Күйіс қайыратын жануарлар




Презентация қосу
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы:
«Күйіс қайыратын
жануарлар»

Орындаған: Көгенбаев Г.
Тобы: АП-13-8к5
Қабылдаған: Муталиев Ә.
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• 1. Күйіс қайыратын малдар
• 2. Жұптұяқтылардың күйіс қайыратындары
• 3. Қуысмүйізділер
• 4. Азықтандыру
• 5. Күйіс қайыратын жануарлардың әр
түріне сипаттама
• Қорытынды
• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
• Күйіс, күйіс қайыру - көп карынды малдың месқарыңдағы химусын (азық жынын) демалыс
кезінде ауыз қуысына қайтарып, түбегейлі шайнап жұтуы. Күйіс қайыру арқылы желінген
жемшөп тек мұқият шайналып қана қоймай, сонымен бірге мол сілекейленіп, месқарынға
қайтарылады. Сілекей карбонаттары месқарында сілтілі орта қалыптастырып, ондағы жемшөпті
өңдеп, өз денесінің белогі және түзілген витаминдермен байытатын микрофлора (бактериялар)
мен микрофаунаның (қарапайымдылар) көбеюіне оңтайлы жағдай туғызады.
• Күйіс қайтаратындар. Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар
жатады.
• Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан
дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың басым көпшілігі жатады.
• Бұлардың шошак, тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде
тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.
• Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V
саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік
сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа
күйіс қайыратын-дармен салыстырғанда күрделі емөс.
• Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті (Саmеlиs
Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің — нардың (С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-
ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе — Африкада және Оңтүстік Азияда
кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры
болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан
өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.
Күйіс қайыратын
малдар
Күйіс қайыратын мал - қарны күрделі, бірнеше бөлімнен тұратын
мал. Ол қарынның алдыңғы мес- не тазқарын, тақия қарын мен
жалбыршақ деп аталатын алдыңғы бөлімдерінде ас қорыту
бездері болмайтындықтан қарын сөлі бөлінбейді де, күйіс қайыру
барысында құйылатын мол сілекей арқылы оңдағы
микроорганизмдер дамуына жайлы жағдай қалыптастырылып,
жиналған жемшөп әрі қарай сөл бөлінетін нағыз қарын -
ұлтабарға өткенше, пайдалы микробиологиялық өңдеуден
өткізіледі. Күйіс қайыратын малға мүйізді ұсақ және ірі қара мал,
түйе, бұғы жатады.
Жұптұяқтылардың күйіс
қайыратындары
• Күйіс қайыратындар (Rumіnantіa),
бұлардың 6 тұқымдасы (құдыр,
бұғы, жираф, қуысмүйізділер, өгіз,
бұғышақ), 255 туысы, 170-тей түрі
белгілі. Жұптұяқтылардың денесінің
ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін,
денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі.
25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы
2 – 3 кг-нан 3 т-ға дейін жетеді.
Негізінен өсімдікқоректі жануарлар,
бірақ ішінде қорек талғамайтын
түрлері де бар (мысалы, жабайы
шошқа). Бұлардың алдыңғы және
артқы аяқтарында 2 жұп башайы
болады, атауы осыған байланысты
қойылған. 1-башайы жойылған, ал
үшінші және төртінші башайлары
ұзын әрі жақсы жетілген.
• Күдір, бұғы, арқар, киік, сиыр, қой-
Қуысмүйізділер
• Қуысмүйізділер - сүтқоректілер класы жұптұяқтылар отрядының к үйіс
қайыратындар тобының бір тұқымдасы. Табиғатта кең тараған, Австралия мен
Антарктидада ғана кездеспейді. Мекендейтін жерлері — ш өл-ш өлейтті дала
аймақтары мен тау өңірлері. Кейбіреуі үй жануарлары ретінде қол ға да
үйретілген. 43 туысы, 125-тей түрі бар. Қаза қстанда 5 туыс қа жататын 5 т үрі
(қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар және үстірт арқары) мекендейді. Дене
тұрқының мөлшерлері әр түрлі, ең кішілері 45 - 80 см (дикдиктер), ірілері 180
- 325 см-ге дейін (жабайы сиырлар - к үдірлер) кездеседі. Текелерінде (кейбір
түрлерінің ешкілерінде де) маңдай с үйегіні ң жалғасы болып табылатын,
тармақталмаған іші қуыс жұп мүйіздері болады. М үйіз капшы ғы өмір бойына
өзгермейді. Оның пішіні, тері жамылғысыны ң т үсі әр алуан. Негізгі қорегі -
шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрі топ-танып ж үреді, ал кейбіреулері үйір
(антилопалар) құрады. Қуысмүйізділердің шаруашылық үшін ма ңызы зор.
Олардан бағалы шикізаттар (дәрі-дәрмек, шипалы қ ет, м үйіз, тері) алынады.
Кейбіреулері (ақбөкен, таутеке) кәсіптік, аңшылық жолмен ауланады.
Қуысмүйізділердің саны жылдан жылға азаюда, кейбір т үрлері тек ұлтты қ
саябақтардағана сақталып қалған.
Азықтандыру
• Күйіс қайтаратын малдарды түйіршіктелген немесе табиғи түрде толық құнарлы
азық қоспаларымен азықтандырғанда олардың протейндік тойымдылығына
ерекше назар аудару керек. Рацион толық құнарлы болмаған жағдайда ас қорыту
процесінде қоректік заттардың сіңіру дәрежесі төмендеп кетеді. Сол үшін күйіс
қайтаратын малдарды азықтандыруда осы мәселе үлкен маңызға ие болады.
• Мұндай озық технологиямен дайындалған брикет және түйіршіктелген азықтар өз
құрамындағы қоректік заттарды ұзақ мерзімде бұзылмай сақталуына кепілдік
береді. Сонымен бірге олар тасымалдау кезінде сондай-ақ малдарға таратып беру
кезеңінде орынсыз төгіліп-шашылуға, ысырапкершілікке жол бермейді.
Күйіс
қайыратын
жануарлард
ың әр түріне
сипаттама
Мүйізді ірі қара мал
• Мүйізді ірі қара мал - аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын сүтқоректі жануар (мал).
Қолдағы мүйізді ірі қара мал жабайы турдан тараған. Жабайы турдың Еуропалық түрінің соңғы
өкілі осыдан 350 жыл бұрын кездескен. Мүйізді ірі қара мал қазіргі кезде дүние жүзінде ең көп
тараған сүт пен ет өнімді түліктің бірі. Дүние жүзінде мүйізді ірі қара мал 1000 астам тұқымынан
тараған басы 1 миллиардтан асады. Орта есеппен 30 жыл тіршілік етеді. Шаруашылықта 8-12
жыл пайдаланылады. Тұқымына қарай бұқасының салмағы - 300-900 кг, сиырынікі - 250-600 кг
тартады. Жылдық сүттілігі - 1500-8000 кг. Жыныс қабілеті - 7-8 айлығында жетіледі, бірақ
алғашқы шағылысқа шаруашылық тұрғыдан жетілген - 15-18 айлығында түсіріледі (қашырылады
не ұрықтаңдырылады). 285 күнде бұзаулап, көбінесе жалқы туады. Бұзаулағаннан кейін 3-4
аптада күйті келе бастайды да, нәтижелі ұрықтанбаса осы мерзімде күйті қайталанады.

Зебу бұқасы
Сиыр, ірі қара
• Сиыр, ірі қара — сүтқоректілер класына
жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс
қайыратын жануарлар. Оның жабайы және
қолға үйретілген түрлері бар. Қолға
үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол
біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар
бойы Еуропа, Азия, Африка материктерінде
кең тараған.
Қой
Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың
дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл
тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана к үйекке жіберіледі.
Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз
туады.
Ешкі
• Ешкі (Сapra hіrcus) – мүйіз қуыстылар
тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс
қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы
тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар
ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып
кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға
алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің
мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа
келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті
пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане,
орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті
(придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті
жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-
моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз –
он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде
бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына
екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін,
ешкісі 40 – 60 килограға дейін тартады.
Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май,
жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май
алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг,
кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт
береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес
тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18
см болады.
Жабайы шошқа, қабан,
доңыз
• Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына
жататын жануар. Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен
аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы
конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы
жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін
қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда
жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 –
10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын
жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен
қоректенеді. Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр
Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді.
Бұғылар
• Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) —
жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар
тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас
тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су
бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары.
Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік
Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас
тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал,
бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды
алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі
орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді.
Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда)
еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі
болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік
бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл
сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп
шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі
болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін
түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада,
тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта
жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді,
қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары
мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының
барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың
терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен
маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
Керік
• Керік (Giraffa camelopardalis) - ашатұяқтылар
сүтқоректі. Кейде дала керігі деп аталады.
• Giraffidae -Арабша – бәрінен биік. Керік – жұп
тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір
тұқымдасы. Орталық , Шығыс Африканың
оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды
,жазық далалы жерлерін мекендейді.
• Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден
асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей ,жерден
басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500 –
1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес , мойны өте
ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі
жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа , әрі
мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы
аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді.
Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкен
болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп,
12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы
адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3.
Құдыр
• Құдыр (лат. Moschus mosciferus) -
құдыр тұқымдас сүтқоректі. Дене
Ұзындығы 1 м, салмағы 17 кг тақау.
Артқы аяқтары алдыңғыларынан
ұзын. Басы кішкентай, құлақтары
тік. Мүйіссіз, тұқыл. Аталықтарының
ұзын, кайқы азу тістері иек астынан
шығып тұрады; жұпар бездері
бауырына орналасқан. Шығыс және
оңтүстік-шығыс Азияда таралған.
ТМД-де солтүстік аймақта, таулы
орманды, (тайга) жерде кездеседі.
Қынамен қоректенеді. Қараша мен
желтоқсанда күйлейді. 1-2 бұзауы
болады. Жұпар бездері үшін
аулайды.
Арқар
• Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар
қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына
жататын ірі аң; тау арқары туысының
сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120
см, шоқтығының биіктігі 65-125 см.
Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің
жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг.
Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады.
Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы
орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД
кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі
таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы
мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б.
ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде
арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық
муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О.
orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі
(2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым
береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жаткызады.
Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО
(7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй
қойларымен будандастыруға пайдаланған.
Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы
мен арқармеринос қой тұқымдары
шығарылған.
Ақбөкен
• Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) –
жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына
жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес
тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары.
Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен
қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға
дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер
Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда
ғана сақталған. Республикамызда
Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген
Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық
деген топтары мекендейді. Текелерінің дене
тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері
кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37
кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті
тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау
келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз
айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі
ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және
далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.
Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен
жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы,
жылына бір рет төлдейді.
Қорытынды
• Күйіс қайыратындар (Ruminantia) - жұптұяқтылар отряд тармағы. Ірі, сымбатты
жануарлар. Аяқтарының төрт, кейде екі саусақтары тұяққа айналған. Жоғарғы
күрек тістері жетілмеген. Олардың орнында сүйелденген қатты білік
орналасқан. Азу тістері үсті ойықтау, шөпті үгітуге бейімделген. Қарын төрт
бөліктен тұрады: таз қарын, тақия қарын жылбыршақ қарын, ұлтабар. Күйіс
қайтарады. Өсімдікпен қоректенеді. 15 тұқымдастың 255 туыс, 130 түрі белгілі,
(бұғыт тәрізділер, бұғылар, керіктер, құдыр). Әлемде тек Австралия мен
Мадагаскар аралында ғана кездеспейді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Е р с к о в Э. Р. Протеиновое питание жвачных животных:
Пер. с англ. Под ред. чл.корр. ВАСХНИЛ В. И. Георгиевского.
— М.: Агропромиздат, 1985.
2. 3 а ф р е н С. Я. Технология приготовления кормов.— М.:
Колос, 1977.
3. Кормление сельскохозяйственных животных.— Справочник.
— М.: Росагропромиздат, 1988.
4. К у р и л о в Н. В., К о ш а р о в А. Н. Использование протеина
кормов животными.— М.: Колос, 1979..
5. Л а п ш и н С. А., К а л ь н и ц к и й Б. Д. Новое в
минеральном питании сельскохозяйственных животных.—
М.: Росагропромиздат, 1988.
6. Нетрадиционные корма в рационах сельскохозяйственных
животных. Пер. со словацкого.— М.: Колос, 1984.
7. Научные основы полноценного кормления

Ұқсас жұмыстар
Қысқа күйіс қайыру
Ауыл шаруашылық малы өнімділігінің түрлері
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне микроб алып жүретін жануарлар
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Аңдардың асқорыту жүйесі
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Өсімдік жасушасын ашқан ғалым
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Пәндер