ЛИТОСФЕРА, ГИДРОСФЕРА ЖӘНЕ АТМОСФЕРА




Презентация қосу
Жердің табиғи
қорларының сипаттамасы:

ЛИТОСФЕРА,
ГИДРОСФЕРА
ЖӘНЕ
АТМОСФЕРА
Жердің табиғи қорлары
Табиғи қорлар - табиғи ортаның,
қоғамның материалдық және рухани
мұқтажын қамтамасыз ету үшін,
өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи
қорларды тиімді пайдалану және
адамзатты өне бойын табиғи қормен
қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің
бірі болып отыр. Сондықтан табиғи
қорларды сарқылтпау үшін қалпына
келмейтін табиғат байлықтарын тиімді
пайдалануға, шикізаттың, отынның,
энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық
күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске
асырудың маңызды жолдары басқа
(арзан) шикізатты кеңінен қолдану және
жан-жақты толық пайдалану.
ЛИТОСФЕРАСЫ
Литосфера — жер қабығы (грек.
lithos- тас, sphaira — шар) — жердің
сыртқы қатты қабаты жоғарғы
гидросфера және атмосферамен
шектеседі. Жер қабығының
жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол
шегінді тау жыныстарынан тұрады,
кейде бұған эффузивтер
жамылғысын да енгізеді. Жер
қабығының тербеліс тарихы
қозғалысына байланысты, оның
калыңдығы әр орында әр түрлі
болып келеді. Шөгінді қабықтың
астында граниттік қабат
орналасады; бұл қабат мұхит
ойыстарында ұшырамайды.
Граниттік қабаттың астында аралық
немесе «базальттық» аса тығыз
жыныстар қабаты жатады.
ЛИТОСФЕРА
Литосфера - Жер планетасының біршама
берік тау жыныстары кешендерінен
тұратын, төменгі жапсары ішінәра
балқымалы яки онша берік емес
атмосфера қабатымен шектелетін ең
сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын
(Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын)
және осы қыртыс пен атмосфера аралығын
қамтитын қатты заттардан тұратын,
литосфералық мантия деп аталатын
жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын
біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты
жер қыртысынан Мохоровичич шегі
арқылы дараланады, бұл қабатты
құрайтын тау жыныстарының құрамы
негізінен оливин мен пироксеннен
тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес
келетін болса керек. Литосфераның беткі
жазықтығы атмосферамен немесе
гидросферамен шектеледі. Литосфера
қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында
деп есептелінеді.
Гидросфера
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан
(мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден,
өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып
жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер
мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын
заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды,
батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің
77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына –
мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары,
мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді.
Жер гидросферасы
Гиросфера туралы
Физикалық қасиеттері мен құрамына
қарай олар үшке ажыратылады: 1)
мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар);
2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер
асты сулары (шекаралық сулар). Олар
жер қыртысында орналаскан.
Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8
млрд. км3. Оның көпшілігі (1370 млн.
км3) — мұхит сулары, ал жер асты
суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл
сулардьщ барлығы да табиғи ерітінділер
болып саналады. Сондықтан да олардың
әрқайсысы азды-көпті мөлшерде
минералданған сулар түрінде кездеседі.
Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит
пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе
3,5%) болып келеді. Олардың
тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері
мен шөгінді жыныстардын,
аралығындағы динамикалық тепе-
теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.
Атмосфера
Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның
төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның
төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін
көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа
газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады.
Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының
жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын
атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп,
оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі
атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды.
Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа
құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары
75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады.
Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Атмосфера
Атмосфера — Жер шарының
ауа қабығы, ол салмақ күшіне
байланысты ғаламшармен
бірге айналып, қозғалысқа
түседі. Жалпы массасы 5-
1015 т шамасында болатын
атмосфера түрлі газдардан,
су тамшылары мен шаң-
тозаңнан тұрады.
Атмосфераның төменгі бөлігі
Жер бетімен шектесіп жатыр.
Ал жоғары шекарасы ретінде
соңғы ғылыми деректер
бойынша 1000 км биіктік
алынады, бұдан әрі қарай ауа
өте сиреген күйде болады.
Атмосфера құрамы
Атмосфера құрамындағы өрбір газдың
атқаратын қызметі бар. Оттексіз тірі
организмдердің тыныс алуы мүмкін емес,
сондай-ақ жану мен тотығу процестері де
жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл
газын пайдаланып, органикалық заттар
түзеді. Атмосфера газдары тау
жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады.
Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон
қабаты Күннен келетін ультра-күлгін
сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі
организмдерді бұл сәулелердің зиянды
әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай
көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда
су тамшылары түрінде бөлініп шығып
(конденсациялану), олардың тұтасуынан
бұлттар қалыптасады. Атмосфераның
құрылысы. Биіктеген сайын ауаның
физикалық қасиеттері (температурасы,
тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді,
сондықтан атмосфераны тропосфера,
стратосфера, жзосфера, термосфера,
экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
Жердің табиғи қорларының сипаттамасы
Көңіл бөліп, назар
аударғандарыңыз үшін РАХМЕТ!!!

Орындаған: Жұмабекова Динара
АП 12 1к3

Ұқсас жұмыстар
Атмосфера қабаты
Жер геосфералары
Биосфера
Табиғи ресурстар Литосфера, Гидросфера, Атмосфера және оларды өндіріс үшін пайдалану
Жердің тіршілік қабығы
Қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралы ұйымдар
Биосфераның негізгі құрамы
ГИДРОСФЕРА ТУРАЛЫ
Геоэкологияжоғарғы иерархиялық деңгейлердің Экожүйесін зерттейтін экологияның бір саласы
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары
Пәндер