Құнарлы топырақ – мол және сапалы өнім



Құнарлы топырақ - сапалы өнім негізі
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Құнарлы топырақ - мол және сапалы өнім кепілі
Құнарлы топырақ - мол және сапалы өнім кепілі. Осы қағида еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
Қазіргі таңда Еңбек Қызыл Ту орденді Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының мәліметі бойынша елімізде топырақтың құнарлылығы (ондағы қарашіріндінің үлесі) тың және тыңайған жерлерді игерген уақыттан бері үштен бір бөлікке дейін азайып кетті. Соның ішінде суармалы жерлердегі үлесі 60 пайызға дейін төмендеді. Осы жағдай топырақтану саласының ғалымдарын алаңдатып отыр.
Мұның негізгі себебі, ауыспалы егістің ғылыми негіздерге сәйкес толығымен орындалмайтындығымен байланысты. Егістіктердегі қоректік заттар көп мөлшерде өніммен бірге шығады да, олардың орнын толтыратын минералды тыңайтқыштар өндірістегі әр түрлі себептермен аз мөлшерде ендіріледі. Ал органикалық тыңайтқыштар болса қазіргі таңда малдың санына байланысты аз жиналады. Сондықтан тиімді құнарлылықтың орны толмай келеді. Егістіктен шыққан өнімнің сабанын ұсақталған күйде жер бетінде қалдыру тәсілі және ғалымдардың топырақ құнарлылығын толықтыру бағытындағы басқа да ұсыныстары, көбінесе назардан тысқары қалып жатады.

Топырақ құнарлылығы
Осы көрсеткіштерінің қосындысы топырақтың құнарлылығын анықтайды. Көп жағдайларда топырақ құнарлылығы табиғи жағдайдың өзінде-ақ қамтамасыз етілген. Алайда топырақтардын әр түрлі табиғи зоналарда орналасуына қарай олардың жоғарыда келтірілген топырақ құнарына әсер ететін қасиеттері әр түрлі. Мәселен, бір зоналарда ылғал жетіспейтін болса, керісінше, кейбір зоналарда күн сәулесі жетіспейді. Ал кейбір зоналарда топырақ құрамында зиянды тұздар қосындысы тым мол. Осы жағдайларға байланысты әр түрлі табиғи зоналарда топырақ құнарлылығының әр түрлілігі заңды құбылыс. Табиғи күйінде кейбір топырақтар құнарлылығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай топырақтар қатарына В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған қаратопырақтар жатады. Топырақтың табиғи құнарлылығының өлшеміне: оның биологиялық өнімділігінің деңгейі, яғни белгілі бір өлшемдегі жерден алынған өсімдіктер өнімі, көлемі есептелінеді. Бұл көрсеткіштер өсімдіктердің әр түрлі табиғи жағдайларда өніп-өсуіне байланысты әр түрлі. Олардың өнімдері гектарына бірнеше ондаған центнерден бастап бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған центнерге жетеді.

Топырақтардың қасиеттерін топтарға ажырату:

Топырақ құнарлылығы
Бұл өнім топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік (потенциалды) құнарлылығы жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығымен қатар оның тиімділік немесе экономикалық құнарлығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. Адам қоғамының топырақты егістікке пайдалануы бірнеше ғасырларға созылып келеді. Егіншілік өнімін арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, әр түрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту - адам қоғамының ғасырлар бойы келе жатқан іс-әрекеттері.

Топырақ құнарлылығы
Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп әсер етеді. Мәселен, құрғақ, шөлді аудандар топырағында мөлшерден артық суға еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. Оларды сумен шайып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, ол жерлерден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар кейбір топырақтардың сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан, (сортаң) топырақ ортасының реакциясы сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте нашар, ылғалы жоқ кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып құнарсыз болады.

Топырақ құнарлылығы
Топырақ құнарлылығына әсер ететін жағдайдың бірі оның эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған топырақтың құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел-дауылдың әсерлерінен немесе қатты нөсерлетіп жауған жаңбырдан, тез еріген қардан, кей жағдайларда суармалы егістік жерлерді суару кезінде суды мөлшерден артык жіберудін нәтижелерінде жуылып-шайылуынан болады. Әлемде топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да ұшыраған алқаптар аз смес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен күресу жолдары топырақтанудын бір саласы.

Топырақ құнарлылығы
Сонымен топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны арттыру жолдары жалпы ауылшаруашылық ғылымдар жетістіктеріне агрономия, агрохимия сонымен қатар топырақтану ғылымының салаларына (топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы және одан қорғау, топырақты қайта құнарландыру) тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен маңызы арта түспек. Табиғат қорларының барлық салаларын, онын ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді пайдалану сияқты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғатты және оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның экологиялық жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мәселе - осы заңдарды бұлжытпай орындау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz