Қойлар гигиенасы
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Қойлар гигиенасы»
Орындаған: ________________
Тобы: АП-12-8к4
Қабылдаған: _________________
Жоспар
1. Қойларды ұстаудың жүйелері мен
әдістері
2. Қойларға арналған қораларға
қойылатын санитариялық-гигиеналық
талаптар
3. Қозыларды өсіру гигиенасы
4. Қойларды бордақылау гигиенасы.
•Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қойларды ұстаудың жүйелері
мен әдістері
• Қой шаруашылықтарында қойды күтіп-
бағудың мынандай жүйелері қалыптасқан:
қолда-жайылымда шығарып бағу,
жайылымда-қолда және жайылымда бағу.
• Мал басын қолда-жайылымда күтіп-бағу
әдісін еліміздің орталық, солтүстік және
шығыс бөлігіндегі шаруашылықтардың
басым көпшілігі қолданады. Қысында қойды
қорада ұстау арқылы құнарлы азықпен
азықтандырса, ал жазында-жайылымдық
жердің өріс отын тиімді пайдалануға күш
салады. Өріске шығарып-қолда бағу әдісін
жазғы және қысқы жайылымдықтары бар
республикамыздың барлық аймақтары
қолданады. Бұл жүйеде шаруашылық-тарда
саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе
қыс пен ерте көктемде қойды
азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры
болады.
Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі
• Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі – жазда да, қыста да жайылымдық жерлері жеткілікті,
ірі мал азығы мен құрама жем қоры бар, көбінесе оңтүстік аудандарда қолданылады.
• Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай мынандай топтарға бөлінеді:
қошқар мен 1,5 жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бөлінгеннен кейін
ұрықтандырылмаған бойдақ саулық, бұзауданудың бірінші және екінші жартысындағы
саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлгенге дейінгі
қозылар, тоқтылар мен тұсақтар, етке өткізілетін ісектер, бордақыға қойылатын қойлар.
Қойларға арналған қораларға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар
•. Қой өсіру құрылыстардың арнайы (қора-жайларды ң) болуын талап етеді.
Оларды қыста және ерте көктемде төлдейтін саулы қтар ға арнал ған жылы
күркесі бар бөліктер (төлдеу бөлмесі), асыл т ұқымды қош қарлар ға арнал ған
бөлік, жынысы мен жасына қарай әртүрлі қой бөліктері ( қоралары) болады.
•Еліміздің орталық, солтүстік және батыс аудандарында мал ұза қ уа қыт
қолда бағылып қыс мезгілінде есепті температура -200С т өмен бол ғанда
күрделі құрылыстар салынғаны ыңғайлы. Оларда қошқарларды, саулы қтарды,
төлдерді бөлек-бөлек орналастырған жөн. Шағындау фермаларда жынысы
мен жасына қарай топқа бөлінген мал басы үшін бір жалпы қора салады.
Есепті температурасы -100С жоғары аудандарда же ңілдетілген жобада ғы
қой қоралары салынады. Бұл құрылыстар малға пана болатын уа қытша
түрінде; төбесі бір жағына қарай еңіс жабылған үш қабыр ғалы база;
маусымдық және жиналмалы алаңдар; қолдан ұрықтандыру пункті; азы қ
сақтайтын орын; шаруашылық құрал-саймандарына арналған орындар ж әне
тағы басқа.
• Қой фермаларының құрылыстары негізгі (қой қора,
жылы күрке, бастырма-база, карантин мен
санитариялық бөлме) және қосалқы (қойды
тоқытатын орын, изолятор, мал азығын сақтайтын
орын мен басқа да малды орналастыруға тікелей
байланысы жоқ объектілер) болып бөлінеді.
• Солтүстік аудандарында көлемі шағындау қой
қораларын Г әрпі тектес, оңтүстіктегілер П әрпі
тектес үлгіде салады. Қой қораларының жел өтінен
ықтау жағына ашық база жасайды. Оны биіктігі 2
метр қоршаумен тығыз қоршап, көліктің кіріп-
шығуына қақпа орнатады. Қой қорасын салуға аз
жылу өткізетін материалдарды пайдаланады.
Олардың жылу сақтау коэффициенті ең кемі 2-2,5 Вт
болуы тиіс.
• Кеңес үкіметі заманында жобалау ұйымдары
тарапынан қой шаруашылығы практикасының
көптеген жобалар жасалып, енгізілген. Ал енді қазіргі
кезде қой басының азаюына және олардың шағын
жекеменшік шаруашылық иелігінде болуына
байланысты шағын әрі жергілікті құрылыс
материалдардан салынған қора-жайлар салынған.
• Қой қораларының басым көпшілігінің еденіне
тығыздалған саз топырақ пен қиыршық тастар, ал
солтүстік аудандардағы шаруашылықтарда –
тақтайлар пайдаланылады.
Қозыларды өсіру гигиенасы
• Тәжірибелі қой өсірушілер қысқы және ерте көктемде төлдетуді артық көреді. Өйткені
қозылар ерте марқайып, жазғы жайылымды ерте пайдаланып күзге қарай жақсы өседі.
Сонымен қатар төлдердің шығындауы азайып, суық тиюден, асқазан ішек ауруларымен ауруы
тыйылады. Қысқы және ерте көктемде төлдетуді қолданып жүрген шаруашылықтар
тәжірибесі саулықтардың төлдегіштігі 20-25 пайыз және жүн өнімділігі 30-35 пайыз
артатынын, әр 100 аналықтан алынатын төл басының көбейткенін дәлелдеп отыр. Осыған орай
климаты бірқалыпты аудандар үшін саулықтарды ұрықтандырудың ең қолайлы кезеңі тамыз-
қыркүйек, ал құрғақшылық аудандарда – қыркүйек-қазан айлары болып табылады.
• Азықтандыру үшін мынадай азықтар
пайдаланады: шөп ұны, пішен, бұтақты азық,
сәбіз, күнжара, ұрпақ, ас тұзы, бор, сүйек
ұны және басқалар. Қозыларды
саулықтардан бөлек азықтандырады.
Қозыларды қосымша азықтандыру үшін
сиыр сүтімен қатар сүт орнына жүретін
жасанды сүтті де пайдаланады. Оның
құрамында 66 пайыз көк сүт, 30 пайыз аралас
мал мен өсімдік майы, 1 пайыз лецитин, 3
пайыз минералды заттар мен витаминдер
болады.
• Қозылардың көп камералы асқазанының
дамуы негізінен 3 айлығында аяқталады. Тек
2-3 айлық жасынан бастап қозылар ересек
малдар сияқты өсімдікті азықтардың
жұғымды заттарын сіңіруге қабілетті халге
жетеді. Сондықтан тіршілік етуінің алғашқы
аптасында-ақ азыққа үйрету қозылардың ас
қорыту органдарымен жалпы физиологиялық
жағдайының жақсы дамуы үшін қажетті
шара болып табылады.
Қойларды бордақылау гигиенасы.
•Малды бордақылаудағы көздеген мақсат көкбалаусаны, жұғымды азық пен белгілі
мөлшерде құрамажемді пайдалана отырып, қысқа мерзімнің ішінде дене массасын
жоғары да арзан өсіміне қол жеткізу. Жақсы семіртілсе әрбір қойдың етке сойыс салмағы
55 пайызға, нашар семіртілсе – 40 пайызға артады.
•Қой басын табиғи жайылымдықта бағып семірту 100 күнге дейін созылуы мүмкін,
ал жасанды жайылымдықта ол 60-90 күнге қысқарады. Бордақылау мен семіртуге бракқа
шығарылған саулықтар қозысы бөлінгеннен кейін қойылады, тоқтылар мен сол жылы
туылған және тірідей салмағы ең кемі 25-27 киллограмм болатын төл де қойылады. Мал
семіртуді ұйымдастыру көктемде қолға алынады. Ол үшін бракқа шығарылған
саулықтарды /кәрі, желінсаумен ауыратын, тұқым бермейтін/, қыс пен көктемде туған
төлдер, ал асыл тұқымды шаруашылықтарда барлық бракқа шығарылған ұрғашы
тоқтылар мен піштірілген еркек тоқтыларды іріктеп алады. Қойды қолда бордақылау 60-
90 күнге созылады. Бордақылаудың алғашқы жартысында рационда ірі, жұғымды және
тамыржемісті азық түрлері мол болуы тиіс. Бордақылаудың аяққы кезінде оның мөлшерін
азайтып, құрама жемді көбейтеді. Бордақылау кезінде толық құнды түйіршік азық – мақта
күнжарасы мен шрот, сүрлемнің әр түрі, пішендеме, сабан, пішен, арпа, сұлы, жүгері
сабағы, азықтық бұршақ, ұрпақ, тәтті сірне, барда қолданылады. Минералды азықтарды
брикет түрінде, ал ас тұзын жалау үшін кесектей береді. Ұнтақ азық негізінен ірілетіп
жармаланған дәннен даярланады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
•1.Кенесариев Ү.И «Гигиена», Алматы, 2010, 36-43б
•2.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө.
Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд.,
толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.
•3.Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта
проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.
•4.Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология
және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29
беттер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz