстық жұмыс барысында аймақтың ауа-райы жағдайлары ескеріледі. Биологиялы қасиетіне байланысты жүгері тұқымын себу топырақтың тұқым сіңіру тереңдігіндегі температура 10-12 0С жеткенде жүргізілуі тиіс екендігі белгілі. Оңтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Тассай тірек бекетінің ауа райы жағдайлары мәліметтері бойынша бұл мерзім сәуір айының үшінші онкүндігіне сәйкес келеді.
Дақыл
Түқымның сапа
көрсеткіштері
Түқым
себу
мөлшері
Себу
Тазалығы, %
Өнгіш
тігі, %
Себу жарамдылығы, %
1000 дән салмағы, г
Млн. дана/га
кг/га
мерзімі
әдісі
Тереңдігі, см
Дәндік жүгері
98
96
94, 1
300-400
0, 1-0, 12
41
Сәуірдің 3- онкүндігі
Пунктирлі
6-8

Негізгі дақыл егістігіндегі күтіп-баптау жұмыстары
Реттік қатары
Шаралар
Дақылдың даму сатысы
Жұмысты жүргізу
мезгілі
Препарат-тардың шығын мөлшері (кг/га)
Қолданылатын машиналар маркасы және құрал жабдықтар
Қойылатын агротехника
лық
талаптар
1
Тырмалау
Егін көгі пайда болғанға дейін
мамырдың басы
---
БИГ - 3
Аңызақ қал-дырмай 3-4 см
2
Гербицид енгізу
Арамшөптердің шығуына бай-ланысты егін көгі пайда болғанға дейін
мамырдың басы
1, 5-2, 0 л/га
ОПШ-8
50%-тік 2, 4Д амин тұзы
3
Қатарара-лықтарды қопсыту
Егін көгі жаппай пайда болғанна соң
Мамыр айының екінші онкүндігі
КРН-4, 2
6-8 см тереңдікке
4
Алғашқы вегетация-лық суару
5-7 жапырақ пайда болғанда
Мамыр айының екінші онкүндігі
500-600 м3/га
5
Қатарара-лықтарды қопсыту
8-10 жапырақ пайда болғанда
Мамыр айының үшінші онкүндігі
Азот тыңайтқышының 3/5 бөлігі
КРН-4, 2
10-12 см тереңдікке
6
Вегетация-лық суару
10-12 жапырақтар пайда болғанда
Маусым айының бірінші онкүндігі
500-600 м3/га
7
Қатарара-лықтарды қопсыту
10-12 жапырақ пайда болғанда
Маусым екінші айының онкүндігі
Азот тыңайтқышының 2/5 бөлігі
КРН-4, 2
10-12 см тереңдікке
8
Вегетация-лық суару
12-14 жапырақтар пайда болғанда
Маусым айының үшінші онкүндігі
500-600 м3/га
9
Вегетация-лық суару
16-18 жапырақтар пайда болғанда
Шілде айының бірінші онкүндігі
600-800 м3/га
10
Вегетация-лық суару
20-22 жапырақтар пайда болғанда
Шілде айының ортасыі
500-600 м3/га
11
Вегетация-лық суару
20-22 жапырақтар пайда болғанда
Тамыз айының бірінші онкүндігі
500-600 м3/га

Дақыл өсірудің технологиялық кескіні
Реттік қатары
Атқарылған жұмыстар тізімі
Жұмыстың негізгі мақсаты
Жүргізу мерзімі
Қажетті машиналар, құрал-жабдықтар (маркалары)
Орындалған жұмыстардың сапа көрсеткіштері
1
Сыдыра жырту
Аңызақ қалдығын топыраққа араластыру
Алғы дақыл жиналып болғаннан соң
ЛДГ-10
8-10 см тереңдікке
2
Органикалық тыңайт-қышпен бірге Р2О5, К2О5 енгізу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz