Жүгері дақылдында тыңайтқыштар ды қолдану жүйесі


Slide 1

Жүгері (Zea mays L. ) дақылы морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері бойынша басқа қоңырбас тұқымдасына жататын астық дақылдарына қарағанда бүкіл өн бойының өте күшті дамуымен ерекшеленеді. Оған тамырдың сабақтыңғ жапырақтың және гүлшоғырдың сондай-ақ дәнінің айтарлықтай мықты дамуымен сипатталады.

Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, топыраққа 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгеріде бес тамыр жүйесі ажыратылады; ұрықтық, гипокотильді немесе бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар.

Жүгері дақылдында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі

Slide 2

Жүгері дақылдында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі

Топырақтың қоректік затпен қамтамасыз етілу деңгейі

Жоспарланған өнім деңгейі, ц/га

35-40

45-50

55-60

1 гектарға арналған тыңайтқыш мөлшері (әсерлі зат, кг)

Р2О5

К2О

Р2О5

К2О

Р2О5

К2О

Төмен

Орташа

Жоғары

60

30

40

90

45

15-20

60

40

120

60

15-20

60

40

1-ші кестеде көрсетілгендей, жүгері жоғарыда аталған дақылдарға берген тыңайтқыштан қалған фосфорды пайдаланады. Фосфор мен калий тыңайтқыштарын үстеп қоректендіруге пайдалану жүгері өніміне жөнді ықпал етпейді.

Жүгерінің өнімінің артуына органикалық тыңайтқыштар да өте тиімді әсер етеді. Мәселен, 20 тонна көң енгізілген егістік жердің гектарынан 1, 5-2, ал суармалы жерден 5-6 центнер қосымша өнім жиналды.

Slide 3

Жүгері дақылдында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі

Бұл жүгері дақылының қоректік заттарды пайдалануы негізгі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - тұқым өнгеннен бастап алғашқы жапырақ пайда болу аралығын қамтиды. Бұл кезде ол фосфор элементін көбірек пайдаланады, ал азот пен калийді тұқым құрамындағы сол элементтердің есебінен қанағаттандырады. Екінші кезеңге - алғашқы жапырақ пайда болу мен гүлдеу фазаларының арасы жатады. Бұл кезеңде өсімдіктің вегетациялық мүшелерінің өсіп - дамуының қарқынды жүруіне байланысты жүгері топырақтан азот, фосфор, калий тағы басқа қоректік элементтерді барынша көп алады. Үшінші кезең гүлдеу мен собық түзіп, толық піскенге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезде дақылдың вегетативтік мүшелерінде жиналған қоректік заттардың собыққа жылжуы қарқынды жүреді де топырақтан қоректік заттардың өсімдікке өтуі баяулайды немесе тоқталады. Алайда осы аталған қоректену кезеңдері бір - бірімен тығыз байланысты.

Slide 4

Жүгері дақылдында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі

Жүгерінің өнімінің артуына органикалық тыңайтқыштар да өте тиімді әсер етеді. Мәселен, 20 тонна көң енгізілген егістік жердің гектарынан 1, 5-2, ал суармалы жерден 5-6 центнер қосымша өнім жиналды.

Тыңайтқыштарды қолдану мөлшері мен мерзімі жүгері сорттарының түріне қарай да өзгеріп отырады. Мәселен, түрлі сорттарына қарай минералдық тыңайтқыштардың әсері өндірістік тәжірибеде беріліп сыналды. Мұнда тыңайтқыш әсерінен 15, 5-17, 1 және 1, 9-12, 1 ц қосымша өнім алынды.

Азот тыңайтқышын ерте көктемде үстеп қоректендіруге қолданудың тиімді болуының басты себебі топырақ температурасы төмен болғандықтан топырақтағы нитрификация процесінің жүруі тежеледі. Қыстан әлсіреп шыққан кезде жүгері қаулап көктеуі үшін азотты өте керек етеді.

Кейінгі кездері жүгері дәнінің құрамындағы белок пен ұлпа мөлшерін арттыру үшін, оны масақтану - собықтану және дән салу кезінде мочевинаның 20 проценттік судағы ерітіндісімен тамырдан тыс үстеп қоректендіреді.

Азоттың орташа мөлшерін (90-120кг) екі рет бөліп береді (30-60кг) жерді жыртар алдында, 60кг ерте көктемде үстеп қоректендіруге) . Азот тыңайтқышының 60кг дейінгі мөлшерін ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін пайдаланады.

Жүгеріге күзде мочевинаны, күкірт қышқыл аммонийді, ерте көктемде аммоний селитрасын, тамырдан тыс үстеп қоректендіруге мочевинаның судағы 20% - тік ерітіндісін қолдану сапалы мол өнім жинауды қамтамасыз етеді.

Slide 5

Жүгері дақылдында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі

Топырақ мен өсімдік - егіншілік өндірісіндегі- басты құралдар. Топырақ құнарлылығын артттыру жолындағы барлық әрекеттер, ақыр соңында диқан үшін өнім алу негізгі мүдде болып есептелетін, өсімдік арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік шаруашылығы саласы ретінде, егіншілік жүйесінің сызбасы, өсімдіктердің тіршілік жағдайларын реттеу мен топырақ құнарлылығын қамтамасыз ететін буындар болып табылытын ауыспалы егістік жүйесі, алғы дақыл түрі, ауыспалы егістіктегі топырақ өңдеу жүйесі, дақылдардың аймақтық жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау жүйесі, дақыл тұқымдарын себу жұмыстары, топырақтың ылғал режимін реттеу жұмыстары және тағы басқалар ескерілуі тиіс. Сондықтан да курстық жұмыс негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады;

- Минералды тыңайтқыштардың ішінде қос суперфосфат және калий хлориді өте қиын еритін тыңайтқышқа жататындықтан оны көңмен қосып күзде топыраққа сіңірген тиімді.

Барлық қажетті азот селитрасының (72кг/га) 30 пайызы екінші қатараралықты өңдеумен, ал қалған мөлшері үшінші қатараралықтармен бірге беріледі. Өйткені үшінші қатараралықты өңдеу мерзімі жүгерінің қоректік заттарды көп қажетсіну кезеңіне сәйкес келеді. Ал азот тыңайтқышын бірінші рет беру егін көгінің жақсы өсіп-дамуын қалыптастырады.

- Егістік алқаптағы арамшөптің өсіп дамуына байланысты арам шөбі көп танапты бірінші өңдеуден соң 12-15 күн өткесін, тұқым себер алдында екінші рет өндеп топырақты 8-12 см терендікте қопсытады және тырмалайды.

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Техникалық дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесі
Фосфор элементінің реттік номері
Агроэкожуйеде тыңайтқыштарды қолдану
Ноқат дақылы
Картоп
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Органикалық тыңайтқыштар туралы
ОҚО, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Азот тыңайтқыштары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz