Ұлттық GPP стандарты (тиісті дәріханалық тәжірибе) және оны тәжірибелік қолданылуы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Тақырыбы: Ұлттық GPP стандарты (тиісті дәріханалық тәжірибе) және оны тәжірибелік қолданылуы

Орындаған: Орынбасар М.

Тобы: 304 «Б» ФК

Қабылдаған: Баркизатова Г. Б

Шымкент-2017ж.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Slide 2

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жалпы ережелер

2. Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері

3. Жалпы талаптар

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Болашақ фармацевт маманы ретіндегі GPP стандартына деген көзқарасым оң. Себебі, GPP стандарты ҚР-дағы әрбір дәріханалардың қызмет көрсету сапасын, дәрі дайындау сапасын, рецептті-рецептсіз дәрілерді босату сапасын, дәріхана ұйымдастыру сапасы, тазалық-санитария сапасын және де басқа жоғары деңгейлі дәрежеде сапаға ие болуы керек қызметтерге максималды түрде ереже бекітіп, нұсқау ұсыну арқылы ҚР - дағы бүкіл дәріхана деңгейлерін жоғары сапаға көтеруге, халыққа сапалы қызмет, жағдай жасалуын қамтамасыз етеді, және де үлкен себепші болады.

Slide 4

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандартның талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды.

Slide 5

Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP) жайлы бұйрық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 27 мамыр 2015 жылғы № 392 бұйрығына 5 қосымша

Slide 6

GPP стандарты бойынша фармацевтикалық қызмет құрамына қарай төмендегіше бөлінеді:

негізгі: бақыланатын дәрілік препараттарды босату, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша дәрілік заттарды дәрігердің рецептісі арқылы және рецептісіз босату, дәріханалық тауарлардың түр-түрін босату, дәрілік түрлерді экстемпоральді дайындау, олардың сапасын бақылау, сақтау;

Slide 7

қосымша: халыққа және медициналық қызметкерлерге анықтамалық, ақпараттық, кеңес беру қызметі, телефон арқылы дәріханалық тауарлардың түр-түріне тапсырыс қабылдау бойынша жұмыс, дәрілік заттарды (рецепт болмаған жағдайда рецептурасыз босату) және дәріханалық тауарлардың ассортиментін үйге жеткізіп беруді толықтыру, телефон арқылы жоқ дәрілік препараттарды резервтеу, тауарлық жеңілдікті пайдалану, науқастарды күтуге арналған заттардың прокаты, жағымды жұмыс режимі, фитобар қызметі, өзіне өзі қызмет ету.

Slide 8

GPP маңызды мақсаттарының бірі

Дәрілік құралдар жайлы объективті ақпараттық қол жетімділігін қамтамасыз ету, оларды дұрыс қолдану туралы ақпараттандыру; өз бетінше емдеуге болатын ауру белгілерін дәрімен және басқаша емдеу туралы ұсыныс кіретін, өз бетінше емделуге байланысты негізгі элементтердің бірі-қызмет болып табылады.

Slide 9

Тиісті дәріханалық практиканың негізгі талаптары

пациентке адамның денсаулығын сақтау мақсатында бағдар жасау; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың оңтайлы тағайындалуына және тиісті түрде пайдаланылуына әрекет ету; фармацевтикалық қызметтің әрбір элементінің жекелеген тұлғаға бағытталуы; кәсіби этика және құпиялылықты сақтау; сапалы фармацевтикалық қызмет көрсету; фармакология, фармакотерапия және деонтологияның негіздерін білетін білікті қызметкерлердің болуы;

Slide 10

GPP стандарты бойынша Рецептуралық дәрілік препараттардың оңтайлы қолданылуын қамтамасыз етудің жүргізілуі

дәрігердің рецепт жазып берудің, рәсімдеудің дұрыстығын және ережесін, рецептідегі мәліметтердің толықтығын, көрсетілген дозаның науқастың жасына сәйкестігін, бір уақытта босату нормаларын, жазып берілген дәрілік заттардың үйлесімділігін сақтауы; дайындау технологиясын сақтау және дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету; белгіленген үлгідегі рецептуралық бланкі бойынша рецептуралық препараттарды босатуды жүзеге асыру; пациенттің жазып берілген дәрілік препаратты сәйкес мерзімде және қол жеткізерлік бағада сатып алу мүмкіндігі; дәрілік препаратты сәйкес таңбалануына және қаптамасында тиісті түрде босатуды қамтамасыз ету; пациентке дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы қол жетімді түсініктері және оларды қолдану бойынша кеңестері бар объективті ақпарат беру.

Slide 11

GPP стандарты бойынша Рецептісіз дәрілік заттарды ұсынғанда фармацевт:

рецептісіз дәрілік препараттарды таңдағанда тиімділік, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып кәсіби тәжірибені пайдаланады; осы дәрілік препарат бойынша оның әсер етуі, қолданылу тәсілі, емдеудің ұзақтығы, болуы мүмкін жағымсыз әсерлер, қолдануға болмайтын жағдайлар және басқа дәрілік заттармен үйлесімділігіне қатысты пациентті түсінікті етіп хабарландыру; жағымсыз әсерлер симптомдары қайталанған жағдайда пациентті дәрігерге қаралу керектігі туралы ескертеді.

Slide 12

GPP стандарты бойынша дайын дәрілік препараттар дәріханаларының құрылымында мынадай бөлімдер болуы керек:

1) дәрігердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік препараттарды сату бөлімі; 2) рецептісіз дәрілік препараттарды сату бөлімі; 3) дәріханалардан босатылуға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық басқа тауарлардың түр-түрін сату бөлімі

Slide 13

GPP стандарты қандай органдарда қолданылады

Стандарт дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметіне бақылау жүргізетін мемлекеттік органдарда қолданылады.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері
Сапаны басқару
GCP стандарты медициналық зерттеудің этикасы
GMP негізгі талаптары
Дәрілік заттар айналымында фармацевттің рөлі
Органолептикалық бақылау
Бейсу еріткіштер
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды өндіру
Медициналық зерттеулерінің этикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz