Шешендік өнер




Презентация қосу
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Шешендік өнер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып
арқылы тілін дамыту, тіл байлығын
жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін
ортаға салу, ой қорытындысын жасау
қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу
дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер
арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын,
дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
1. Сұрақ-жауап арқылы
тақырыпты ашу:
– Шешендік өнер дегеніміз не?
- Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің
шығуымен, қалыптасуы.
– Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
- Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда

болуына байланысты.
– Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде

қалай атайды?
- Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде
риторика деп атайды.
– Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған?
- Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим
империясынан басталған.
– Оның алғашқы негізін салушы кім болған?
- Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор
болған.
– Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді
аламыз?
- Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз

әл- Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.
- Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға
болады?
- Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға
болады.
2. Қазақ шешендік өнерінің
ерекшеліктері.
Біріншіден: қазақ шешендерінің
сөздері қағазда емес, ауызда, халық
жадында сақталған. Сондықтан олар
сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан
–ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл
қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен
әр жерде әр түрлі адамның атынан
айтылатындығы. Демек, шешендік
сөздерді алғашқы айтушы жеке
адамдар болғанымен, оны кейін
өңдеген де, сақтаған да халық болды,
сондықтан оның авторы да - халық.
3. Шешендік сөздердің түрлері
а) Жаңа сөздермен жұмыс.
мысал
арнау ––посвящение
басня
толғауқ – размышление
затты вещественный
рухани-
дау-спордуховный
ә
сын
дет-обычай
– критика
құ
әзіл
ндылы қ–
– шутка ценность
тап қырлы
бата- қ - находчивый
пожелание
нақыл – изречение, назидание
Шешендік сөздердің түрлері
Шешендік арнау
Шешендік толғау
Шешендік дау
Шешендік сөздердің құндылығы
Қазақ халқының
атақты шешен-билерімен
танысу
Төле би 1663 - 1756
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу
өзенінің жағасында, Жайсаң
жайлауында дүниеге келген, 1756
жылы Шымкент облысы, Ленгір
ауданының Ақбұрхан деген
жерде қайтыс болған. Қазақтың
қоғам қайраткері, атағы жер
жарған шешені, Ұлы жүздің бас
биі, "Жеті жарғыны"
жасаушылардың бірі. Құдайберді
әулетінің өкілі болып табылатын
Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім
би де, бай де болмаған. Төле
бидің ата-бабалары қарапайым
шаруалар екен.
Қазыбек би 1667 – 1763
Қазақтың атақты биі. Қазақ
жүздерін басқаруды реттеу
ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің
биі етіп Төле биді, Кіші жүзге
Әйтеке биді, Орта жүзге
Қазыбек биді тағайындайды.
Халық ауыз әдебиетінде
сақталып қалған аңыздар мен
кейбір архивтік мәліметтер
бойынша, Қазыбек би
Келдібекұлы "Тәуке хан
заңдарының жинағын" өңдеуге
қатысқан
Әйтеке би 1689 - 1766
Әйтеке Байбекұлы - қазақ
халқының бірлігін нығайтуға үлкен
үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері. Әлім
тайпасының Төртқара руынан
шыққан. Әмір-Темірдің бас
кеңесшісі Ораз қажының бесінші
ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек,
қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф
буа" (жаны пәк жан) атаған
Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы.
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің
сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім
хан тұсында Самарқанды билеген
Жалаңтөс батырдың немересі.
Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы
«Жеті жарғыны» жасауға
қатысқан.
Ұлағатты сөздер сайысы.
Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз.

(Э.Ренан).
.... Сөз өнері, сөз жоқ , ардың ісі. (М.Шолохов)
Адам сөзді шыңдай білген жағдайда ғана шешен болады.
(Қайқауыс).
Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды,
көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың.
(М.Горький).
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам
толық мәнді интеллигент емес. (М.Әуезов).
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт –
санасының белгісі.
( Б.Момышұлы).
“Вен” диаграммасымен жұмыс
Үйге тапсырма:
Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша
түсінік.
Шешен – билердің сөздерін жаттау.

Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнерді насихаттау жолдары
Оқушыларды шешендік өнерге бейімдеп оқыту
Шешендік сөйлеу
ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шешендік сөздің сазы
Шешенге қойылатын талаптар
АРИСТОТЕЛЬДІҢ РИТОРИКАСЫ
Шешендік сөздердің құндылығы
Шешендік шеберліктің маңызы
Сөз өнері
Пәндер