Қасым Аманжолов Ақын өлімі туралы аңыз


Slide 1

Қасым Аманжолов

“Ақын өлімі туралы аңыз”

Slide 2

Білімділік: поэманың сюжеттік мазмұнын ашу, композициясына және көркемдік ерекшелігіне талдау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін арттыру, ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету, танымдық іс-әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ерлікке, батырлыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

Slide 3

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, топтастыру, сөзжұмбақ, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, бейнебаян, кесте, топтама.

Slide 4

Б а р ы с ы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Қасым Аманжолов “Өзім туралы” өлеңінен үзінді жаттау

Топтастыру

Қорыту

Сөзжұмбақ

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәнерлеп оқу

Тақырыбы мен идеясы

Сюжеттік құрылымы

Әдеби-теориялық ұғым

Бекіту (сұрақ-жауап)

Үйге тапсырма

Бағалау

Slide 5

Үй тапсырмасын сұрау.

Қасым Аманжоловтың “Өзім туралы” өлеңінен үзінді жатқа айту.

Slide 6

Топтастыру

ақын

дастаншы

сазгер

әнші

патриот

жауынгер

қоғам қайраткері

аудармашы

Slide 7

Қорыту

“Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр”

Т. Ахтанов

Slide 8

Сөзжұмбақ

Қасым Аманжолов кім?

Поэмасының аты.

“Өртке тиген . . . . . өлеңімді”

Ақынның тегі кім?

Ақынның туған жері қалай аталады?

Отанды сүюге арналған өлеңі.

Ақынның әкесінің аты кім?

Slide 9

Жаңа сабақ

“Ақын өлімі туралы аңыз”

Ақын поэмасын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда қапылыста мерт болған досы Абдолла Жұмағалиевке арнаған. Ата жаумен арпалысқан ұланды ұлы ететін, жаужүрек батыр ететін оның Отанына деген махаббаты. Елін, жерін сүйген адам ғана батырға айналады!

Slide 10

Поэзия минуты

“Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын мәнерлеп оқу

Slide 11

“Ақынның соғыс тақырыбына жазылған жақсы өлеңдерінің ең биік шоқтығы «Абдолла». Бұл батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ болып атылған, от болып шашылып тұрған оптимистік трагедия”

Әбділдә Тәжібаев.

Slide 12

Поэманың тақырыбы мен идеясы

Поэма соғыс тақырыбына жазылған. Себебі поэма Ұлы Отан соғысының аспан айналып жерге түскендей сәттерін көз алдымызға жайып салады. Поэмада саяси-тарихи арпалыс пен майдан даласындағы тарихи әлеуметтік шындық бейнеленген.

Идеясы. Отан басына төнген қасіретті күндерде жауға қарсы соңғы демі біткенше күрескен батырлардың ерлігі өшпейтіндігін, ақынның өлмейтіндігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Slide 13

Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы

Басталуы:

Сұрапыл соғыс суреті

Байланысуы:

Шиеленісуі:

Шарықтау шегі:

Шешімі:

Найзаға іліп ар-ұятты,

Келе жатты сұм жендеттер

Кеудені кернеген ашу-кек

Батырдың жан қиналысы

“Мен бе екенмін болар тұтқын”

“Аялдамай жалт берді өмір”

“Таптатпан, - деп күліп жауға”

Slide 14

Абдолла

Кейіпкері

Қасымның досы

ақын

қайсар

батыр

патриот

намысшыл

жауынгер

қайратты

Slide 15

Әдеби-теориялық ұғым

Ойшыл орман мүлгіп-қалғып,

Күн де шомды ұлы ұйқыға.

Бұлтын жиып көкірегіне,

Күрсінді бір аспан ауыр.

Қос қанатын соғып жерге,

Азланып жетті дауыл. (кейіптеу)

Қанды пышақ-жау күлкісі (метафора)

Килодай қорғасын, жараланған жолбарыстай ( теңеу)

Аударды бір отты көзін (эпитет)

Кекті зіл, қорғасын бұлт (эпитет)

Бұл емес ед көксегенім,

Бұл емес ед арман-арман!

Осы-ақ болды келген қолдан,

Осы-ақ болды-ау, әттең, шіркін (анафора)

Slide 16

Сөздікпен жұмыс

1. Нұх-пайғамбар аты.

2. Прометей - от құдайы.

3. Қызойнақ-жастардың бас қосқан ойыны.

4. Гүрзі - соғыс қаруының аты.

Slide 17

Б е к і т у

1. Сұрақ-жауап

1) Поэма неге “Ақын өлімі туралы аңыз” деп аталады?

2) Абдолла өлімі - өмірді жеңген өлім бе, өлімді жеңген өмір ме?

3) Абдолланың Отанына деген махаббатынан, жауға деген айбарлы үнінен ақын Қасым, жауынгер Қасым үнін естуге бола ма?

4) Поэмадан Абдоллаға арналған бейнелі сөздерді табыңдар.

2. «Қасымның бұл поэмасынан қанды майданда жараланған жолбарыстай жаумен отымен жағаласқан от жанарлы жауынгер бейнесін көреміз. . . Поэма оқушыны тартып, кейіпкерге ыстық сезімін тудыратын, ерлік істерге баулитын шығарма»

Қалижан Бекхожин.

Slide 18

Үйге тапсырма

1. Поэманы оқу, үзінді жаттау, Абдолла ақынға хат жазу

2. Әбділда Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы іздену.

Slide 19

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов
Қасым Аманжоловтың отбасы
Қыран қанатты ақын. Қасым Аманжолов
Ә.Тәжібаев "Сырдария"
Қасым Аманжолов (1911-1955)
Қазақта Қасым бір туар
Дабылды жырдың дауылпазы»
Өлең туралы толғанысы
ЖАС ДӘУРЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz