Ағзаның ішкі сұйықтығы


Slide 1

Ағзаның ішкі сұйықтығы

Орындаған: Әміре А.

Тобы:113-22

Slide 2

Қан туралы жалпы түсінік

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Slide 3

Қанның қызметі

Қан келесі қызмет атқарады:

асқорту - қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Slide 4

Қанның ұюу

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат - тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок - фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок - фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Slide 5

Лимфа

Лимфа (лат. lympha - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Slide 6

Ұлпа сұйықтығы

Ұлпа сұйықтығы түссіз, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен - плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.

Slide 7

Ұлпа сұйықтығы

Жасушада түзілетін көмірқышқыл газ, су және т. б. зат алмасу өнімдерінің концентрациясы әр түрлі, сондықтан олар алдымен жасушалардан ұлпа сүйықтығына бөлінеді. Ұлпа сұйықтығынан қылтамырларға өтеді. Ұлпа сұйықтығы қылтамырлардың қабырғаларынан өтіп, жасушаларға қажетті заттарды жеткізеді. Бөліп шығарған қосылыстарды өзіне сіңіреді. Ұлпа сұйықтығы мүшелер мен ұлпалардың жасушаларын қан құрамының өзгеруіне байланысты әсерлерден қорғайды. Ұлпа сұйықтығы мүшелерден және лимфа тамырларынан ағып шығып, лимфаға айналады.

Slide 8

Аралас бездер

Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.

Slide 9

Ұйқыбездің құрылысы


Ұқсас жұмыстар
Ағзаның қорғану жолдары
Психологиялық дайындық
Жүректің жұмысы
Лимфаның химиялық құрамы
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Сілекей безі
Қанды ұйытатын қан жасушалары
Химия және адам денсаулығы
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
Көру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz