Қойды азықтандыру



«Қойды азықтандыру»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Шымкент 2017ж
Орындаған Айдар Р.
Тобы: АП-14-7к2
Қабылдаған:Теңлібаева А.
Презентация

Қой шаруашылығы
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал ш-на қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі Қ. ш-н берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғ-дың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19, 6 млн. уақ мал болды.

Қой шаруашылықтарының өсіру аймақтары
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы - Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10-20, тіпті 50-100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы - Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Қойларды азықтандыру
Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азыктандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына, тірілей салмағы мен өнімділігіне байлаиысты жасалып, малдың азыққа деген тәуліктік мүқтаждығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылдантан азықтандыру нормаларында, малдын азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі-азық өлшемі, қорытылатые протеин кальций, фосфор, каротип және микроэлементтср мен ас тұзының мөлшері аркылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы саулықты алатын болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде қозысынан айырғаннан ксйін азыкты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол мерзімнін бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керск екендігін білдіреді.

Салмағы 55-60 кт тартатын буаз меринос қойының азық раиионында шамамен 1400-1700 г құрғақ зат болуы кажет. Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы қорытылады. Мысалы, бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ - 145 грамнан салмақ қосқан. Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін жұмсайды:сақа қойлар - 10-12, алты айға дейінгі қозылар - 4-5, бір жасқа дейінгілерге - 7-9, 1 жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін алу үшін - 132 азық өлшемі жұмсалады.

Тетіктелген азықтандыру нормасына малдың азық өлшеміне, алмасу энергиясына, құрғак, затқа, «шикі» және қорытылатын протеинге, лизинге, метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, «шикі» жасуныққа, «шикі» майға, кальцийге, фосфорга, калийге, нитрииге, хлорга, магнийге, күкіртке, темірге, мысқа, мырышқа, марганецке, кобальтқа, йодқа, каротинге, ретинолға, калъциферолға, токофоролға, тиминге, рибофлавинге, пантотен қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиродиксинге, цианкобаламинге мұқтаждық корсеткіштері кіреді. Бұл керсеткіштер организмінің тіршілігі мен өнімділігіне қажеггі энсргиялық, құрылымдық, минералдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын жай нормалық керсеткіштерге қарағанда жан-жақты да толық камтитындықтан, саланың мал мен құстың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін интенсивті технологияларымен дамытқанда қолданылады.

Рацион құрамына кіретін азық топтарынын оның жалпы коректілігіне (а. ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип коршения) белгілейді. Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшеп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиги жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтык қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный), тамыржемісті жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т. с. с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздіц әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми зертгеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады. Республиканың оңтүстік-шығысындагы сүт өндіретін шаруашылықтарда А. Росляков, М. Байтурин, М. Кинеевтің «Типовые рационы молочного скота на юго-востоке Казахстана» (Алматы, Қайнар, 1981) ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстарын пайдалануға болады.

Саулықты азықтандыру
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі (55-65%) саулықтар үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді мол қырку үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұкымы, жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиологиялық ахуалына байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетгі деңгейде және жан-жақты толык қамти қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда саулықтардың дер кезінде (күйекке түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру (қашыру) нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп, саулык жүнділігі төмендеп, жүн сапасы нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйекке түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылығын күшейтіп, биологиялык құндылығын жоғарылатады,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz