ГИПОБИОТИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР


Slide 1

Презентация «Гипобиотикалық үрдістер»

Орындаған: Тастайбек Ж. Мумбекова Н.

Тобы: АП-11-7к3

Қабылдаған: Ермекбаева Р.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Slide 2

Атрофия

Атрофия (грекше: а- жоқ, trophe - қоректену) бейімделу процетің бір түрі болып саналады. Атрофия зат алмасу мен қоректенудің бузылуынан пайда болатын, ішкі мүшелердің, ұлпалардың, жасушалардың кішіреюі. Атрофиядан бөлек, мүшелерде туа пайда болған кішіреюі болса, оны гипоплазия деп атайды.

Slide 3

Атрофия түрлері

Физиологиялық атрофия -эволюциялық (организм өсуі тоқтағанда кейбірмүшелер атрофияға ұшырайды), инволюциялық - қартайғанда болады.

Патологиялық атрофияның жалпы және жергілікті түрлері болады. Жалпы атрофия немесе жүдеу алиментарлық, инфекциялық, инвазиялық, эндокриндық ауруларда, ісікте болады. Организмнің өзіндік улануынан болған жүдеудің ауыр сатысын кахексия деп атайды (грек. кakos-жаман (нашар), exis-күй) .

Slide 4

Гипертрофия

Гипертрофия - жасуша көлемі ұлғаюынан ұлпа немесе мүше көлемінің ұлғаюы. Егерде де үлпа мен мүше көмемі жасушалар көбеюі арқылы үлғайса, онда гиперплазия(грек. Gupo-аз, plasis-құрылу) деп аталады, жиі гиперплазия талақта, лимфа түйіндерінде, сүйек кемігінде байқалады. Гипертрофия нақты және жалған болып бөлінеді.

Нақты гипертрофия кезінде мүшенің стромасы мен паренхиматоздық элементтері бірдей ұлғаюынан болады, ал жалған гипертрофияда тек строма ұлғаюы арқылы үлғаяды.

Гипертрофия физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді.

Slide 5

Физиологиялық гипертрофия

Физиологиялық гипертрофия буаздық кезде жатырдың, сауынды сиырлардың желінің ұлғаюы. Сонымен қоса, сүйек мен қаңқа бұлшық еттерінің гипертрофиясы жатады.

Патологиялық гипертрофия патологиялық тітіркендіргіштер ықпалынан пайда болады.

Slide 6

Миокард гипертрофиясы

Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарағанда миокард бұлшық ет талшықтары қалындаған, ядро көлемі үлкейген. Ядролардың пішіні дөңгелек немесе алуан түрлі, гематоксилинмен ақшыл түске боялған. Тамшылықтардың көлденен жолақтары жақсы білінеді.

Макроскопиялық гипертрофияланған жүрек 1, 5-2 есе ұлғайған, қарынша қабырғалары қалыңдаған.

Миокардті кескенде күшті қызыл түске боялған, бұлшық ет талшықтары қалыңдаған.

Slide 7

Некробактериоз ауруының анықтамасы

Некробактериоз (Necrobakterіosіs), ветеринарияда - үй және жабайы жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Вakterіum necrophorum бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Бұғы, жылқы, қой, сиырда Сарып тұяқ, бақай, сирақ буындарын, шошқа, бұзау, құстарда ауыз қуыстарын зақымдайды. Мүйізді ірі қара малдың жыныс мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-расы 40С-қа дейін көтеріледі. Сарып асқынғанда тері астына сасық ірің жиналады, тұяғы түседі, сирақтың сіңірі зақымданады. Сарып бактериясы ауырған малдың ішек-қарын жолдарына өтіп, нәжіспен сыртқа шығады да сау малға (лас қора, жайылым, суат арқылы) жұғады. Зақымданған теріге және кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен ішкі ағзаларын (бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек, ми) жарақаттайды.

Slide 8

Некробактериоз таралуы

Аурудың тез таралып, дамуына малды едені сыз қораларда ұстау, дымқыл жайылымға жаю, қансорғыштардың жаппай ұшып өтуі септігін тигізеді. Емі: 1 - 2%-дық террамицинді 1 - 1, 5 мл-ден 3 - 4 күн тері астына егеді, тетрациклин тобына жататын антибиотиктерді қолданады. Мал дәрігерлік-сан. шаралар сақталады. Ауырған малды бөлек, құрғақ, таза қорада ұстап емдейді, күтімін жақсартады. Бактериоз - өсімдіктің бактериялар қоздыратын жұқпалы ауруы. Бактериозбен мақта, темекі, картоп, капуста, қияр, ас бұршақ, бидай, арпа, сұлы, т. б. ауыл шаруашылық дақылдары жиі ауырады. Бактериоз өсімдік тамырын (тамыр шірігі), паренхима ұлпаларын (шірік, дақ, күйік түрінде) және сабақ түтікшелерін (түтікше аурулары) зақымдайды. Кейде өсімдік рактарын, ісіктерін тудырады.

Slide 9

Қоздырғышы

Некробактериоздың қоздырғыштары - Mycobacterіaceae, Pseudomonadaceae, Bacterіaceae тұқымдасына жататын спора түзбейтін бактериялар. Олар аса улы болып келеді, сондықтан бір мезгілде бірнеше өсімдік түрін ауыртады. Мысалы, ылғалды шірік бактериясы картоп, капуста, жуа, сәбіз, темекі Бактериозын және жеміс-жидек, жүзім ағаштарының ісігін тудырады. Бактериоз қоздырғыштары тұқыммен, ауру өсімдіктің қалдықтарымен, жаңбыр тамшыларымен, жәндіктермен, т. б. тарайды. Бактериозды болдыртпау үшін тұқымды, көшеттерді, қалемшелерді бактерицидтермен, антибиотиктермен дезинфекциялау, жылыжайды, көшетхананы, топырақты залалсыздандыру қажет. Ауру өсімдіктерді жойып, қоректендіру және суғару тәртібін дұрыс сақтау керек.

Slide 10

Некробактериоз ауруы

Slide 11

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т., Алматы, 1999. -1 95б.

2 Кононов И. В. Ветеринарлық анықтама: /Кононов И. В. Мәскеу, «Колос» баспасы, 1972. -125б.

3 Бердімұратов Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 188б.

4 Әмірбек Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Әмірбек Е. Алматы, 2006. -179б.

5 Ілиясов Б. К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б. К. / Алматы - 2001. -173б.

6 Төлеуіш Ж. Малың аман болса, май ішесің: /Төлеуіш Ж. Шымкент, 2007. -198б.

7 Қасымов Е. И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария - санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е. И. Оқулық Алматы, 2006. - 166б.


Ұқсас жұмыстар
Жас ушалар мен тіндердің патологиясы
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас пайда болуы. Себебі. Патогенезі
Клеткалардың патологиялық физиологиясы,тканьдердегі патологиялық процестер
Жасушалар мен тіндер патологиясы
Жасушалар және тіндер патологиясы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Психиканың перцептивті сатысы
Стандарттаудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz