Етістіктен өткенді қайталау туралы ақпарат




Презентация қосу
Етістіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік.Етістік туралы алған білімдерін
пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге
үйрету.
Ә)Дамытушылық.Сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Шығармашылық қабілеттерін дамытуға
ықпал жасау.
Б)Тәрбиелік.Талдауға алынған мысалдар
арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.
«Біліміңді байқап көр»

1-деңгей.
• Етістік дегеніміз қандай сөз табы?
• Етістік құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай қандай
түрлері бар?Мысал келтір.
• Есімше дегеніміз не,қалай жасалады?Мысал келтір.
• Көсемше дегеніміз не,қалай жасалады?Мысал келтір.
• Етіс дегеніміз не,қандай түрлері бар,қалай жасалады?
• Етістіктің шақтары туралы не білесің?Мысал келтір.
• Болымды,болымсыз етістік дегеніміз қандай етістік түрлері?
Мысал келтір.
• Сабақты,салт етістік дегеніміз қандай етістік түрлері? Мысал
келтір.
• Тұйық етістік дегеніміз не?Мысал келтір.
2-деңгей. «Сен қалай ойлайсың?»

• Тілін білмеген түбін білмейді.
(Ғ.Мүсірепов)
• Туған жердей жер болмас,
• Туған елдей ел болмас.
• Жеңіл еңбекпенен бақытты бола алмайсың.
3-деңгей 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім. Шығармашылық жұмыс
«Мені әңгімеле».Дарынды оқушылар суретке өз
беттерімен тақырып қойып,етістіктерді
қатыстырып,5 минут уақыт ішінде қысқаша
әңгіме құрайды.
2-бөлім. «Балық аулау» ойыны
1.Балық.
Дара етістіктерді ата.
Жазып отыр,келді,жүгіріп
келеді,жуынды,оқыды, айтып
болған еді,тереді,сөйле.
2.Балық.
Есімше етістіктерді ата.

Айтқан,келді,келетін,сөйлер,
бармайды,барған,оқитын еді,
жазар.
3.Балық.
Көсемше етістіктерді ата.

Келіп отыр, айтты, жүргізді,
жазғалы отыр,айтыпты, келеді,
еритін, жапқалы,санай,алып
барады.
4-деңгей. «Жоғалған сөз,шешімін тап»

• Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау ... тірі жанды.
• Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар ...
• Сағымы сайран ...
• Бораны ...
5-деңгей.Морфологиялық талдау.

1-топ. Домбыраны қолға алсам,
Ағылған жыр мен күй көрсем.
(Жамбыл)
2-топ. Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
(Абай)
3-топ. Мал өсірсең,қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
(Мақал)
6-деңгей.Тест.
1. Өздік етісті тап.
а)Азамат киінді. ә)Егін егілді. б)Бақша суарылды. в) Ұн еленді.

2.Өзгелік етісті тап.
а)Сөзді шын тоқтатар.
ә)Сүйреңдеген тіл сырын жасыра алмас.
б)Мақал сөздің сәнін келтіреді.
в)Сөз қуған бәлеге жолығар.

3.Қай сөйлемде ортақ етіс бар?
а)Жиналған жұрт өзара әңгімелесті.
ә)Сен туралы жұрт жақсы сөз айтсын десең,
Жұрт туралы өзің де жақсы сөз айт.
б)Дананы қатты сыйлап,сөзін сүйген,
Білімін аз-көп болсын ойға түйген.
в)Сөзі өтірік адамдардан алыс дүр,
Жолмен тура,шыншылдықпен өмір сүр.
4.Көп нүктенің орнына есімшенің қай жұрнағы лайықты?
Жақсылықты көп қуған
Бақ-дәулетке жолығ...
а)-ған ә)-ер б)-атын в)-с

5.Мына көсемшелердің қайсысы жіктелмейді?
а)айтып ә)барып б)айтқалы в)бара

6.Қай сөйлемде көсемше бар?
а)Нағыз тәтті ұйқының шағы да.
ә)Бүкіл тұла бойы маужырап ұйып,дәл осы күйде талықсып ұйы қтап жата бергісі
келеді.
б)Сатай көзін қайта жұмды.
в)Бас жағынан тағы да әкесінің даусы шықты.

7.Көп нүктенің орнына есімшенің қай жұрнағы лайықты?
Жамандықты көп қуған
Бір бәлеге жолығ...
а)-ған ә)-ар б)-атын в)-с
Дұрыс жауаптары:
1.А
2.Б
3.А
4.Ә
5.Б
6.Ә
7.Ә
IV. Сабақты бекіту

Негізгі Туынды Дара
Күрделі

Тұйық
Болымды

Көсемше Етістік Болымсыз

Есімше
Салт
Сабақты
Етіс
Үйге тапсырма.
1-топ.268-жаттығу.
2-топ.Мақал-мәтел,өлең жолдарынан
үзінді жазып, мағынасын ашу,
етістікті табу.
3-топ. «Қыс кереметі» атты шығарма
жазу.

Ұқсас жұмыстар
Абай ауылы
Тұйық етістік тапсырмасы
САҚ ПАТШАЛАРЫ
Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет
Етістік ағашы
Алғанда қалай
Етістікті бекіту сабағы. Презентация. 6-сынып
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары
Қысым тақырыбына есептер шығару
Көкшетау І.Жансүгіров
Пәндер