ЖАНУАРЛАР МОРФОЛОГИЯСЫ



Жануарлар морфологиясы
Орындаған: Ендібаева Ф., Даулетов С.,
Ділдәбек Б., Иса А.
Тобы: АП-12-7к3
Қабылдаған: Ермекбаева Р. Ж.

Жануарлар морфологиясы
«Морфология» терминін тірі жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен пішінін, ішкі құрылысы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ілімнің атауы ретінде бірінші рет 1817 жылы немістің ұлы ақыны және табиғат зерттеушісі Иоган Вольфганг Гете ұсынды.
Морфология - жануарлар организмдерінің сыртқы дене пішіні мен ішкі, көзге көрінетін ірі және арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін ұсақ құрылымдарының (ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің) құрылысын зерттейтін биологияның ірі саласы. Ол биология ғылымдарының негізгі салаларының бірі ретінде зоология, физиология және экология ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.

Жасуша теориясы
Жасуша теориясы - барлық тірі табиғаттың біртұтастығының дәлелдемесі. Ол биологияның дамуында ғана емес философияның дамуына да әсер етті. Ф. Энгельс оны ХIХ ғ. үш ұлы жаңалығы деп жоғары бағалады (энергияның тұрақтылық заңы, Дарвиннің эволюциялық ілімі) . 20 жылдан кейін немістің ұлы дәрігері Рудольф Вирхов клетка клеткадан ғана пайда болады деген толықтыру енгізді.
Жасуша мен ұлпалардың жалпы морфологиясын оқып үйрену оның зерттеу әдістерінің дамуына байланысты. Негізгі зерттеу әдісі -микроскопиялық әдіс.
Жасуша құрылысы. Чех ғалымы Пуркинье 1840 жылы жасушаның ішкі құрамын белгілеу үшін «протоплазма» деген терминді ұсынды. Протоплазма клетканы құрайтын тірі зат - кариоплазма мен цитоплазмаға бөлінеді. Бұл екі терминді ғылымға енгізген 1882 ж польшалық ботаник Страсбургер.

Жасушаның маңызды органоидтары.
1. Эндоплазмалық тор.
2. Гольджи аппараты және секреция.
3. Лизосомалар. Вакуольдер.
4. Рибосомалар мен ақуыз синтезі.
5. Митохондриялармен пластидтер.
6. Жасуша орталығы.

Митоз
Митоз (грекше mitos-жіп), кариокинез (грекше karyon- ядро, kinesis - қозғалыс) немесе жасушаның тікелей емес бөліну тәсілі. Митоз төрт кезеңнен тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Митоз бен мейоздан басқа жасушаның бөліну тәсілі - эндорепродукция, оған эндомитоз бен политения жатады. Репродукцияның бұл типтерінде жаңа ядролардың пайда болуы мен жасуша денесінің бөлінуі жүрмейді. Онда жасуша саны көбеймейді, хромосомалардың өсуі мен репродукциясының нәтижесінде протоплазманың синтезімен жасуша массасының артуы байқалады.

Мейоз
Мейоз - (грекше meiosis - азаю) митоздың ерекше формасы. Бөлінудің бұл түрі жыныстық жолмен көбейетін эукариоттарға тән. Ұрықтану кезінде гаметалардың ядролары міндетті түрде қосылады, соның нәтижесінде зиготада ДНК мен хромосомалардың саны екі еселенеді. Сондықтан жыныстық жасушалардың түзілуі кезінде хромосомалардың саны екі есе кемітетін механизм болуы керек.

Мембрана
Мембрана жасушаның ішкі құрамын сыртқы ортадан бөліп отырады, клеткаға суды, кейбір иондарды және қажетті субстраттарды өткізеді, клеткада бөлінетін өнімдер сыртқа мембрана арқылы шығарылады, мембрана клетканың қорғанышы және ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Шығу тегі, құрылысы, функциясына қарай мембраналар бірнеше топқа бөлінеді: плазмалық, ядролық, миелин қабықшасы, вирус, бактерия, эндоплазмалық тор, митохондрия, хлоропласт мембранасы.

Эмбриология
Эмбриология (грек. еmbryon - ұрық, эмбрион) ұрықтың пайда болуы мен қалыптасуын және оның даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ұрықтану нәтижесінде пайда болған әрбір организмнің, оның пайда болғаннан тіршілігінің соңына дейінгі жеке даму тарихын онтогенез деп атайды.

Функциялық классификация
Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады:
1. Жабушы тері эпителийі.
2. Кілегей қабықшалардың эпителийі.
3. Дененің екінші қуысын астарлап тұратын серозалық қабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиялық және құрсақ қуыстарының) .
4. Ішкі мүшелер паренхимасының эпителийі (альвеолалық, бүйрек эпителийі, гонадалар мен бездердің эпителийі т. т. ) .

Морфология - ғылымы
Морфологияның ғылым ретінде дамуына және оның терминологиясының қалыптасуына Көне Грекия ғұламалары (Алкмеон, Демокрит, Гиппократ т. б. ) үлкен үлес қосты. Бұлардың ішінде адамзат тарихында бірінші болып ғылыми анатомияның негізін қалаған ғалым б. з. д. VI ғасырдың соңында, V ғасырдың басында өмір сүрген дәрігер және философ Кротондық Алкмеон болды. Ол жануарларды ғылыми мақсатта алғаш рет сойып зерттеп, дене мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы туралы сол заманға сай терең мағыналы ғылыми тұжырымдар жасады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz