Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері


Slide 1

Презентация Тақырыбы: «Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері»

Орындаған: Самет Б.

Сейіт Е.

Тобы: АП-14-7к1

Қабылдаған: Ермекбаева Р.

Slide 2

Жоспар

1. Малдың ішкі құрылысы

2. Малдың дене бітімін жіктеу

3. Малдың өсуі және жіктелу заңдылықтары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Малдың ішкі құрылысы

Малдың ішкі құрылысы - зоотехния ғылымының малдың дене бітімі мен өнімінің ішкі физиологиялық, анатомиялық, гистологиялық және биохимиялық құрылыс-қызмет қасиеттерінің бірлестігін зерттейтін саласы. Малдың ішкі мүшелерінің кұрылыс-қызмет көрсеткіштері оның жас кезінде келешектегі өнім бағытын, мөлшерін болжау арқылы сұрыптау, қажет болған жағдайда шыққан тегі мен нәсілдік касиеттерінің үйлесімді анықтау үшін пайдаланылады. Бұл мал тұқымын асылдаңдыру жұмысының дәлдігін арттырып, нәтижесін жеделдетеді. Малдың ішкі құрылысы ілімінде зерттелетін мәселелердің кеңдігі мен терендігіне байланысты түрлі гистологиялық, биохимиялық, физиологиялық,, цитогенетикалық, иммуногенетикалық, ж. б. әдістемелер қолданылады. Қазіргі уақытта мал сұрыптау мен жұп тандауда терінің, зәрдің, қан мен сүттің, кариотиптің (хромосомдар саны мен түрі), ДНК-нің (дезоксирибонуклеин қышқьлының) құрылым-құрамының көрсеткіштері пайдаланылады. Мысалы, мал тұқымын асылдандыру жұмысы жоғары дәрежеде жүргізілетін елдерде асыл тұқымды айғыр мен бұқаның қан құрамы туралы куәлік болуы шартты мәселе. Сол сияқты, тұқымдық қошқарға қалдырылатын қозышар терісінің гистологиялық құрылысы бойынша іріктеледі.

Slide 4

Малдың дене бітімін жіктеу

Қой (лат. Ovis aries) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.

Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.

Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады.

Slide 5

Малдың өсуі

Төлдеу мүмкіндігі 6-8 айлық тоқтыларда болады. Бірақ күйекті (қой қашыру) бір жастық кезеңнен немесе бір жарым жастан ерте бастамау керек. Тек өте жақсы дамыған тоқтыларды ғана алғаш рет 10 айлығында қашыруға болады. Қойлардың буаздық мерзімі орташа есеппен бес ай (142-155 күн) . Қыста төлдету үшін (қаңтар -ақпанда) қойды тамыз бен қыркүйекте қашыру қажет. Ал көктемгі төлді алу үшін (сәуір - мамыр) қошқарды қойға қараша не желтоқсанда салу керек. Төл алуды жоспарлағанда көктемде туған төлдің қыста туған және сол уақытқа дейін күшейіп алған төлге қарағанда көктемгі тұрақсыз ауа райын ауыр көтеретінін ескеру керек. Бұдан бөлек, қыста туған қозы жайылымға шығару басталғанға дейін жемді жақсы жейді, ол салқын тиетін ауруларға да көп шалдықпайды.

Slide 6

Жіктелу заңдылықтары

Күй жайына, төлдеу уақытына, жынысына, жасына, сауылуына, желін, емшек бітісіне, дене бітіміне, шағылысу мерзіміне, мінезіне және жүн бітісіне байланысты болып келеді.

Төлдеу уақытына байланысты аталуы

Күйек қашқан қой. Саулық қойдың қараша айында кошқардың беліне байланған киіз күйегі алынғаннан кейін, шағылысып кеткені. Арамза қой. Қойдың мерзімінен бұрын қошқарға шағылысып, қыс ішінде қоздайтыны.

Жынысына байланысты аталуы

Саулық қой. Үш жастан жоғары төлдейтін қой. Сауулы қой. Қозысы өліп немесе қозысын қасқыр жеп қойған саулық қойдың қозысыз сауылатыны. Қортық (шартық) қошқар. Бұл атау тұқымы жаман, қошқар болуға жарамсыз деген мағынаны көрсетеді. Тоқты қошқар. Бұл тоқтының жас қошқар екенін көрсетеді.

Жасына байланысты атаулар

Күйек қозы. Біріншіден, қошқардың беліндегі күйегі (тоқымдай киіз) алынғаннан кейін, шағылысуынан пайда болған төлді білдіреді, екіншіден, мерзімінде (уағында) туған қойдың алты айға дейінгі қозысы деген мағынада қолданылып тұр. Сары аяқ марқа. Бұл атау, біріншіден, тамыз, қыркүйек айларында туған қозыны білдірсе, екіншіден, оның сәуір, мамыр айларындағы туған қозыдан бұрын есейіп, өсіп, жетіліп піскен семізі, жеті-сегіз айға толған ірісі, үлкені деген мағынаны білдіреді. Лақ қозы. Алты айға толған жас қозысы өлген қойға теліп жіберілгені. Бағлан қозы. Ерте туып, жақсы семірген қозы.

Slide 7

Қой қолтұқымдары

Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.

Қазақстан жерінің жусанды жайылымды «қара отты» жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.

Slide 8

Малдың өсіп-жетілуінің ортақ заңдылықтары


Ұқсас жұмыстар
Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері туралы
Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау
Мал шаруашылығының маңызы
Қой жабайы тегі
Ауыл шаруашылық малының дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы
Ауыл шаруашылығы малдарының конституциясы
Ағзаның конституциясы және оның патологиядағы рөлі
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Шошқа тұқымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz