Күйік туралы


Slide 1

Қ. А Яссауй атындағы қазақ түрік халықаралық университеті СӨЖ

Күйіктер

Орындаған: Серикбаев М

Тобы: 409 ЖМ

Тексереген: Жүнісова Ж.

Slide 2

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекеттердің әсерінен туындайтын спецификалық зақымдарын айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Slide 3

Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды

термиялық,

химиялық,

элекртлік

сәулелік күйіктер деп ажыратады.

Slide 4 Slide 5

Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді:

І деңгей - беткей эпидермальді күйік, терінің қызаруы және ісік;

ІІ деңгей - терінің жоғарғы қабатының күйігі, қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады;

ІІІа деңгей - дермальді күйік, меншікті терінің зақымдануы, бірақ барлық қабаттар өзгеріске ұшырамаған, өсу қабаты мен тері қосалқылары сау қалады;

ІІІв деңгей - күйік терінің барлық қабаттарына тараған, өлеттеген қабыршақ түзіледі.

ІҮ деңгей - терінің және тері асты клеткаларының, бұлшықеттерінің, сүйектердің зақымдалуы. .

Slide 6 Slide 7

Күйікті емдеудің ерекшеліктеріне қарай және болжамына байланысты оларды екі топқа бөледі.

Бірінші топқа беткей орналасқан (І, ІІ, ІІІа дәрежелі) күйіктер

Екінші топқа терең орналасқан (ІІІв және ІҮдәрежелі) күйіктер жатады.

Slide 8 Slide 9

Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады.

Алақан әдісі - ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1 % құрайды.

Тоғыз ережесі бойынша - дененің ірі бөліктері дене беті ауданының 9 немесе 18 % құрайды. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады

Slide 10

Күйік ауданын тоғыз ережесі арқылы анықталуы

Бас және мойын аймағы - 9 %,

Кеуде- 9 %,

Іш - 9 %,

Дененің артқы жағы 18%,

Әр қол жеке есептеледі 9 %,

Сан - 9 %,

Тізе және сирақ - 9 %,

промежность и наружные половые органы - 1 % поверхности тела

Slide 11

Күйік жарасының морфологиялық көрінісі

Күйік жарасының ағымы жарақаттың тереңдігіне байланысты болады. І - ІІ дәрежелі күйікте серозды асептикалық қабыну, әдетте іріңдеумен асқынбайды және жедел қабынуды басқаннан кейін, міндетті түрде эпителиальді элементердің регенерациясы жүріп, жара жазылады. Күйіктің ІІІа, ІІІв және ІҮ дәрежелерінде жараның жазылу үрдісі басқаша болады. Күйік болған мезетте тіндер өлеттенеді, реактивті жарақаттық ісіну дамиды, іріңді демакарциялық қабыну пайда болады, регенерациялық кезеңі басталады. Регенеративті кезеңінде грануляция, эпителизация және тыртықтану үрдістері дамиды.

Slide 12 Slide 13

Клиникасы

Күйік ағымы бойынша 4 кезеңнен өтеді.

Күйік шогы

Жедел токсемия

Септикопиемия

Реконвалесценция

Slide 14

Күйік шогы кезеңі 24 - 48 сағатқа дейін созылады. Дене қызуы алғашқы 6 сағатта 37°С дейін жоғарылайды. Науқаста қызу, ауырсыну, мазасыздану болады. Тыныс алу беткей, жиі, пульс әлсіз жиі 140- 160рет минутына, АҚ төмендейді, терісі бозарып, аяқ қолы суып, денесіне суық тер шығып, олигурия, анурия болады.

Slide 15

Жедел токсемия кезеңі күйік шогінен шыққаннан кейін 4 - 12 күнге созылады. Интоксикация көрінісі болады. Плазма жоғалту және белок ткані ыдырауынан белок алмасуы бұзылады. Бактериемия, анемия, белок жетіспеушілігі және төменде көрсетілген асқынулар пневмония, диарея, стоматит, отитке әкеледі. ЭТЖ, плазмадағы қандық азот жоғарылап қанның ұюына қарсы жүйе жұмысы нашарлауы байқалады.

Slide 16

Септикопиемия кезеңі 30- 40 күнге созылады. Ауру біртіндеп күйіктен азады. Көлемі үлкен жара бетінен токсикалық заттар, микробтар қанға сіңіріліп тамыр ішіне түседі. 70% науқаста альбуминурия, цилиндрурия, нефрит артынан гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит дамуы мүмкін.

Slide 17

Реконвалесценция кезеңінде науқастың жалпы жағдайы жақсарып, жара жазыла бастайды. Терең күйіктер кезінде жара ұзақ жазылмауынан тыртықты контрактуралар дамиды

Slide 18

Күйік жарасының клиникалық көрінісі

І дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы дамиды, қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3- 4 күннен кейін эпидермистің жоғарғы қабаты кеуіп, қоюланып, қатпарланады да, түсе бастайды.

ІІ дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 7 - 14 күнге созылады.

Slide 19

І дәрежелі күйік

ІІ дәрежелі күйік

Slide 20

ІІ дәрежелі күйік

Slide 21

ІІІа дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ, ашық - қоңыр немесе ашық - сұр түсті қабыршақ пайда болады, ол демаркациялық жолақ түзіп, сау тіндерден ажырайды. Іріңді демаркациялық қабыну тері негізінің дәнекер тіні деңгейінде өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2 - 3 аптаға созылады.

Slide 22

ІІІв дәрежелі күйіктің негізгі 3 клиникалық түрін ажыратады.

Коагуляциялық (құрғақ өліеттену)

Жылудың әсерінен терінің жабысуы

Ылғал өліеттену

Құрғақ қабыршаққа қарағанда, жара ылғал өліеттенуден 10- 12 күн бұрын тазарады. Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі ақ түсті келлойдты тыртық пайда болады.

Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26

ІҮ дәрежелі күйіктер тері асты шел майы аз дамыған аймақтарда, ұзақ уақыт ыстық заттың әсер етуінен дамиды. Көбінесе бұлшықеттер, сіңірлер, сүйектер зардап шегеді. 13% жағдайда аяқ қол бөлігінің өліеттенуі байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде өтеді.

1) қою- қоңыр немесе қара түсті қабыршақтың түзілуі.

2) Көмірленіп күйюі.

3) Қамыр тәріздес ақшыл қабыршақтың пайда болуы.

Мұндай күйіктер өздігімен жазылмайды, сондықтан тереңдетілген некрэктомия және аяқ қолдың ампутациясы орындалады.

Slide 27 Slide 28

Көмірленіп күю.

Slide 29 Slide 30

Күйік кезіндегі алғашқы көмек

Сіздің бірінші қадамыңыз термиялық агенттің зақымдау әрекетін тоқтатуға бағытталған болуы тиіс. Жанып жатқан киімді не жұлып тастау немесе үстіне көрпе жабу қажет. Кейін киімді кесіп (шешпеу) алып, тастау керек. Термиялық күйіктер кезінде теріні тез салқындату үшін салқын су құйған дұрыс. Химиялық күйіктер кезінде зақымданған теріні алдымен 10-30 минут бойы судың көп мөлшерімен жуу керек, кейін - нейтралдайтын ертіндімен жуады: қышқылмен күйген кезде - сода ертіндісімен, сілтілермен күйген кезде - сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен шайады. Науқасқа 1-2 г ацетил қышқылын және 0, 05 г димедрол беру керек. Егер күйік ауданы 15 %-дан асып түссе, онда науқасқа кем дегенде ас содысымен және ас тұзымен 0, 5 л су беріңіз (1/2 шай қасық сода және 1 шай қасық тұз 1 л суға) . Күйік жараларына құрғақ стерильденген таңбаларды қойып, пациентті тезірек ауруханаға жеткізу керек.

Slide 31

Емі

Күйік шогын алдын алу және емдеу

Организмнің иммунитетін жоғарылату

Індетпен күресу

Күйік жарасын жергілікті емдеу

Slide 32

Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1дәрежедегі күйік)

Күйіктен көп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға салу керек. Жараның өзін және шеттерін 70% этил спиртімен өңдейді, содан кейін балық майымен немесе 5% синтомицин эмульсиясымен таңып қояды. Кейбір жағдайларда залалсыз құрғақ таңғыш салынады. І дәрежелі күйіктер тыртық қалдырмай аптаның ішінде жазылады.

Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)

Күлдіреген жерді тесуге болмайды. Вазелинді қайнатып стерилдеп, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салады. Егер вазелин жоқ болса, күйікті ашық күйде үстау керек. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқада майларды жағуғу болмайды. Таңғыш салмай ашық емдеу әдісі ауада инфрақызыл сәулелері бар бөлмелерде, арнайы аэротерапевтік қондырғыларды (АТҚ) немесе залалсыз жылы ауа ағыны бар изоляторларда жүргізіледі. АТҚда 30-32°С қа дейін жылытылған залалсыз тік ламинарлы ауаның ағыны жіберіледі. Осы әдістерді қолданғанда жараның бетінде қабыршақ жылдам түзіліп, ІІ және ІІІ дәрежелі күйік болсада, жара жазылғанға дейін сақталады немесе оданда терең күйіктерде демаркациялық жолақ пайда болғанда хирургиялық жолмен кесіліп алынады.

Емі

Slide 33 Slide 34

Терең күйік жарақаттары

Теріні бүлдіріп, дененің ішкі ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді.

Күйік жарасының бетін құрғатып кептіру, тез арада терең өлі еттенген аймақтарды анықтап некрэктомия орындауға мүмкіндік береді. Ол үшін 5-7ші күннен бастап құрғақ қабыршақтың үстіне некролиттік қасиеті бар танғыштар салынады. Содан кейін өлі еттенген тіндерден тазарған жараның бетіне тесілген, торлы ксенотерінің кесінділерін қояды немесе жұқа қабатты антибактериальды майды жағады. Бірнеше күн өткеннен соң аутодермопластика орындалады.

Некроэктомиядан соң пайда болған үлкен көлемді ашық жараны тері трансплантатымен жабады. ІІІв дәрежелі күйіктердің көлемі 100см2 аспаса ғана өздігінен жазылуы мүмкін. Жақсы нәтижеге аутотрансплантация жасағанда жетеді. Үлкен көлемді күйіктерде арнайы өңделген және консервіленген мәйіттің терісін қолдануға болады (аллотрансплантация) . Кейбір жағдайларда жараның бетін ксено терімен уақытша қаптайды немесебрефопластика (эмбрион терісін) пайдаланады. Бұл плазманың жоғалуының алдын алады. Осы мақсатпен жасанды теріні де қолдануға болады. Ол коллаген қабатынан және селиконды пленкадан тұрады және ауа откізетін қасиеті бар.

Slide 35 Slide 36

Күн сәулесінен болған күйіктер жай және білдірмей теріні зақымдайды. Әсіресе кішкентай балаларда бірнеше сағат ішінде терісі қызарып, құрғап, ысып, ашиды және аз уақыттын ішінде түлей бастайды. Бала мазасызданып жиі жылап ұйқышыл болады.

Алғашқы көмек мұздай сумен шаю, ылғал матаны денеге жабу. Терінің ыстығын басу үшін алое, огурцы, қызанақ шырынын және суыған қызыл шайдыденеге жағуға болады. Сонымен қатар күйгеннен кейін жағуға арналған косметикалық заттарды және медициналық аэрозольдарды қолдануға болады.

Науқаста күюден сусыздану болмас үшін көп мөлшерде сұйықтық беру керек.

Slide 37 Slide 38 Slide 39

Электрожарақат


Ұқсас жұмыстар
Инфрақызыл сәуле
Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар
Жарақат түрлері
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Күйік шогы
Радиациялық күйіктер
Қан кету
Термиялық жарақаттар
Күйік түрлері
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz