ЭКОЛОГИЯ БИОЦЕНОЗ


Slide 1

экология

Биоценоз

Slide 2

БИОЦЕНОЗ

Биоценоз - (латынша «bios»-өмір, «koinos»-жалпы) бірігіп тіршілік ететін, бір-бірімен байланысқан ағзалар тобы, белгілі бір территорияда мекендейтін түрлердің популяциялық бірлестігі. Алғаш рет бұл терминді 1877ж К. Мебиус енгізді. Зертейтін экология ғылымының саласы -биоценология. Биоценоздың қоршаған ортасы абиотикалық - биотоп. Нәтижесінде биоценоз бен биотоп қосылып биогеоценозды құрайды. Ол терминді 1940жылы Сукачев енгәзді.

Slide 3

Оның 3 компоненті

Фитоценоз

Өсімдік жамылғысы

М:өсімдік ағаштары, бұталар, шөп түрлері, мүктер, балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар.

Микробиоценоз

Микро ағзалар-олар арнайы оптикалық құралдармен ғана көзге көрінеді. Жай көзбен көруге болмайды. М:бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақ, бір клеткалы ағзалар

Зооценоз

жануарлар дүниесі. М:құстар, балықтар, сүт қоректілер, насекомдар, құрттар, моллюскалар, омыртқалылар

Slide 4

Түрлері

Түрлік құрлымы

Биоценозды түзетін түр саны мен олардың биомассасының қатынасы. Түр санына байланысты бірлестіктер бай және кедей болады. Бірлестік арасындағы өтпелі зона экотоп. Мысалы тоғай ортасына қарағанда жиегі өсімдіктер жамылғысына бай, құс, бунақденелілер ұя көп салады.

Биоценоздың кеңістік құрлымы

кеңістік құрлым- әр түрлі түрдің кеңістікте горизантальді немесе вертикальді таралуы. Оның 2 түрі белгілі: 1) ярустылық немесе вертикальді;

2) мозайкалық немесе горизантальді;

Slide 5

Ярустар

1) Ең биік ағаштар (шырша, қарағай)

2) бұталы ағаштар (шетен, ырғай)

3) бұталы ағаштар (итмұрын, тобылғы)

4) биік шөптесін (қымыздық, шайқурай)

5) аласа шөптесін (жатаған, яна)

Мозайкалық - адамның ормандағы ағаштарды кесуде жасанды жолмен пайда болуы мүмкін. Кесілген жерде жаңа биоценоз пайда болады.

Slide 6

Байланыс типтері

Қарым-қатынастар 4 типке жіктеледі: трофикалық, топикалық, форикалық және фабрикалық байланыстар.

1) Трофикалық (қоректік) байланыстар- бір түр басқа тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен қоректену. Ұшып жүрген насекомдармен қоректенетін құстар, қоңыздар, өсімдік шірнесінен жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі.

Slide 7

2) Топикалық байланыстар - бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық және химиялық өзгеруі. Мысалы: ішкі паратизм, жануар ішіндегі комменсализм. Топикалық байланыстар негізінде биоценозда консорциялар(тіркесім) -қандай да бір түрдің денесінде қоныстанатын әртүрлі организмдер топтары түзіледі. Топикалық және трофикалық байланыстар организм тіршілігінде үлкен рөл атқарып, биоценоздың дамуына үлес қосады.

Slide 8

3) Бір түрдің басқа түр арқылы таралуы - форикалық байланыс болып табылады. Әдетте таратушылар рөлін жануарлар атқарады. Жануарлар арқылы өсімдіктер тозаң, спора таралуын зоохария, ал майда насекомдардың таралуын форезия дейді. Тұқымды 2 түрлі жолмен пассивті және активті таратылады. Жануар денесіне абайсыз жанасу нәтижесінде жабысып таралуы пассивті таралу; жануар, құстар жеміс немесе жидек жеп, қорытылмай қалған тұқымның соңғы өнімдерімен сыртқа бөлініп таралуы активті таралу.

Slide 9

4) Организмнің өз інін, ұясын саларда басқа түрлердің өлі қалдықтарын пайдалануын - фабрикалық байланыстар дейді. Физиологиялық оптимум - бұл түрдің қарқынды көбеюі мен өсуіне ыңғайлы барлық абиотикалық фактор жиынтығы. Синэкологиялық оптимум - жаулары мен бәсекелестері тарапынан қысым аз болатын түрдің көбеюі үшін қолайлы биотикалық фактор жиынтығы. Мысалға, құстардың ұя салуы.

Slide 10

Негізгі терминдер және олардың мәні

Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын ағзалардың өзара қорек, тұрағы т. б. Ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым - қатынас көрнісі.

Жыртқыштық - қорек, аумақ т. б. Ресурстар үшін бірін-бірі, өлтіру, қуу, жеу көрінісі.

Паразиттік - бір түр өкілінің екінші бәр түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде тіршілік ету. Сыртқы (эктоп) және ішкі (эндоп) .

Симбиоз - екі түрге жататын ағзалардың ешбір зиян тигізбей селбесіп пайдалы тіршілік етуі.

Slide 11

Комменсализм - бір түрдік қоректік қалдығымен екінші ағза қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Мутдализм - әр түрге жататын ағзалардың бір - біріне қолайлы жағдай туғыза отыра селбесіп тіршілік ету. Зоохария - жануарларды орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарынкеңістікке тарату құбылысы. Аллелопатия - ағзалардың денесінен өзіне тән химиялық заттар арқылы қарым - қатынастар жасау жолы.

Slide 12

Назарларыңызға рахмееет!


Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
Экологиялық пирамидалар
Экологияның бөлімдері
БИОЦЕНОЗ БИОГЕОЦЕНОЗ
Экологиялық қауіпсіздік
Экология бөлімі
Түр аралық байланыс
Экологиялық пирамида
Жалпы экология пәні, міндеттері және құрылымы
Экология жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz