Қой шаруашылығы өнімдерін танып білу



Презентация Тақырыбы: «Қой шаруашылығы өнімдерін танып білу»
Орындаған: Сарымсакова Ғ.
Тобы: АП-11-7к2
Қабылдаған: Файзуллаева Л.

Кіріспе
Халық шаруашылығында мал өсіру ауылшаруашылығы өндірісінің басты саласы болып табылады. Ол халықты керекті тағам өнімдері ет, сүт, жұмыртқа тағы басқаларымен, ал өнеркәсіпті болса шикізатпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы егін шаруашылығымен тығыз байланысты. Адамдар егін шаруашылыгы өнімдерінін тек А бөлігін ғана қорек ретінде пайдаланса, ал қалған 'А бөлігін пайдалана алмайды. Оны тек малға беріп ғана өз қажетіне пайдалана алады. Жануарлар болса егін шаруашылығына, өсімдіктерге керек органикалық тыңайтқыш қи өндіре алады. Шаруашылықта егін шаруашылығы өнімдері көп болған сайын, мал өнімдері де көбейе түседі. Мал шаруашылығы өнімдерін молайтпай адамзатты толыққанды тағаммен қамтамасыз ете алмаймыз.
Жер бетінде халық саны жылма-жыл артып келеді. Қазірдің өзінде Жер бетінде 6, 5 млрд-тай халық бар. XXI ғасырдын ортасында 8, 3 млрд-қа жетеді деген болжам бар.
Олардың қажеттілігін өтеу үшін мал шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Адам қорегіндегі жануар белогын ештеңе де алмастыра алмайды. Сондықтанда жануартекті белок өндіру барлық елдердің басты міндеті болып табылады.
Үй қойларының ата тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болган.
Жабайы қойдың көз алдымен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын, сирақты.
Осы күнгі жабайы қойлардың таралып, мекен етіп, өсіп жүрген орындары - Американың Солтүстік бөлігі, Оңтүстік Еуропа және Азияның барлық жерлері. Азияның таулары мен үстірті жерлерінде әртүрлі жабайы қойлар үйірлер болып жүреді.
Олардың қысқы қоректері ағаш қалдықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген.
Үй қойларының жабайы түрі муфлон да қазіргі Жерорта теңізінің Сардиния мен Корсика аралдарынында, Қазақстанның батысындағы үстіртте бар. Муфлонның тұрқының ұзындығы 120 см, биіктігі 65-70 см болады да, құйрығының үзындығы 10 см шамасында.

Қой шаруашылығы - жүн, ет, май, елтірі, сүт - өнеркәсіптік құнды шикізат, әрі адам тағамдарының маңызды көзі.
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Қойдың жүн өнімі
Негізгі өнеркәсіптік шикізат ретінде жүн қойдан өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты жүннің талшықтары биязылығы, ұзындығы әр түрлі болады. Жүн талшықтары мына төмендегі түрлерге бөлінеді: түбіт, жай қылшық, аралық қылшық, қүрғақ қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық.
Қой жүнін қүрамына байланысты біркелкі және әркелкі деп екі түрге бөледі.
Біркелкі жүн біртекті жүн талшықтарынан бірегей түбіттен немесе аралық қылшықтан түрады. Бірегей түбіттен түратын біркелі жүнді биязы, біргей аралық қылшықтан түратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен түрады, үзындығы 6-9 см, бүйра, ақ, тығыз, шайырлы. Мүндай жүн алтай, совет мериносы, казақтың оңтүстік және солтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың биязы жүнді қойлары сияқты биязы жүнді қойлары сияқты биязы жүнді қой түқым-дарынан қырқылады.
Биязылау жүн диаметрі 25 микроннан артық, ірі түбіттен немесе аралық қылшықтан, не болмаса олардың аралы қоспасынан түрады. Үзындығы 8-15 см, кейбір қой түқымдарында 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Ол цигай, линкольн, роминмарш, солтүті кавказ, тянь-шань қойлары мен кроссбред (биязы жүнді саулық пен биязылау жүнді қой қошқарларының буданы) қойларынан қырқылады.

Жүн өнімділігі
Қойдың жүн өнімділігін сан жағынан, одан бір жылда алынған таза жүнмен анықтайды. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет, қылшық жүнді қойларды екі рет - көктемде, күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Елімізде өсіретін қой тұқымдарының жүн өнімділігі жағынан биологиялық потенциалды мүмкіншіліктер өте жоғары. Дүние жүзілік рекод-бір жылда 31, 7 кг жүн №КИ-72 ставрополь қойларының қошқарынан қырқылды.
Қойдың жүн өніміне баға бергендле оның физикалық және техникалық қасиетін анықтайтын үзындығы, жіңішкелігі, біркелкілігі, бүйралылығы (иректігі), сенімділігі, созылымдығы, шайырлығы сияқты сапалық көрсет-кіштеріне үлкен мән беріледі. Олар негізігі селекиялық белгілер болып есептелінеді.
Қойды жүн өнімі бойынша сүрыптаудың нәтижелілігі, жүн өнімін анықтаудың дәлдігіне, сүрыпталу дәрежесіне (селекциялық дифференциал мөлшерінде) және оның оның түқым қуалаушылық коэфициентіне байланысты болады.
Қойдың жүн өнімін лекция тәжірбиесінде екі түрлі әдіспен анықтайды. Бірінші әдіс қойдың қырқылған жүнін өлшеу және оның таза жүн түсімін анықтау. Бүл әдіс қойдың жүн өнімі туралы дәл мәлімет береді. Мүндай әр қойдан қырқылан жүнді анытауға көп уақыт, қосымша адам күші және қаржы керек. Екінші әдіс бойынша қойдың беретін жүн мөлшеріін бонитировка кезінде көзбен жобалап анықтайды. Бүл әдісті қолдану жеңіл, бірақ ол онша дәл емес.
Қойды жүн өнімі бойынша сүрыптау тәжірбиесінде екі әдістің екеуіде қолданылады.
Қырқылған жүн мөлшерінің түқым қуалаушылық дәрежесі қой тұқымына, нақтылы шаруашылыққа, селекция жұмысының дәрежесіне және еептеу жолдарыа байланысты әр түрлі.

Қойдың ет өнімі
Қой еті -одан алынатын ең негізгі өнім. Қой етінің қоректілік құндылығы да айтарлықтай оның бұлшықет тканьдарында құнды белоктар жиынтығы болады. Еділбай. сараджа дегерес жэне басқа тез өсіп жетілетін етті майлы қой тұқымдары етінің сапасы жоғары болады. Қозыларды бордақылап жедел семірту ет сапасын жақсартып ет өндіруді арттырудың аса бір тиімді бір жолы. Қозы еті құрамында холестеринді заттардың майдың аздығымен ерекше бағаланады. Қозы етін адам организмі оңай қорытып тез сіңіреді. Қойдың еттілігінің негізгі көрсеткіштері оның сояр алдындағы тірілей салмағы, қоңдылығы сойыс салмағы жэне сойыс шығымы. Қойдың сояр алдындағы тірілей салмағын қойды 24 сағат аш ұстағаннан кейін таразымён өлшеу арқылы анықтайды. Малды аш ұстаған кезде оның тірі салмағы Зтен 5 ке дейін кемиеді.
Қойдың құндылығын шоқтығындағы арқасындағы беліндегі құйрық түбіндегі жэне қабырғаларындағы ет тканьдарының даму дэрежесіне қарай анықтайды. Етті майлы қойлардың қоңдылығы онымен қоса құйрық және құйымшаққа біткен майы немесе құйрықтарының толысу шамасы арқылы анықталады.

Ұшаның салмағы
Ұша деп терісі ішкі органдары басы сирағымен қүйрығы алынған мал денесін айтады. Үшадан малдың алдыңғы сирақтары тізеден арткылары тілерсектен бөлініп алынады. Әдетте малдың түқымына жынысына жасына жэне қоңдылығына қарай ересек қойдың ұшасы 18-30кг тартады. Тоқтылардың ұшасы 15-20кг қозылардікі 10-17кг шамасында болып келеді. ¥шаның салмағы екі түрде анықталады. Жаңа сойған жас ұшаның салмағы жэне оның 24 сағат сақталып суығаннан кейінгі салмағы. Суыған ұшаның салмағы жас ұшаға қарағанда біршама төмен келеді.
Сойыс салмағына ұшанын салмағы мен іш майларының салмағы жатады.
Сойыс шығымы деп малдың сойылар алдындағы тірідей салмағының процентіне шаққандағы ұшасы мен ішмайының салмағы айтылады. Ет шығымы малдың ет өнімінің ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Товар алып қарағанда ет дегеніміз ұшаның тағамға пайдаланатын барлық бөліктері яғни қаңқа сүйектеріне жабысқан бұлшықеттер тарамыстар май қан тамырлары лимфатүйіндері сондай-ақ барлық жеуге келетін ішкі органдар тіл мен диофрагма ішек қарын т. б. Қой жүні қой қырқу жэне жүн дайындау.
Малдың дене бітімі сүйірлеу сүйектері шығыңқы келеді, кабырғалары ыреиып теріге жабысып көрініп тү-рады. Қой қондьыығына қарай жоғары орташа жэне ортадан төмен деген категорияларға бөлінеді. Қойдың тірі кезінде қоңдылығы аргонолептикалық баға бойынша анықталғандықтан едэуір дәрежеде анықтаушының білгірлік тәжірибесіне байланысты болады. Кейбір кезде тэжірибесіз маманның кателесіп кетуі де мүмкін. Бүл жағдайларда қойдың құндылығы оны сойғаннан кейін үшасының сапасына баға беру арқылы анықталады. Қойдың сойыс салмағымен сойыс шығымы қойдың қоңдылығына тікелей байланысты.

Қойдың сүт өнімі
Қой сүті, түсі ақ немесе аздап сарғылт болады.
Химиялық құрамы малдың физиологиялық күйіне, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай аздап өзгеріп отыруы мүмкін.
Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтіндегі қоректік заттар 1, 5 - 2 есе көп. Қой сүтінде май (6 - 8%) мен белок (4 - 5%), 4, 5% сүт қанты, 1%-дай минералдық заттар, витаминдер болады.
Одан ірімшік, құрт, айран, қаймақ, сары май өнімдерінің көптеген түрлері дайындалады. Қой сүтінен өндірілетін өнімдер дәмділігімен, сапалылығымен және сіңімділігімен жоғары бағаланады.

Қойдың тері өнімі
Қой терісі, тауарлық қасиеттері мен өндірісте пайдалану мақсатына байланысты және жүнінің бітісіне қарай елтірілік, тондық және былғарылық қой терісі болып бөлінеді.
Елтірілік түрге биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынған терілер жатады. Бұл терілерден ең жоғары сапалы табиғи және боялған елтірі дайындалып, олардан елтірі шапан, бас киім, жаға, т. б. тігіледі. Сонымен қатар оларды аң терілеріне сәйкестендіріп бояп (құндыз, нутрия, теңіз мысығы, тағыда басқа) ішік, тағыда басқа бағалы елтірі бұйымдар жасайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz