МАҚТАЛЫ АУЫСПАЛЫ ЕГІС ДАҚЫЛДАРЫН ТЫҢАЙТУ ЖҮЙЕСІ



Мақталы ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Мақта - биологиялық ерекшеліктері
Мақта - биіктігі 1, 5-2 метрге дейін жететін кіндік тамырлы, шөптекті өсімдік немесе шала бұта. Біздегі өсірілетін мақта - біржылдық өсімдік. Көпжылдық бұталы түрлері тропиктік елдерде кездеседі. Елімізде Оңтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында (Бөген, Келес, т. б. ) шитті мақта өсіріледі. «Шыт» деген мақтаның ұрық шашатын тұқымы. Мақтаның екі түрлі: өсетін және жеміс беретін бұталы болады. Жеміс беретін бұтағы - қысқарған өркен. Жеміс беретін бұтақтың ұшында гүл өседі. Бірінші гүлден төменірек орналасқан жанама бүршіктен екінші гүл дамиды. Мақтаның гүлі ақсары немесе сары түсті. Маусым айында мақта бұтақтарында жеке-жеке ірі гүлдер пайда болады, яғни гүлдейді. Мақта гүлінің біріккен 5 тостағанша және тостағаншаның сыртын қаптайтын бірікпеген 3 жапырақшасы бар. Күлтесі бірікпеген 5, біріккен көп аталықтары, көп аналықтары болады. Сондықтан оның гүл формуласы: Т3+(5) К5А(оо) Ж(оо) .

Мақта - морфологиялық сипаттамасы
Мақта (Gossypium L. ) - Құлқайыр тұқымдасына (Маlvасеае) жататын көпжылдық тропикалық бұта.
Біздің елімізде мақта біржылдық өсімдік ретінде егіледі, биіктігі - 1-1, 5 м. Мақтаның 2-2, 5 м тереңдікке кететін және топырақтың көп аумағын алып жататын кіндікті тамыр жүйесі бар. Сабағы - тік, сүректенген, бұтақтанады, әсіресе төртінші-бесінші жапырақтан кейін. Өсімдіктің өркені - гүлі немесе жемісі жоқ моноподиальді (өскіш) және симподиальді (жемісті) . Соңғысының буынаралықтары қысқа, жемісті бүршікпен аяқталады (бұтақтанудың шектік типі), немесе буынаралықтары біршама ұзарған, жеміс бүршіктерімен (бұтақтанудың шектік емес типі) . Шектік типте бұтақтанатын сорттары бұтақтарының формасы қосылған, пирамидальді; шектік еместіктердікі - тармақталған.

Мақта шаруашылығы
Мақта шаруашылығы өте ертеден дамып келеді. Жыл санауға дейін 3000 жылдан бері мақта шаруашылығымен Үндістан шұғылданып келеді. Шитті мақта біздің республикадан басқа Өзбекстанда, Түрікменстанда өсірілуде. Өйткені мақта - жылу, жарық сүйетін өсімдік. Мақтадан мол түсім алу үшін 15-170С температура қажет. Көлеңке түспейтін, топырағы тыңайтылған жерде өскен қоза қауашақтарының әрқайсысынан 7 грамға дейін таза мақта алуға болады. Мақтаны бір үлескіде жылма-жыл екпей, жоңышқа егістігімен алмастырудың маңызы зор.

Мақтаның негізгі түрлері.
Жер шарындағы көптеген мақта түрлерінің ауыл шаруашылығы өндірісіндегі бес-ақ түрі мәдени өсімдік. Оның ішінде бұрынғы Кеңестер Одағында екі түрі ғана ендірілген болатын: кәдімгі, немесе мексикандық -G. Hirsutam L. және перуандық (египеттік) G. Barbadense L. Соңғысы өте жылусүйгіш, вегетациялық кезеңі де өте ұзақ.
Қазақстанда егілетін мақта сорттары кәдімгі, яғни, мексикандық түрге жатады. Мақтаның бұл түрінің талшығы - ақ, ұзындығы 30-35 мм, ал шығымдылығы 30-35%.
Қазақстанда өсірілетін мақтаның БД-1, Егемен 10, Мақсат, Мақтарал 4005, Пахтарал 3031, Пахтарал 3044 және С-4727 сорттарының барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған. Оның С- 4727 сорты ғана соңғы кездері Қызылорда облысының оңтүстігіне аудандастырылып, өсіріле бастады.

Ауыспалы егісте Топырақ өңдеу жүйесі
Ауыспалы егісте мақта жоңышқадан, мақтадан, отамалы немесе дәнді дақылдардан кейін орналасатын болғандықтан, әр алғы дақылдан кейін топырақ өңдеу жұмыстары да әртүрлі болады.
Көпжылдық шөптерден кейін, сүдігер өңдеу 8-10 см тереңдікке көптүренді сыдыртқыштармен (жыртудан 2-3 апта бұрын) танапты сыдырту мен 27-30 см тереңдікте сүдігер жыртудан тұрады.
Егер мақта егілген танапқа қайтадан мақта өсіретін болса, онда 30-40 см тереңдікке шолақ түренді соқамен тек сүдігер жыртумен шектеледі. Басқа отамалы дақылдардан кейін де осындай өңдеу жүргізеді.
Мақтаны дәнді дақылдардан кейін орналастырғанда, алдын-ала аңызды дискілі сыдыртқыштармен сыдыртады, сонан соң қайырмалы соқамен жыртады. Көктемде қайта жырту, күзде немесе ерте көктемде берілген органикалық және минералдық тыңайтқыштарды топыраққа жақсылап енгізуге қажет. Мақта топырақтың қопсытылған қабатының терең болғанын қалайтындықтан, негізгі өңдеуде топырақ тереңдеткішті қолданған дұрыс.
Көктемгі топырақ өңдеуге, сүдігерді көктемгі ерте тырмалау және 5-7 см немесе 8-10 см тереңдікке (топырақтың механикалық құрамына байланысы) қопсытулармен бірге топырақ бетін тегістеу үшін тырмалау жұмыстары да кіреді. Егер қысташайып жіберуге арналған суару жүргізілсе, олардан кейін топырақ беті қатып қалатындықтан, көктемде өңдеу жүйесіне чизель-қопсытқыштар немесе соқалармен терең қопсыту, содан кейін барып қана басқа кектемгі топырақ өңдеулерді жүргізеді.


Тыңайтқышты қолдану жүйесі
Мақта өсірілетін аймақта көң жетіспейтін жағдайда, оның орнын минералдық тыңайтқыштармен толықтырып тұрады. Өте көп мөлшерде қоректік заттарды гүлдеу мен пісу кезеңдерінде пайдаланады. Бірақ мақтаның бастапқы өніп-өсуіндегі фосфор жетіспеушілік, оның әрі қарай өсіп-жетілуін күрт тежеуі де мүмкін. Сондықтан көктемде түйіртпектелген суперфосфатты қатарға тұқыммен бірге енгізудің маңызы өте зор.
Мақтаға гектарына 200-300 кг азот, 160-240 кг фосфор және 100-150 кг калкй пайдаланылады. Тыңайтқыштар қолдану мерзімдері: негізгі (күзде-көктемде), тұқым себумен бірге және де вегетация кезінде 2-3 рет үстеп қоректендіру. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен оларды енгізу тәсілдері - топырақ типі, тыңайтқыш формасы, мақтаның ауыспалы егістегі орны мен агрохимиялық картограмма көрсеткіштеріне байланысты.

Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz