Құрама жеммен, күнжарамен және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар




Презентация қосу
Құрама жеммен,
күнжарамен және шротпен
малды азықтандырғанда
туындайтын токсикоздар
Құрама жем
Құрамажем - (комбинированный корм,
комбикорм) - мал мен құс түрі, жасы мен
өнімдік бағытына байланысты
азықтандыру нормасына
сәйкестендірілген рецепт бойынша
құрастырылған құнарлы жемдердің
қосыңдысы. Құс азықтандыру
қажеттілігін толығымен қамтитын
толық рационды құрамажем және мал
рационының құнарлылығын
арттыратын кұнарлы-құрамажем
(комбикорм- концентрат) түрінде
шығарылады. Сүт кұрамдас
құрастырылған т өл азығына
қолданылатын арнайы азық
қосындылары да құрамажемге жатады.
Құрама жем
Құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған
азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде
дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны,
техникалық, химиялық және микробиологиялық
өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем
құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар
даяр азық рационы ретінде шығарылады.
Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі
азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар
қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем
— құрамында протеин, минерал заттар және
витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын
теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер —
биологиялық белсенді заттардың байытылған
қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын
арттыру үшін және олардың мал организміне
биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады.
Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік,
брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен
витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оны ң
салмағының 1—5%-ы) қосып беріледі.
Күнжара
Күнжара – дәні майлы өсімдіктерден майы
сығылып алынғаннан кейін қалатын мал
азығы. Құрама азыққа кіретін белогы (30 –
50%) мен майы (6 – 10%) көп құнарлы
азық. Сондықтан майды неғұрлым толы қ
сығып алу үшін ұсақталған әрі кептірілген
дәнді май еріткіштерімен араластырып
сығып күнжара ұнын дайындайды. Мұнда
1 – 3% май болады. Күнжараны белогы аз
сабан-топан, тамыржеміс азықтарына аз
мөлшерде қосып, олардың сапасын
арттыруға болады. Күнжара амин
қышқылдарының құрамы және белогының
биохим. құндылығы жағынан астық
тұқымдас жем белоктарынан сапасы
жоғары, өйткені мұнда лизин, метионин,
цистин және триптофан, сондай-а қ
кальций, фосфор едәуір көп болады.
Азықтық
уланулар
Азықтық уланулар – бұл уытты заттары бар
азықтарды қабылдаған соң пайда болатын жануар
аурулары, олар 4 топқа бөлінеді:

1 дайындау технологиясы мен азықтандыру тәртібін
бұзған кезде байқалатын уланулар (азықтық
уланулардың өзі);
2 улы өсімдіктермен улану;
3 саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтармен
улану;
4 пестицид және тыңайтқыштармен улану.
Мақта күнжарасынан
туындайтын токсикоздар
Мақта күнжарасында госсипол гликозиді
болуы мүмкін (жасушалық, тамырлық ж әне
нервтік улар).

Госсиполмен улану тәбет жоғалуы, ас
қорытудың бұзылуы (тимпания, іш қатулары
немесе өтулері, қанды нәжіс), тыныс алу
ағзалары мен өзге ағзалар зақымдалуы
түрінде өтеді.

Мақта күнжарасын бұзау (қойға дейін),
торай, қозыларға және буаз малдарға беруге
болмайды. Госсиполдың улы қасиеттері 2
сағат пісіріп, булау нәтижесінде жойылады.
Кенешөп күнжарасынан
туындайтын токсикоздар
Кенешөп күнжарасында буаз малдардың іш
тастауларын тудыра алатын алкалоидтар
болады. Сондықтан оны буаз малдарға аса
сақтықпен азықтандыру керек.
Айқышгүлділер (рапсты және беде
қышылық) күнжаралары кейде сулағанда
өткір, ащы иістенеді, ішек қабынуын
бүйректер мен зәр бөлу жолдарының
қабынуларын тудырады. Мұны айқыш
гүлділер күнжараларында синалбин
гликозиді болуымен түсіндіру қажет, ол
жылы су және мирозин ферменті әсерінен
улы өнімдер бөле отырып ыдырайды.
Күнжараны 100°С дейін қыздырғанда
тұқымдары улы әсерін білдірмейді (олардан
май алғанда). Жас малдарға кенепшөп
күнжарысын бермеген жөн.
Жануарлар ауруларының басым
бөлігі азықтандыру тәртібі мен
техникасын бұзу салдарынан
байқалады.
1 Азықтарды нақты бір уақыттарда және мүмкіндігінше бірдей
уақыт аралығында тарату керек;

2 Азықтандыру барысында және одан соң бірер уақыттан соң
қора жайларда 1 сағаттан кейін орындалуы тиіс жұмыстарды
атқармау керек;

3 Жануарларға тым көлемді азықтар бермеу керек (ас қорыту
ағзаларына үнемі күш түсіру қорытылу мен пайдалануын
нашарлатады).

4 Азықтар температурасы ғимарат ауасы температурасына
жақын болуы керек.

5 Қатып қалған, жөнді ерімеген, сондай-ақ піскен және буланған
азықтарды жеткілікті түрде суытпай беруге тыйым салынады.

Ұқсас жұмыстар
Ұлтабар алды қарындар ауруларында тағайындалатын диеталық азықтар
Құстарды азықтандыру
Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Тағамдық сальмонеллез аурулары
Жаппай уланудан айқындылығы қоздырғыштары немесе олардың тіршілік аздау
ТАМАҚТАН УЛАНУ ОСӨЖ
Жылқы малдарын азықтандыру және суару
Құрамында фотосенсибилизаторлары бар азықтар
Жүйке және бұлшықет тіндерінің энергия көзі
Мес қарын паракератозы
Пәндер