МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Slide 1

Мақта өсіру технологиясы

Орындаған: Жұмаханова Н.

Тобы: АП-10-1к1

Қабылдаған: Еркеева Т.

Slide 2

Мақта - морфологиялық сипаттамасы

Мақта (Gossypium L. ) - Құлқайыр тұқымдасына (Маlvасеае) жататын көпжылдық тропикалық бұта.

Біздің елімізде мақта біржылдық өсімдік ретінде егіледі, биіктігі - 1-1, 5 м. Мақтаның 2-2, 5 м тереңдікке кететін және топырақтың көп аумағын алып жататын кіндікті тамыр жүйесі бар. Сабағы - тік, сүректенген, бұтақтанады, әсіресе төртінші-бесінші жапырақтан кейін. Өсімдіктің өркені - гүлі немесе жемісі жоқ моноподиальді (өскіш) және симподиальді (жемісті) . Соңғысының буынаралықтары қысқа, жемісті бүршікпен аяқталады (бұтақтанудың шектік типі), немесе буынаралықтары біршама ұзарған, жеміс бүршіктерімен (бұтақтанудың шектік емес типі) . Шектік типте бұтақтанатын сорттары бұтақтарының формасы қосылған, пирамидальді; шектік еместіктердікі - тармақталған.

Slide 3

Мақта шаруашылығы

Мақта шаруашылығы өте ертеден дамып келеді. Жыл санауға дейін 3000 жылдан бері мақта шаруашылығымен Үндістан шұғылданып келеді. Шитті мақта біздің республикадан басқа Өзбекстанда, Түрікменстанда өсірілуде. Өйткені мақта - жылу, жарық сүйетін өсімдік. Мақтадан мол түсім алу үшін 15-170С температура қажет. Көлеңке түспейтін, топырағы тыңайтылған жерде өскен қоза қауашақтарының әрқайсысынан 7 грамға дейін таза мақта алуға болады. Мақтаны бір үлескіде жылма-жыл екпей, жоңышқа егістігімен алмастырудың маңызы зор.

Slide 4

Мақтаның негізгі түрлері.

Жер шарындағы көптеген мақта түрлерінің ауыл шаруашылығы өндірісіндегі бес-ақ түрі мәдени өсімдік. Оның ішінде бұрынғы Кеңестер Одағында екі түрі ғана ендірілген болатын: кәдімгі, немесе мексикандық -G. Hirsutam L. және перуандық (египеттік) G. Barbadense L. Соңғысы өте жылусүйгіш, вегетациялық кезеңі де өте ұзақ.

Қазақстанда егілетін мақта сорттары кәдімгі, яғни, мексикандық түрге жатады. Мақтаның бұл түрінің талшығы - ақ, ұзындығы 30-35 мм, ал шығымдылығы 30-35%.

Қазақстанда өсірілетін мақтаның БД-1, Егемен 10, Мақсат, Мақтарал 4005, Пахтарал 3031, Пахтарал 3044 және С-4727 сорттарының барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған. Оның С- 4727 сорты ғана соңғы кездері Қызылорда облысының оңтүстігіне аудандастырылып, өсіріле бастады.

Slide 5 Slide 6

Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары

Мақтаны егістік жер топырағы 12-14°С жылығанда себе бастайды. Жылымаған топыраққа себілген тұқым шіриді де өліп қалады. Себер алдында мақта тұқымының физиологиялық пісіп жетілуі үшін, оны жылы ауамен 6-10 күндей өңдейді. Ауру қоздырғыштарды жою мақсатында егістік материалды дәрілейді. Гоммоз бен тамыр шірігіне қарсы 34 %-дық витавакс 200 ФФ (4 л/т), немесе 20 %-дық сұңқар 3 (2 л/т) қолданады. Себетін күні тұқымды 8-10 сағаттай суда ұстайды. Мақтаны кеңқатарлы (60-70 см) немесе шаршы-ұялы (60x60, 45x45, 60x45, 60x30 см схемасында, ұяда 2-3 өсімдік) тәсілдермен себеді.

Тұқым себу мөлшері себу тәсіліне байланысты: гектарына шаршы-ұялы тәсілде - 45-55, ал кеңқатарлыда 90-110 кг тұқым жүмсалады. Себу тереңдігі топырақ типіне байланысты 3-5 см. Тұқымның мұндай таяз орналасуы өсімдіктің тұқым жарнағының топырақ бетіне шығатындығынан.

Slide 7

Егістікті күтіп баптау

Мақта бос, мұқият өңделген танаптарда жақсы өсетіндіктен күтіп-баптау жұмыстары көк шықпай тұрып топырақ бетіндегі қабыршақтарды жою үшін жеңіл тырмамен немесе ротациялық шабықтауышпен егіс топырағының бетін қопсытудан басталады. Өсімдік көгі шыққаннан кейін қатараралықтарды өңдейді, ұядағы және қатардағы өсімдіктерді сиретеді. Мақта өсімдігінің орналасу жиілігі аймақ, топырақ және сортына байланысты гектарына70 мыңнан 120 мыңға дейін. Әрі қарайғы күтіп-баптау суарғанға дейінгі және суарғаннан кейінгі 8-10-12 см тереңдікке қабатпен қопсыту мен үстеп қоректендіруді үйлестіре жүргізу.

Мақтаның гүл мен қауашақ түзуі күздің ең аяғына дейін болатындықтан, оның негізгі сабағы мен осу бұтақтарының ұшын шырпиды (Т-28Х4 тракторы мен КРХ-4 қопсытқышына тіркелген 4ВХ-4 құралымен) . Бұл есуді тоқтатып, ылғал мен қоректік заттардың қауашақтарға қарай ағылуына, олардың пісуін тездету және өнім мен оның сапасын көтеруге қажет шара болып есептелінеді.


Ұқсас жұмыстар
Талшықты дақылдар
Мақта маңызы, өсіру технологиясы
МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шыруашылығы
ӨСІМДІК МАЙЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ МАЙЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дәнді тоқ әдісімен өсіру
Кілем тоқу өнері
Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Өсімдіктердің биотехнологтардың қадағалауынан шығып кету қауіпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz