Абай Құнанбай
Презентация қосу
Құрметті Оқырмандар! Біз бүгін сіздермен қазақтың ақыны, әрі ойшылы Абай
атамыздың Жидебайдағы музей үйіне саяхат сабақ өтеміз.
Ас үй жез күміс самаурындар артқы жағында 41 лт самаурын а қынны ң 150
жылдық мерей тойына Абай совхозының қазіргі биатай ауылыны ң е ңбекшілері сый ға
тартқан. Құнанбай үйінде бұндай самаурынкөп болған, бірақ 1931 -1937 жылдарда ғы
зобалаңда жоғалып кеткен.
Алаша жер үстел, беті сүйекпен әшекейленген ағаш төсек ет таба қ, құрт езетін
ағаш астау қымыз ожау үлкен қымыз кесе, шағын сары аяқ тегенелер Абай заманына
сай жиналған.
Абай осы бөлмеде қонақтарын қарсы алған. Еденде сырмақ, кілем құс жасты қтар
қабырғада ілулі тұрған кілем Айгерімнің жасауынан келген.
Қыл қобыз Көкше руынан шыққан Шақар бақсының қобызы.
Ертеде қазақтар қайтыс болған бақсы- балгерлерді көп
зираттан бөлек өз қобыздарымен жерлеген. Ұлы Абай
«Моласындай бақсының жалғыз қалдым тап шыным» деуі тап
осыны меңзегендей.
Саты бақсы қайтыс болғанда Абай қобызын бірге
жерлетпей сұрап алып, 1895 жылы Семей облыстық музейіне
Долгоболов деген орыс жолдасы арқылы өткізеді.
Орталық буында сол жақ бұрышта
Абайдың Айгерімге арнап жасатқан күміспен
күптелген асыл тастармен безендірліген ер
тоқымы.
Батыс Сібір генерал-губернаторы Таубен
1890 жылы бірнеше болыс билерге сыйлықтар
тапсырады. Абайдың ақылдылығын,білімділігін
ел арасында беделдігін білген қабырғада ілулі
тұрған үш ауызды неміс мылтықты Шыңғыс
болсына сыйлы адамы құрметті азаматы деп 1890
жылы 25 құркүйекте № 89 бұйрығы бойынша
Абайға сыйға тартқан.
Құнанбай 1874 – 1877 жылдары Меккеге барғанда киген та қия осы. Меккеден
келен ел түсіп жүрсін деп өз қаражатына Тәке деп аталтын қона қ үй салдыр ған. Б ұдан б ұрын я ғни 1849
жыл Қарақаралыда мешіт үлкен медресе тұрғызды. Ол мешіт Құнанбай мешіті деп аталады.
Жер үстелдің үстіндегі қымыз теген қымыз ожау үлкен шыны кеселер к үміспен әсемделген
кішкене тотағандар Абай үйінің ыдыстары. Төрдегі фотосуретте Абай ұлдары А қылбай ,Т ұра ғұл 1895
жылы түскен.
Қазақы оюлармен өрнектелген ағаш төсек Айгерімнің т өсегі. Пеш алдында ғы жез легенмен
Бұқараның қаз мойынды жез құманды Абайдың анасы Ұлжан ана т ұтынған ыдыстар.
Абайдың Семейдегі мемериалдық музейі 1940 жылы ашыл ған. Музей қалады ғ с әулет
өнерінің көркем ескеркіштеррінің бірі болып саналады. Ұлы а қын өмір с үрген д әуір үлгісімен
салынған. Музей экспозициялары рет – ретімен 7 б өлмеге қойыл ған. Келушілер ұлы ойшыл, а қын
ағартушы демократ қазақтың жазба әдебиетіні ң әдебиет тіліні ң негізін салушы Абай Құнанбаевты ң
өмір жолымен, творчествосымен таныса алады.
Музей экспозициясында Ақын үйінің дүние-мүліктері, орыс
және араб әріптерімен абай қол қойған документтердің түп–
нұсқалары Абай дәуірінің оның қоғамдық қызметінің
сипаттайтын этнографиялық және архив материалдары шығыс
классиктерінің сирек ұшырасатын басылымдары, батыс
философтарынңың шығармалары ақын замандастарының
естеліктері, суреттері, фотографиялары, мүсіндері кеңінен
көрсетілген. Абай дәуірі залында мүсінші Элбакидзе салған
мүсінімен танысасыздар.
Қыранша қарап қырымға
Мұңмен зарды қолға алып
Тектеніп надан зұлымға
Шиіршік атар толған ат
Әділет пен ақылға сынатып көрген
Солардың білгенін
Білдірер алыс жақынға сөйле, –
дегендей ақынның өзі айтқандай ой толғанысқа түсесіздер.
Семейдегі Ә.Молдабаев үйіндегі Абайдың жұмыс бөлмесімен
танысасыздар сондай-ақ экспозицияның келесі бөлімінде
Абайдың достарымен МИхайлес, Долгополов, Прос,
Лобановский, Коншиндердің суретін фото көшірмелерімен
таныссасыздар.
Абай өзінің қолымен өткізген этнографиялық заттардың
коллекциясында кездесетін бұйымдарды көресіздер. Кебеже,
айбалта, себеттер мен торсықтар, тағы басқа. Экспозицияда
ақынның әр қырлы прозаик, лирик, аудармашы,
коспозиторлық талантын ашып көрсетеді. Абай
шығармашылық еңбектеріне ерекше мән берілген. 1909 жылы
Санк-Петербургта шыққан Абай өлеңдерінің жинақтарының
түп нұсқасын көресіздер. Сондай-ақ көптеген
аудармаларымен таныс боласыздар.
59 жыл өмір сүріп, 1904 жылы 21 маусымда Шыңғыстың
Балшақта жайлауында қайтыс болған Абай Құнанбаев осы
Жидебайдағы Оспан зиратының қасына жерленді. Бұл
зираттар ұлы ақынның 150 жылдық мерейтой қарсаңында
мавзолей кешені үлгі жобасында қайта салынып, қазіргі қос
мұнаралы мавзолейлер кешені ғимаратына айналды.
Мавзолей мұнараның ортасынан жабдықталып салынған
Анфитеатр түрлі кештер, ойын сауықтар, өнер жастарының
жарысын өткізетін орынға айналды. Алаңның ені 65 метр,
ұзындығы 200 метр, биіктігі 5 метр. Алыстан қарағанда
Мавзолей кешені ғимараты Сахара дала кеңістігінде жүзіп
бара жатқан қос желкенді кемеге ұқсайды. Ұлы Абай ой
мұхитына жүзіп бара жатқандай.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz